Қанның негізгі қызметтері. Қан мынадай қызметтерін орындайды:
1) Тасымалдау қызметі- ағзаға газдарды, қоректік заттарды, гормондарды тасымалдауымен жүзеге асады.
2) Тыныс алу қызметі- құрамында эритроцит және гемоглобин арқылы ағзаға оттегін , өкпеге көмір қышқыл газын жеткізеді.
3) Нәрлендіру қызметі-қөректік заттарды ас қорыту мүшелерінен тінмен мүшелерге жеткізеді.
4) Экскреторлық қызметі- Зат алмасу салдарынан пайда болған соңғы өнімдерді яғни артық тұздарды, суларды тіндерден алып сыртқа шығаратын мүшелерге жеткізеді
5) Дене температурасын реттейді-яғни қызып кеткен ағзаларды суытады, ал суыған ағзаларды жылытады
6) Қорғаныш қызметі- қан жасушалары лейкоциттер микробтарды, вирустарды, бөғде заттарды бейтараптайды. Оның иммунитетте (жұқпалы ауруларды кабылдамау) және зиянды заттардан корғану алатын орны ерекше.
7) Қан ұю қасиетіне ие болғандықтан ағзада қорғаныштық қызметті жүзеге асырады яғни қанды ұюту арқылы ағзаны қансыраудан сақтайды
8) Гормондарды, зат алмасу өнімдерін тасымалдап, ағзаның химиялық өзара әсерін немесе қызметтердің гуморальдық реттелуін қамтамасыз етеді.
9) Құрамында тұздардың және ақуыздардыңкөмегімен қан тамырларының құрылысын сақтайды.
Эритроцит, қалыпты мөлшері, қызметтері. Эритроцит – грек тілінен алынған болып эритрос –қызыл, цитос жасуша деген мағына береді. Эритроцит ағзада тасымалдау қызметін атқарады. Құрылысы екі жағы ойыстау, дискі тәрізді ядросы жоқ, ядро орнында гемоглобин болады. Эритроцит 3-4ай өмір сүріп физиологиялық жағдайда гемолизденіп, қөқбауырда мола ретінде сақталады.
Эритроциттердің мөлшері ерлермен әйелдерде бірдей болмайды. Ерлерде 4-5млн, әйелдерде 3,9-4,7млн. Эритроцит санының жоғарлауы эритроцитоз ал азаюы эритроцитопения деп аталады.
Эритроцитоз және эритроцитопения абсолюттік және салыстырмалы болып екіге бөлінеді.
Абсолюттік эритроцитоз –қанда оттегі азайғанда байқалады яғни ол гипоксия деп аталады. Қалыпты жағдайда адамдарда гипоксия биіктікке шықанда байқалса, патологиялық жағдай өкпе мен жүректің созылмалы аурулары кезінде болады.