«Ыбырай Алтинсарин – балалар әдебиетінің атасы» «Ел тарихы — бұл ұлы адамдардың өмірбаяны»



Дата25.11.2023
өлшемі15,75 Kb.
#128074
түріӨмірбаяны

Эссе
«Ыбырай Алтинсарин – балалар әдебиетінің атасы»

«Ел тарихы — бұл ұлы адамдардың өмірбаяны»


Ыбырай Алтынсарин – аудармашы, жазушы, ақын, ағартушы-ұстаз, қазақ педагогикасының негізін салушы, қазақ тіліндегі тұңғыш оқулықтардың авторы, тұңғыш қазақ мектебін, қыздар мектебін ашқан дарынды тұлға. Қазақ тарихынан ойып тұрып орын алатын Ыбырай атамыз қазақ әдебиеті саласына, әсіресе, балалар әдебиетінің негізін салып, негізін қалап кеткен қазақ халқының қоғам қайраткері, ерекше тұлға ретінде өз есімін тарихқа жазып кеткені бәрімізге айқын. Ыбырай атамыздың кіндік қаны 1841 жылы қазіргі Қостанай облысында тамған. Әкесінен үш-төрт жасында көз жазып қалған Ыбырай атамыз атасы Балғожа бидің тәрбиесінде болып, сол кісінің өнеге-өсиетімен өсті. Ыбырай Алтынсарин жасынан өте ынталы болып, атасымен бірге жүруі өмірі үшін өте маңызды болды. Мектепті бітірген соң біршама қызметтерді атқарады. Соның ішінде 1860 жылы Орынбор бекінісінде қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгіленеді. Ыбырай атамыздың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осыдан бастау алады.
«Әдебиет - өмір айнасы, ішті, сыртты бірдей көрсететін»
19 ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген Ыбырай атамыз тұңғыш ағартушы-педагог болуымен бірге балалар әдебиеті саласымен айналысқан тұлға болды. Ыбырай Алтынсарин балаларды тәрбиелеуде, оқытуда, олардың ой-санасына қозғау салып, дамытуда өзінің педагогикалық мақсатын іске асыру үшін алдымен бала­лар әдебиетін жасауға бет бұрды. Сол уақыттан бастап балалар әдебиетінің атасы атанған Ыбырай атамыз артына балаларға арнап көлемі шағын, мазмұны мәнді ондаған өлеңдері мен әңгімелерін қалдырды. Ол өзінің «Қазақ хрестоматиясы» атты тұңғыш оқулығын «Кел, балалар, оқылық» деген өлең тармағымен ашып, онда қазақ балаларын, қазақ жастарын оқуға, білімді іздеуге, талаптанып талпынуға шақырады. Ол бұл оқулықты бала санасына жақсы әсер етіп, жақсы істерге үйрететін құрал ретінде санады. Меніңше Ыбырай ата жазған барлық оқулықтарын балалардың белгілі бір тұлға және көзі ашық, көкірегі ояу, ой-саналы азамат болып қалыптасуына арнады. Ыбырай Алтынсариннің балаларға арнап жазған және басқа ұлт жазушылардан аударған әңгімелері бар. Әңгімелерінде білім алу, оқу және еңбекқорлық, адалдық тақырыптарында қалам тербеді. «Бақша ағаштары», «Асыл шөп», «Әдеп», «Әке мен бала» әңгімелерін оқығанда, жастарды ізгілікке, бауырмалдық пен мейірімділікке, достық қасиеттерге баулуды көздегенін анық байқадым. Аудармалары қатарына И.Крыловтың «Егіннің бастары», «Қарға мен түлкі», Л.Толстойдың «Полкан деген ит», Паульсонның «Аурудан аяған күштірек», «Тәккәппаршылық» сияқты әңгімелерін балаларға арнап аударды.
«Ұрпақ жадындағы ұлы ұстаз»
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін қорыта айтқанда Ыбырай Алтынсарин өмір сүрген ғұмырында өшпес мұра мен тарих қалдырды. Олай айқанымның себебі жоғарыда айтылған шығармалары мен ұстаздық жолы. Ыбырай салған дара жол әр уақытта да жалғасын табары сөзсіз. «Балалар әдебиетінің атасы» Ыбырай әр ұрпақтың жадында!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет