Асықты жіліктің алдыңғы бұлшықеті, m.tіbіalіs anterіor,бақайлардың ұзын жазғышы, m. extensor dіgіtorum longus.
Артқы тобы: сирақтың үш басты бұлшықеті, m. trіceps surae, жалпы бір сіңірге жиналатын үш басынан: балтыр бұлшықеті мен камбала тәрізді бұлшықеттерден тұрады. Балтыр бұлшықеті, m. gastrocnemіus, және камбала тәрізді бұлшықет, m. Soleus, табан бұлшықеті, m. Plantarіs.
Қозғыш тіндердің жалпы қасиеттері, өлшемдері.
Тірі ағзада тіндерді "қозғыш", "қозбайтьн" деп екі топқа бөлуге болады. Қозғыш тіндерге жүйке, бұлшықеттер, сөл бөлетін бездер, ал "қозбайтын" тіндер қатарына дәнекер тін, шеміршек, терінің беткей тіндер эпителийлері жатады.
Қозғыш тіндерде үш қасиет бар:
1.Қозу;
2) Қозуды өткізу;
3) Жиырылу;
Тітіркендіру әсерінен қозғыш тінде қозу үрдісі туады. Тін қозған кезде зат алмасуы әдеттегіден күшейеді, жылу шығару деңгейі артады, қимыл әрекеттері туады. Қозған тін өзіне тән қызметін атқара бастайды: ет жиырылады, ширығады, жүйке қозу өткізеді, бездер сөл шығарады.
Қозғыштық дәрежесін анықтау үшін бірнеше өлшемдер қолданылады:
1.қозу табалдырығы;
2.әсердің пайдалы уақыты;
3.хронаксия;
4.лабилдік;
5.аккомодация жылдамдығы.
Қозу табалдырығы (реобаза) деп қозу үрдісін тудыратын тітіркендіргіш күшінің ең аз өлшемін айтады.
Әсердің пайдалы уақыты. Тітіркендіргіштің әсері, оның күшіне ғана байланысты емес, әсердің ұзақтығына да байланысты болады.
Хронаксия. Хронаксия деп тінді қоздыратын екі реобазаға тең күш әсерінің ең қысқа уақытын айтады.
Лабилдік. Лабилдік -белгілі тіннің қозғыштық дәрежесін көрсететін өлшемдердің бірі.
Аккомодация жылдамдығы. Аккомодация лат. - ассоmodatіо -бейімделу. Белгілі бір тінді, ағзаны қоздыратын токтың әсері оның күшіне, әсер еткен уақытына ғана байланысты емес, токтың үдеу жылдамдығына да байланысты. Егер әсер ететін тоқтың күшін біртіндеп жәй күшейтсе, ол көп жоғарылатылса да тін қозбауы мүмкін. Тоқ күшінің үдеуіне тін бейімделіп үлгереді. Қозғыш тін ток күшінің үдеуіне бейімделгіш келеді. Демек, аккомодация жылдамдығы тіннің қозғыш дәрежесін сипаттай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |