Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Пульсті анықтағанда мынадай белгілерін сипаттауға болады



бет94/120
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133443
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   120
Пульсті анықтағанда мынадай белгілерін сипаттауға болады:
1.Пульстің жиілігі.
2.Пульстің ырғағы (ритм).
3.Пульстің толықтығы.
4.Пульстің қаттылығы
Пульсті анықтау арқылы жүректің соғуы жиілігін анықтаймыз. Дені сау адамның жүрегі ритмді ырғақты түрде жұмыс жасайды. Тыныш жағдайда минутына 60-90 рет жиырылады. Жүректің жиырылу жиілігі минутына 90-нан артса оны тахикардия, 60- тан төмен болса брадикардия деп атайды.
Тахикардия адамда ауыр физикалық жұмыста, дене қызуы көтерілгенде, эмоциянальдық жағдайларда (қобалжу, ашулану, қуану) байқалады.
Брадикардия адам әлсірегенде, ұйқы кезінде байқалады.
Қан жүйесі
Қан жүйесі туралы түсінік. Қан құрамы.
Қан, лимфа, тін аралық сұйықтық ағзаның ішкі ортасын құрайды. Ішкі орта тұрақтылығын Америка физиологі Уолтер Кэннон гомеостаз деп атады. Гомеостаз деп қан көлемінің, құрамының физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығын атайды. Оны дене температурасы, қан қысымы және қан анализдерінің көмегімен анықтайды. Ересек адам ағзасында қалыпты жағдайда 5-6 л қан болады. Ол дене салмағының 6-8% құрайды. Егер адам 25-30% қан жоғалтса өміріне қауып төнеді ал 50% жоғалтса адам өледі.
Қан құрамы —қан плазмасымен , қан жасушаларынан тұратын сұйықтық. Қанның 55% плазма, 45% қан жасушалары құрайды. Плазманың 90 – 92% су және 8 -10% құрғақ заттар. (ақуыздар, тұздар) тұрады. Плазманың құрамында ақуыздар оларға альбуминдер (4 -5%), глобулиндер (2-3%), фибриногендер (7 – 8%) құрайды. Тұздар мөлшері орташа 0,9% болады осыған байланысты қанның осмотық қысымы анықталады. Сондықтан қан жасушаларының өлмей қалыпты жұмыс атқаруы үшін осмостық қысым тұрақты болғаны жөн.
Осмотық қысымы қанның қысымына тең тұз ерітінділер сондықтан изотониялық ерітінділер деп аталады. Адамдар арасында жиі қолданылатын изиотониялық ерітінді 0,85-0,9% NaCI , болып келеді.
Ал қысымы жоғары –гипертониялық немесе қысымы төмен- гипотониялық ерітінділер құйғанда эритроциттердің гемолизденуіне яғни еруіне алып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет