Тромбоциттердің қызметі. 1.Ангиотрофикалық-бұл қан тамырларды қөректендіру қызметі.Қантамырының эндотелиі ағып жатқан қаннан қажет мөлшерде қоректік заттарды ала алмайды.Оны тромбоциттер қаннан сорып алып оны эндотелиймен түйіскен кезде оған беріп отырады .Сондықтан тромбоцит эндотелидің *асырап сақтаушысы* деп бекер айтпаған
2.Адгезивті аггрегациялық-15-20шақты тромбоциттер бір-бірімен жабысып, ұйынды құрап ағзадан қан кетуді тоқтатады
3. Ангиотензивті- қан тамырларын тарылтыру.Тромбоциттер озінен серотонин бөліп отырады,серотонин қан тамырларын тарылтады.
4.Гемокоагуляция- қан ұйыту
5. Креаторлық байланыс- қан тамырлардың табиғи құрылысын сақтау
Қан ұю кезеңдері. Қан ұю- қанның биологиялық қасиеті, қорғаныс қасиеттерінің бірі. Осы қасиеттің арқасында қанның сыртқа шығуы (қан кету) тоқтайды.Мұны гемостаз(грек. Haemo- қан, stasis- тоқтау), яғни қан тоқтау дейді.Бұл тұралы ілімнің негізін қалаған Александр Шмид болып келеді. Бұл өте жиі әрі кең мағынада қолданылатын сөз. Қан ұю бұл күрделі үрдіс болып табылады және 3 кезеңнен тұрады.
1.кезең- жарақаттанған жерде қан тамырға тромбоциттер бір- бірімен жабысып үйінді құрайды. Тромбоциттердің көп бөлігі бұзылады да,(Са) кальций иондарымен плазма ақуыздарының қатысуымен тромбопластин түзіледі.
2. кезең- тромбопластин мен протромбиннің қатысуымен тромбин түзіледі. Протромбин плазма ақуызы болып табылады. Ол бауырда түзіледі. Оның түзілуіне К витамині қажет.
3. кезең-тромбин мен плазма ақуызы фибриногеннің қатысуымен фибрин түзіледі. Сонымен фибриннің қатысуымен тромб түзіледі, қан кету тоқтайды. Қан тамырда қан ұйымаса гемофилия ауруы туындайды. Кішкене жарақат арқасында адам өміріне қауіп төнеді.