Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Систолалық (максимальдық) қан қысымы



бет93/120
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133443
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   120
Байланысты:
Анатомия және физиология пәніне кіріспеg

Систолалық (максимальдық) қан қысымы ең жоғары қан қысымы, ол сол жақ қарынша миокардының жұмыс icтey қабілетін көрсетеді. Ол 110-139 мм.с.б. тең.
Диастолалық (минимальдық) қан қысымы жүректің диастола яғни босаңсу кезінде пайда болады. Ол 60-89 мм.с.б.аралығында болады.
Пульстік қан қысымы — бұл систолалық және диастолалық қан қысымдарының айырмашылығына тең: ол 35-55 мм.с.б. аралығында болады.
Пульстік қан қысымы мына формуламен анықталавды.
СҚК-ДҚК=ПҚК. Мысалы, СҚҚ = 120мм.с.б тең болса, ДҚҚ= 80мм.с.б. тең болса, онда ПҚҚ=40 мм.с.б тең болады. 120-80=40.
Артериялық қан қысымы тәулік мерзімінде де өзгеріп отырады. Күндіз ол жоғары, ал түнде төмендейді.
Дені сау адамда артериялық қан қысым қара жұмыс атқарғанда немесе спорттық жарыс кезінде көтеріледі.
Қан қысымының жоғарылауын гипертензия, ал төмендеуін гипотензия деп атайды.
Систолдық қан қысымы қалыпты жағдайда -110-139 мм.с.б;
Диастолдық қан қысымы қалыпты жағдайда -60-89 мм.с.б.
Гипертензияда: Систолдық қан қысымы 140-200 мм.с.б жоғары болады
Диастолдық қан қысымы 90 мм.с.б. жоғары болады
Гипотензияда Систолдық қан қысымы 110 мм.с.б. төмен болады.
Дистолдық қан қысымы 60 мм.с.б. төмен болады.
Мысалы: АҚ= 120/80 мм.с.б. қалыпты жағдай;
АҚ= 160/100 мм.с.б.- гипертензия (жоғары қысым);
АҚ= 90/60 мм.с.б.- гипотензия (төмен қысым).


Пульсті анықтау аймақтары мен сипаттамасы.Тахикардия және брадикардия жайлы түсінік.
Жүректің ырғақты соғуына байланысты қолқадағы қан қысым жоғарлап төмендейді. Осы кезде қан тамырларында лүпілдеу пайда болады. Мұндай лүпілдеу тамырдың соғуы немесе пульс деп аталады . Адам ағзасында артериялық және веналық пульс анықталады. Веналық пульс тек жүрекке жақын және ірі веналарда арнайы аспап пен жазып алу арқылы анықталады, ал артериялық пульс беткей орналасқан артерияларда яғни самай, ұйқы кәрі жілік артерияларында төрт саусақпен басу арқылы анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет