Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Көмірсу алмасуға қатысады



бет43/115
Дата07.05.2023
өлшемі358,77 Kb.
#90892
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   115
1.Көмірсу алмасуға қатысады. Қан арқылы келген артық қантты гликогенге айналдырып, қор етіп сақтайды.
2.Бауыр ақуыз алмасуына қатысады. амин қышқылдары дезаминденіп, мочевина түзіледі. Қан белоктары: альбумин, глобулин, фибриноген түзіледі.
3.Май алмасуға қатысады: оның тотығуы нәтижесінде кетондық заттар пайда болады, сондай-ақ май қышқылдарынан фосфолипид түзіледі.
4.Витаминдер алмасуына қатысады. Мұнда А витамині түзіледі. Майда еритін дәрумендер алмасуы осы жақта өтеді. Кейбір дәрумендер бауырда қор болып жиналады.
5.Өт түзу қызметі: кейбір заттар өтпен бірге сыртқа шығарылады.
6.Бауыр ұрықтың дамуының бірінші айында пайда болып, тез өседі, сондықтан да салыстырмалы салмағы көбірек болады. Екі ай толғаннан кейін, бауыр қан жасайтын мүшеге айналады. Бала дүниеге келгеннен соң, ол жұмысын тоқтатып, қан қоймасы ретінде айналасындағы барлық қанның 20 - 30%-ын тамырға айдап отырады.
8.Гомеостаздың тұрақтылығын сақтайды.
9.Терморегуляция, яғни ағзадағы жылуды реттеуге қатысады.
10.Дененің қорғаныс қызметіне қатысады-мұнда иммундық жүйеге қатысатын бірқатар глобулиндер түзіледі.Нәрестенің құрсақта дамуы кезінде В- лимфоциттер, Т- супрессорлар бауырда жетіліп, қанға түседі.
11.Пигменттер алмасуға қатысады-өт құрамындағы билирубин пигменті ішекте стеркобилин мен уробилинге ыдырайды.
12.Бауыр уыт қайтарғыш мүше- Ішектен қақпа венасына өткен улы заттар бауырда бейтараптанады.


Өт қуығы, орналасуы, құрылысы мен қызметі.
Бауыр жасушалары тәулігіне 1л жуық өт өндіріп, ішекке бөледі. Өт бауырда үзіліссіз өндіріліп, ал ішекке тамақтың түсуіне байланысты тамып отырады. Өтті жинап, керекті кезінде ішекке жіберіп отыратын өт қуығы, vesіca bіlіarіs, болып табылады. Өт қуығы бауырдың оң бойлық жүлгесінің алдыңғы бөлігінде орналасады. Оның құрсақ қуысына қарай шығып тұрған азғана бөлігі ішастармен қапталады. Өт қуығының пішіні алмұрт тәрізді, сыйымдылығы 40-60мл жуық. Өт қуығының түбі, денесі және мойны болады. Өт қуығының мойны бауыр қақпасына бағытталып өт қуығы түтігіне, ductus cystіcus, ұласады. Өт қуығы түтігі жалпы бауыр түтігімен қосылып жалпы өт түтігін түзеді.
Өт қуығының қабырғасы үш қабаттан тұрады: шырышты, бұлшықетті және адвентициялық қабаттар. Шырышты қабаты бір қабатты призма тәрізді эпителиймен астарланған. Шырышты қабаты суды сіңіріп, қуық денесінде қатпарлар түзеді, ал түбі мен мойны аймағында спирал тәрізді қатпарлар түзеді. Бұлшықетті қабаты тегіс ет талшықтарынан түзілген.
Өттің ағу жолдары.Өт бауырда тәулік бойында түзілгенмен ішекке қажет кезінде ғана тамады да, ал қалған уақытта өт қуығына жиналады. Бауырда түзілген өт жалпы бауыр түтігі арқылы жалпы өт түтігіне өтеді. Егер Одди қысқышы жиырылып, өтті ішекке өткізбесе өт қуығы түтігі арқылы өт қуығына қарай ағып, сол жерде жиналады. Асқазанға тамақ түскенде рефлекторлы түрде өт қуығы қабырғасындағы бұлшықеттер жиырылып өтті айдайды, осыған сәйкес Одди қысқышы да босаңсып өт ішекке тамады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет