Бұлшықеттердің қосалқы аппараттары Бұлшықеттердің қосалқы аппаратына бұлшықеттердің жұмысын жеңілдететін түзілістер: шандырлар, сіңірлер, синовиалды қынаптар жатады.
Шандырлар, fascіa, бұлщықеттердің сыртынан қаптайтын дәнекер тінді қабық. Ол тығыз талшықты дәнекер тінінен тұрады, қалыңдықтары әр түрлі болады. Дененің кейбір аймақтарында шандырлар бірнеше жапырақшалардан тұрады.
Сіңірлердің синовиалды қынабы кәрі жілік білезік, сирақ аяқ басы буындарында кездеседі. Бұл жерлерде шандырлар қалыңдап, сүйекті–фиброзды өзектер түзеді. Бұл өзектерден бұлшықеттердің сіңірлері өтеді. Әр бір қынап ұзына созылған екі жапырақшадан тұрады.
Синовиалды қалталар-ішінде сұйықтық болатын қалташық пішінді, олар буындарға жақын бұлшықеттердің немесе сіңірлердің астында орналасады. Кейбір қалталар буын қуыстарымен байланысады.
Бас және мойын бұлшықеттері
Бас бұлшықеттері, mm. capіtіs, екі топқа бөлінеді: ымдау және шайнау бұлшықеттері. Ымдау бұлшықеттері жиырылғанда бетте әжімдер пайда болады да, шайнау бұлшықеттері жиырылғанда төменгі жақ сүйегін көтеріп-түсіру арқылы шайнау процесі жүзеге асады. Ымдау бұлшықеттері жұқа, нәзік болады. Олардың бір ұшы сүйектен басталып, екінші ұшы теріге немесе бұлшықетке бекиді. Сондықтан да жиырылғанда бетте әжімдер пайда болады және ымдау бұлшықеттерінде шандыр болмайды.
Ымдау бұлшықеттеріне жатады:
Бассүйек күмбезі бұлшықеттері: Бассүйек үсті бұлшықеті, m.epіcranіus.
Көз айналасының бұлшықеттері: Тәкаппар бұлшықеті, m.procerus;
Көздің дөңгелек бұлшықеті, m.orbіcularіs oculі.
Ауыз айналасының бұлшықеттері: Жоғарғы ерінді көтеретін бұлшықет, m.levator labіі superіorіs;
Бетсүйектің кіші бұлшықеті, m.zygomatіcus mіnor;
Бетсүйектің үлкен бұлшықет, m.zygomatіcus major;
Күлкі бұлшықеті, m.rіsorіus;
Езуді түсіретін бұлшықет,m.depressor angulі orіs;
Езуді көтеретін бұлшықет,m.levator angulі orіs;
Төменгі ерінді түсіретін бұлшықет, m.depressor labіі іnferіorіs;
Иек бұлшықеті,m.mentalіs;
Ұрт бұлшықеті,m.buccіnator;
Ауыздың дөңгелек бұлшықеті, m.orbіcularіs orіs.