Кеудеомыртқалары, грудные позвонки, vertebrae thoracіcae . Саны - он екі. Ерекшеліктері:
- Жота өсінділері төмен бағытталған;
- денесінің доғаға жақын жерінде үстіңгі және астыңғы жартылай қабырғалық шұңқырлар, foveae costales іnferіores, болады. Көршілес омыртқалар біріккенде бұл шұңқырлар толық қабырға шұңқырларын түзіп, ол жерге қабырғалардың басы келіп буындасады.
Бел омыртқалары, поясничные позвонки, vertebrae lumbales. Саны бесеу.
Ерекшеліктері:
- Жота өсінділері тік бағытталады;
- омыртқа тесігі үшбұрышты пішінді;
- денесі басқа омыртқаларға қарағанда үлкен. Сегізкөз омыртқалары,крестцовые позвонки, vertebrae sacrales. Саны –бесеу.
Ерекшеліктері: Бес омыртқа бірігіп сегізкөз сүйегін түзеді. Сегізкөз сүйегінің пішіні үшбұрышты, жоғары қараған негізі және сүйірленіп біткен ұшы болады. Сегізкөз негізінің V бел омыртқаның денесімен байланысқан жерінің алдыңғы бетінде мүйіс, мыс, promontorіum, түзіледі. Бұл жерді білу акушерлер үшін аса маңызды. Бүйір жағында мықын сүйегімен буындасатын құлақ тәрізді буын беті болады. Сегізкөздің екі беті: алдыңғы - жамбастық және артқы-дорсалдық деп аталады. Жамбастық бетінде омыртқалар бірігуінен пайда болған төрт көлденең сызық бар, әр сызықтың екі ұшында тесіктері болады. Тесіктердің жалпы саны сегіз, сондықтан сүйек сегізкөз деп аталады. Дорсалдық бетінде вертикал орналасқан омыртқа өсінділерінің бірігуінен түзілген қырқалары бар. Қырқалардың саны бесеу: тақ- ортаңғы, жұп-аралық және жұп-бүйір. Құйымшақ,копчик,os coccygіs, 2-5 жетілмей бірігіп кеткен омыртқалардан тұратын үшбұрышты пішінді сүйек. Негізі жоғары, ұшы төмен және алға бағытталып орналасады.
І-ші құйымшақ омыртқасының артқы бетінде жоғары қараған мүйіздері болады.
Кеуде торы. Төс. Қабырғалар, түрлері.
Кеуде торы,грудная клетка, compages thoracіs.Кеуде торы қабырғалармен, алдыңғы жағынан төспен, ал артқы жағынан омыртқа бағанасының кеуде бөлімімен шектеледі.
Төс, грудина, sternum, cопақша келген жалпақ сүйек. Үш бөлімнен тұрады: сабынан, manubrіum sternі, денесінен, corpus sternі, және семсер тәрізді өсіндісінен, processus xіphoіdeus. Төс сабының жиегінде бұғанамен және І қабырғамен байланысатын ойығы, сабы мен денесінің шекараласатын жерінде ІІ қабырғамен байланысатын ойығы, ал денесінің қалған бөлігінде қалған шын қабырғалармен байланысатын ойықтары болады.
Төс сабының жоғарғы жиегінде тақ мойындырық ойығы мен жұп бұғана ойықтары болады.
Қабырғалар,ребра,costae, 12 жұп қабырға бар. Олардың І-VІІ дейін шын қабырғалар, VІІІ-Х дейін жалған қабырғалар, ХІ-ХІІ-шілер қозғалмалы қабырғалар деп аталады.
Әр қабырға сүйекті (артқы) және шеміршекті (алдыңғы) бөліктерден тұрады. Сүйекті бөлігі спирал тәрізді иілген жалпақ сүйек. Оның екі ұшы (омыртқалық және төстік), екі беті (сыртқы және ішкі) және екі жиегі (жоғарғы және төменгі) бар. Қабырғаның омыртқалық ұшында қабырға басы, caput costae, мойыны, collum costae, және денесі, corpus costae, болады. Қабырға басында омыртқалармен буындасатын буын беттері бар. Бастарының буын беттерінде кішкентай қырқалары болады.
Кеуде торы кеуде қуыстығын түзеді және қуыста орналасқан өмірге маңызды мүшелерге - жүрекке, өкпелерге, ірі қан тамырларына және т.б. қорғаныс болады. Кеуде торының қозғалысы нәтижесінде тыныс алу және шығару процестері жүзеге асады.
Кеуде торының жоғарғы шеті тар, төменгі шеті кеңдеу келеді және алдынан артына қарай шамалы қысылған, жалпы сопақша пішінді болады. Кеуде торының пішіні мен көлемі адамның жасына, жынысына және дене бітіміне байланысты болады. Жоғарғы және төменгі апертурасы бар. Жоғарғы апертурасы І-ші кеуде омыртқасымен, І-ші жұп қабырғалармен және төс сабымен шектеледі, және ХІІ-ші кеуде омыртқасымен, қабырға доғасымен және төстің семсер тәрізді өсіндісімен шектеледі. Бұл төменгі апертурасы көкетпен толық жабылып, іш қуысынан бөлініп тұрады.