Гемопоэз.Қан жасушаларының түзілу процесін гемопоэз деп атайды. Гемопоэздің екі кезеңі бар: эмбрионалді жатырішіндегі даму, және постнаталды, баланың туылғаннан кейін басталады. Қан жасушалары арнайы мүшелерде жасалады.
Эритроциттердің пісіп жетілуі эритропоэз, эритроциттер сүйектің кемігінде жасалады, өмір сүру ұзақтығы 120 күн.
Лейкоциттердің пісіп жетілуі лейкопоэз, лейкоциттер сүйек кемігінде, айырша безде, лимфатикалық түйіндерде, көкбауырда, бадамша безде түзіледі, өмір сүру ұзақтығы 15-20 күн.
Тромбоциттердікі тромбоцитопоэз деп аталады. Тромбоциттер сүйек кемігінде және өкпеде жасалады, өмір сүру ұзақтығы 6-8 күн. +Тәулік бойы қан жасушаларының біразы бұзылыды, ыдырайды, олардың орындарына жаңа, жас жасушалар толықтырып отырады.
Лейкоциттер, қалыпты мөлшері, қызметі. Фагоцитоз және оның кезеңдері. Лейкоцит - қанның ақ жасушасы. Эритроциттен айырмашылығы ядросы бар, эритроциттен үлкендеу, амеба тәрізді жалған аяқтар шығарып қимылға икемді келеді. Бір литр қанда 4,0—9,0 мың/л. Оның саны бір тәулік ішінде біршама өзгеріп отырады. Лейкоцит санының жоғарлауы лейкоцитоз ал азаюы лейкоцитопения деп аталады. Лейкоцитоз физиологиялық және патологиялық болып екіге бөлінеді Физиологиялық лейкоцитоз сау адамдарда - тамақ ішкеннен кейін, бұлшықет жұмысыан кейін, эмоционалдық жағдайда (мысалы, емтихан), жүкті әйелдерде байқалады. Патология лық лейкоцитоз көбінесе қабынулар барысында. Әсіресе ақ қан ауруы кезінде лейкоцит санының көбейуы эритроциттерденде артып кетеді. Лейкоцитопения таңертең аш қарынға байқалады.
Лейкоциттің ең басты қызметі қорғаныштық – яғни оның фагоцитоздық қызметі. Бұл И.И. Мечников зерттеулерінен белгілі. Фагоцитоз- грекше "рhagien"-обыру, жұту, қармалап алу "cytus"- жасуша. Басқаша айтқанда қармалап алатын жасуша қорытады. Фагоцитоз деп денеге келіп түскен бөгде заттарды, лейкоциттер жалған аяқтарымен қармалап алып ішіне енгізіп ферменттермен қорытуын айтамыз. Ол- үш сатыдан тұрады:
1.Миграция көшу сатысы;
2.Бөгде затты танып қармап алу сатысы;
3.Жұту және қорыту сатысы.