Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет97/120
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133443
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   120
1. Физиологиялық гемолиз - сау адамда болады. Денедегі ескірген эритроциттер жарылып, олардың орнына сүйек кемігінен шыққан жас эритроциттер қанға түседі. Эритроцит 100-120 күндей өмір сүреді. Ескірген эритроциттердің біразы бауырда, көпшілігі көкбауырда гемолизденеді.
2. Осмостық гемолиз - эритроциттің іші мен сыртындағы осмостық қысым айырмашылығынан туады. Қанға осмостық қысымы аз (гипотониялық) ерітінді құйса, эритроциттің ішіне су кіреді де ол ісінеді, судың кіруі тоқтамаса эритроциттің қабығы жарылып, ішіндегі гемоглобин сыртындағы ерітіндіге шығады. Сөйтіп қан гемолизге ұшырайды.
3. Химиялық гемолиз - эритроциттің липоид пен белоктан тұратын мембранасын ерітетін химиялық заттардың (сірке қышқылы, эфир, хлороформ, сілті) әсерінен болады.
4. Биологиялық гемолиз - ішек құрттары (гельминттер) мен жануарлар бөліп шығаратын не өсімдіктерден алынатын (сапонин) улы заттар гемолизиндердің әсерінен болады. Мәселен, жылан, қарақұрт, шаян улары, адамның ішегінде тіршілік ететін құрттар (гельминттер) бөліп шығаратын зат алмасу өнімдері, қан құйғанда сыйыспау салдарынан пайда болатын улар эритроциттердің қабығын бұзады.
5. Термиялық гемолиз - қанды біресе жылытып, біресе суытудан болады, әсіресе бұл мұздаған (тоңазыған) қанды еріткен кезде кездеседі. Кейбір пікірге қарағанда мұз кристалдары эритроцит қабығын жарақаттап жыртады. Дене температурасы 42°-тан асса да қан гемолизденеді. Ұзақ уақыт дене қызуы қалыпты болғанымен, кешке қарай 38-39°-қа дейін көтеріліп отырса, эритроциттер гемолизденеді.
6. Механикалық гемолиз - қанды шайқап араластыру кезінде эритроцит мембранасы зақымданады (жыртылады). Демек, ыдыстағы қанды бір жерден екінші жерге апарғанда оларды шайқамай, абайлап тасу керек.
7. Электрлік гемолиз - электр тогінің әсерінен болады. Сәуле энергиясы мен ультрадыбыс та электр күші сияқты эритроцит қабығын, тінін бұзып жарады.


Эритроциттердің тұну жылдамдығы. Гемопоэз жайлы түсінік.
Ұю қасиетінен айырылған қанды (лимон қышқылының натрий ерітіндісін қосу арқылы) мензуркаға құйып бір сағат сақтаса, қанның ең жеңіл бөлігі плазма қанның бетіне шығады да эритроцит мензурка түбіне шөге бастайды. Плазма қабатының биіктігі мм есебімен өлшенеді де эритроциттердің тұну жылдамдығы анықталады. Эритроциттердің тұну жылдамдығы ер адам мен әйел адамда түрліше, ерлерде сағатына 2-10 мм/сағ, әйелдерде 2-15 мм/сағ. Екі қабат әйелде эритроциттер тез тұнады (сағатына 30-40 мм/сағ). Жаңа туған нәрестеде -0,3-2 мм/сағ. Денеде қабыну процесі басталса ЭТЖ өседі. ЭТЖ арқылы қабыну үрдісінің күшейгенін не бәсеңдегенін (емдегеннен кейін) білуге болады, сондықтан ауруханада науқас адамның эритроциттерінің тұну жылдамдығы бірнеше рет анықталады. Сарыауруда ЭТЖ төмендейді. Сондықтан, ЭТЖ медицинада түрлі ауруларға диагноз қоюда қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет