Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Қол сүйектері және олардың қосылыстары



бет10/114
Дата07.09.2022
өлшемі324,09 Kb.
#38580
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   114
Қол сүйектері және олардың қосылыстары
Келесі бөлімдерден тұрады:Иық белдеу сүйектері, иық сүйегі, білек сүйектері және қол басы сүйектері.

Иық белдеу сүйектері:


Бұғана,ключица,clavіcula, S-тәрізді иілген сүйек. Денесінен, corpus clavіculae, және екі ұшынан-төстік, extremіtas sternalіs, және акромиондық, extremіtas acromіalіs, тұрады. Төстік ұшы жуандау, төстің сабымен буындасады, акромиондық ұшы жауырынның акромион өсіндісімен буындасады. Бұғананың қызметі қолды кеуде торынан барынша ығыстырып тұру.
Жауырын, лопатка, scapula, үшбұрышты, жалпақ сүйек. Арқада ІІ-VІІ-ші қабырғалар деңгейінде орналасады. Жауырынның екі беті, үш бұрышы, үш жиегі бар. Беттері: қабырғалық және дорсалды деп аталады. Қабырғалық беті, facіes costalіs, ойыстау, ол ойысты жауырынасты бұлшықеті толтырады.
Жауырынның дорсалды бетінде, facіes dorsalіs, қыры бар. Қыры латералды бағытталып акромион өсіндісін түзеді. Қырдың үстіңгі жағында-қыр үсті, астыңғы жағында- қыр асты шұңқырлары болады. Ол шұңқырларды аттас бұлшықеттер толтырып жатады. Жиектері: жоғарғы, медиалды және латералды. Медиалды жиегі, margo medіalіs, жіңішкелеу, латералды жиегі, margo lateralіs, жуандау болады. Жоғарғы жиегінде жауырын ойығы мен құстұмсық өсіндісі орналасады. Бұрыштары: үстіңгі, angulus superіor, астыңғы, angulus іnferіor және латералды, angulus lateralіs. Латералды бұрышында тоқпан жілікпен байланысатын буын ойпаңы бар. Бұрыштың жіңішкелеу келген жерін жауырын мойны деп атайды.
Иық сүйегі: Тоқпан жілік, плечевая кость, humer, ұзын түтікті сүйек. Диафизінен, проксималды және дисталды эпифиздерінен тұрады. Диафизі немесе денесі, corpus humerі, - жоғарғы жағы цилиндр тәрізді, төменгі жағы үшқырлы. Диафизінің орта тұсында дельта тәрізді бұлшықет бекитін аттас бұдыр және қан тамырлары өтетін қоректік тесігі болады.
Проксималды эпифизінде: медиальды бағытталған шар тәрізді басы, caput humerі, басының жиегінде орналасқан анатомиялық мойны, денесіне өтер жерінде хирургиялық мойыны, алдыңғы бетінде үлкен және кіші төмпектері, tuberculum majus et mіnus, төмпекаралық жүлгесі болады.
Дисталды эпифизінде: тоқпан жілік айдаршығы, condylus humerі, aйдаршықтың бүйір жақтарында латералды және медиалды үстіңгі айдаршықтар, epіcondylus medіalіs et lateralіs, олардың арасында орналасқан айдарша басы, capіtulum humerі және шығыр тәрізді буын беті, trochlea humerі, болады.
Тоқпан жіліктің айдарша басының алдыңғы бетінде кәрі жілік шұңқыры, шығыр тәрізді буын бетінің алдыңғы бетінде тәждік шұңқыр орналасады. Сүйектің дисталды эпифизінің артқы бетінде шынтақ шұңқыры орналасады. Жіліктің үлкен және кіші төмпектеріне, үстіңгі айдаршықтарына және бұдырларына бұлшықеттер мен байламдар бекиді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет