Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Бірінші- миграция (көшу) сатысы



бет99/120
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133443
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   120
Байланысты:
Анатомия және физиология пәніне кіріспеg

Бірінші- миграция (көшу) сатысы. Лейкоциттер амеба тәрізді жалған аяқтарын созып, капиляр эпителийлері арасынан өтіп сыртқа шығады. Лейкоциттер бөтен заттарға қарай қимылдайды.
Екінші сатысы - бөгде затты танып қармау, жұту кезеңі. Микробтарға жақындаған сәтте лейкоцит денесінен опсонин деген зат бөліп шығарады да, бөгде заттарды денедегі жасушалардан ажыратады (таниды), осыдан кейін оларды лейкоцит мембранасына жабыстырады. Бетіне жабысқан бөгде затты лейкоцит аяқшаларымен айнала қармап қоршайды да, өз протоплазмасына қарай тартады.
Үшінші сатысы - жұту және қорыту. Лейкоциттің ішіне енген бөгде затқа лизосоманың ферменттері арқылы қорытылады. Бұлардың ішінде бөгде заттарды бейтараптайтын бактериоциттік заттар вирусқа қарсы заттар интерферондар бар.


Лейкоцитарлық формула
Лейкоциттер үлкен кішілігіне, қандай бояумен боялғанына және түйіршіктерінің бар жоғтығына қарай екі топқа бөлуге болады:
  1. Гранулоцит


  2. Агранулоцит


Бұл түрлерді гимза- Романовский әдісі бойынша микроскоп арқылы анықтаймыз.


Гранулоциттерге- Базофил 0,5-1%, Эозинофил 1-5%, нейтрофил 55-70%
Нейтрофилдер өзі бөлінеді- Балғын 0-1%, Таяқша ядролы 3-5%, Сегмент ядролы 60-65%
Агранулоциттер- Лимфоцит 25-30%, Моноцит 6-8%
Бұл лейкоциттердің пайыздық ара қатынасы лейкоцитарлық формула немесе лейкограмма деп аталады. Бұл формула дәрігерге дұрыс диагноз қоюға қолданылады. Өйткені кейде жалпы қан анализінде лейкоцит саны өзгермейді бірақ лейкограммада жедел қабынулар кезінде нейтрофил пайызы жоғарлайды, ал аллергиялық жағдайларда эозинофилдер.


Иммунды жүйе туралы түсінік
Иммунды жүйе –қозғалмалы және үздіксіз жаңарып отыратын жүйе.Иммунды жүйенің денеден бөгде затты шығарып тастау қабілетін иммунитет деп айтамыз.Адамда иммунды жүйені құрайтын мүшелердің жалпы салмағы 1,5-2 кг құрайды.Иммунды жүйеміз мықты болса сырттан келген бөгде заттарға төтеп бере аламыз.Иммунды жүйеміз төмен болса кез-келген аурумен ауырамыз. Иммуниттетті екіге бөлеміз табиғи және жасанды.Табиғи иммунитет дегеніміз ана сүті арқылы беріледі, жасанды иммунитет әр түрлі екпе егу барысында тузіледі.Иммунды жүйе мүшелері екі топқа бөлінеді орталық және шеткі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет