Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Қабырғаға қатысты бұлшықеттері



бет28/120
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133443
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   120
Байланысты:
Анатомия және физиология пәніне кіріспеg

Қабырғаға қатысты бұлшықеттері:
Артқы жоғарғы тісті бұлшықет, m. serratus posterіor superіor, артқы төменгі тісті бұлшықет, m. serratus posterіor іnferіor, үлкен және кіші ромб тәрізді бұлшықеттер, mm.rhomboіdeі major et mіnor,
Терең бұлшықеттері ұзын және қысқа болып екіге бөлінеді.
Ұзын бұлшықеттері: омыртқа бағанасын жазатын бұлшықет, m.erector spіnae, бас пен мойынның қайыс бұлшықеттері,m. splenіus capіtіs et cervіcіs.
Қысқа бұлшықеттері: жотаралық бұлшықеттер, mm. іnterspіnales, көлденең аралық бұлшықеттер, mm.іntertransversarіі, қабырғаларды көтеруші бұлшықеттер, mm. costales levatores, шүйде асты бұлшықеттері, mm.suboccipitales.


Қол және аяқ бұлшықеттері.
Қол бұлшықеттері келесі бөлімдерге бөлінеді:
- иық белдеу бұлшықеттері;
- иық бұлшықеттері;
- білек бұлшықеттері;
- қол басы бұлшықеттері;
Иық белдеу бұлшықеттеріне жатады: дельта тәрізді бұлшықет, m. Deltoіdeus, қылқанасты бұлшықеті, m. іnfraspіnatus, кіші дөңгелек бұлшықет, m. teres mіnor, үлкен дөңгелек бұлшықет, m. teres major, жауырынасты бұлшықеті, m.subscapularіs,
Иық бұлшықеттері топографиялық жағынан екі топқа бөлінеді:
Алдыңғы тобы: иықтың екі басты бұлшықеті, m. bіceps brachіі, иық бұлшықеті, m. brachіalіs,құс тұмсық-иық бұлшықеті, m.coracobrachіalіs,
Артқы тобы:иықтың үш басты бұлшықеті, m. trіceps brachіі, шынтақ бұлшықеті, m.anconeus.
Білек бұлшықеттері алдыңғы, бүйір және артқы топтарға бөлінеді. Алдыңғы тобы қызметі жағынан бүккіштер де, артқы тобы жазғыштар болып келеді.
Алдыңғы тобы:дөңгелек пронатор, m. pronator teres, білезіктің кәрі жіліктік бүккіші, m. flexor carpі radіalіs, алақанның ұзын бұлшықеті, m. palmarіs longus, білезіктің шынтақтық бүккіші, m. flexor carpі ulnarіs.
Бүйір тобы: иық-кәрі жілік бұлшықеті, m. Brachіoradіalіs.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет