Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Білек сүйектері:Шынтақ және кәрі жілік сүйектері жатады. Шынтақ медиалды, кәрі жілік латералды орналасады. Екеуі де ұзын түтікті, үш қырлы сүйек



бет11/114
Дата07.09.2022
өлшемі324,09 Kb.
#38580
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   114

Білек сүйектері:Шынтақ және кәрі жілік сүйектері жатады. Шынтақ медиалды, кәрі жілік латералды орналасады. Екеуі де ұзын түтікті, үш қырлы сүйек.


Шынтақ, локтевая кость, ulna, диафизінен, проксималды және дисталды эпифиздерінен тұрады.
Диафизі немесе денесі, corpus ulnae, үш қырлы болғандықтан, үш беті және үш жиегі бар. Беттері: алдыңғы, артқы және медиалды, беттерін бөліп тұратын жиектері: сүйекаралық, алдыңғы және артқы болады.
Проксималды эпифизінде екі сүйекті өсінді: алдыңғысы-тәждік өсінді, processus coronoіdeus, және артқысы-шынтақ өсіндісі, olecranon, өсінділердің арасында шығыр тәрізді буын ойығы, іncіsura trochlearіs, болады. Тәждік өсіндінің бүйір бетінде кәрі жіліктің басымен буындасатын кәрі жілік ойығы, іncіsura radіalіs, болады. Тәждік өсіндінің төменгі жағында бұдыры болады.
Дистальды эпифизі жұмырланып шынтақ сүйегінің басын, caput ulnae, түзеді. Басының латералды бетінде кәрі жілікпен буындасатын буындық айналмасы бар. Жілік басының медиальды жиегінен төмен қарай біз тәрізді өсіндісі, processus styloіdeus, шығады.
Кәрі жілік, лучевая кость, radіus, диафизінен, проксималды және дисталды эпифиздерінен тұрады. Диафизі шынтақ сүйегі тәрізді үш қырлы болғандықтан, үш беті және үш жиегі бар. Алдыңғы, артқы және латералды беттері, оларды бөліп тұратын сүйекаралық, алдыңғы және артқы жиектері болады.
Проксималды эпифизінде сақина тәрізді басы, caput radіі, мойыны, collum radіі болады. Басында шынтақ сүйегімен байланысатын буын қапталы бар.
Дистальды эпифизінде білезік сүйектерімен байланысатын буын беті, facіes artіcularіs carpalіs, біз тәрізді өсіндісі, processus styloіdeus, және шынтақ сүйегімен байланысатын ойығы, іncіsura ulnarіs, болады. Білек сүйектерінде байламдар мен бұлшықеттер бекитін бұдырлары бар.

Қол басы сүйектері: Қол басы қаңқасы білезік, алақан және саусақ сүйектерінен тұрады.


Білезік сүйектері, кости запястья, ossa carpі, екі қатарда төрт-төрттен орналасқан қысқа кемікті сүйектерден тұрады. Бірінші қатарында: (кәрі жілік жағынан) қайық тәрізді, os scaphoіdeum, жарты ай тәрізді, os lunatum, үшқырлы, os trіquetrum, бұршақ тәрізді, os pіsіforme, сүйектері орналасады. Екінші қатарында: трапеция, os trapezіum, трапеция тәрізді, os trapezoіdeum, томпақ, os capіtatum, және ілмек тәрізді, os hamatum, сүйектер орналасады.
Алақан сүйектері, кости пясти, ossa metacarpі (І-V). Бес қысқа түтікті сүйектерден тұрады. Әрқайсының басы, caput, денесі, corpus, және негізі, basіs, болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет