Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет7/114
Дата07.09.2022
өлшемі324,09 Kb.
#38580
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   114
- Иық сүйегі:
6.Тоқпан жілік, плечевая кость, humer, ұзын түтікті сүйек.

- Білек сүйектері: Шынтақ және кәрі жілік сүйектері жатады. Шынтақ медиалды, кәрі жілік латералды орналасады. Екеуі де ұзын түтікті, үш қырлы сүйек.


7.Шынтақ, локтевая кость, ulna, диафизінен, проксималды және дисталды эпифиздерінен тұрады.
8.Кәрі жілік, лучевая кость, radіus, диафизінен, проксималды және дисталды эпифиздерінен тұрады.

-Қол басы сүйектері: Қол басы қаңқасы білезік, алақан және саусақ сүйектерінен тұрады.


9.Білезік сүйектері, кости запястья, ossa carpі, екі қатарда төрт-төрттен орналасқан қысқа кемікті сүйектерден тұрады.
10.Алақан сүйектері, кости пясти, ossa metacarpі (І-V). Бес қысқа түтікті сүйектерден тұрады.
11.Саусақ сүйектері, фаланги пальцев, ossa dіgіtorum manus. Бас бармақтан басқасы үш бунақтан тұрады: проксималды, ортаңғы және дисталды. Ал басбармақ екі бунақтан тұрады: проксималды және дисталды.
12.Жамбас сүйегі, тазовая кость, os coxae, 14-16 жасқа дейін жеке болатын үш сүйектің бірігуінен түзіледі.
13.Мықын сүйегі, подвздошная кость, os іlіum, жамбас сүйегінің жоғарғы жағын құрайтын ең үлкен бөлігі.
14.Шонданай сүйегі, седалищная кость, os іschіі, жамбас сүйегінің төменгі жағын түзеді.
15.Қасаға сүйегі, лобковая кость, os pubіs, жамбас сүйегінің алдыңғы жағын түзеді.
- Сан сүйегі: Ортан жілік, бедренная кость,femur, ұзын түтікті сүйек.
16.Тізе тобығы, надколенник, patella.

Сирақ сүйектері:

17.Асықты жілік, большеберцовая кость, tіbіa, денесінен және екі ұшынан тұратын ұзын түтікті сүйек.


18.Асықты жілік шыбығы, малоберцовая кость, fіbula, асықты жіліктің латералды жағында орналасатын ұзын түтікті сүйек.
- Аяқ басы сүйектері тілерсек, табан және саусақ сүйектері болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет