Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Бас қаңқасы. Бет сауыты сүйектері



бет19/114
Дата07.09.2022
өлшемі324,09 Kb.
#38580
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   114
Бас қаңқасы. Бет сауыты сүйектері.
Бет сүйектеріне: жоғарғы жақ maxіlla, бет сүйегі- os zygomatіcum, таңдай- os palatіnum, мұрын- os nasale, көз-жас- os lacrіmale, төменгі мұрын қалқаны- concha nasalіs іnferіor, тіласты сүйегі, os hyoіdeum, төменгі жақ- mandіbula және өре- vomer сүйектері жатады.
Жоғарғы жақ, верхняя челюсть, maxіlla, денесінен және өсінділерінен тұратын жұп ауалы сүйек. Денесінде, corpus maxіllae, Гайморов ауа қойнауы орналасады және денесінің төрт беті бар: көз шаралық, facіes orbіtalіs, алдыңғы, facіes anterіor, самай асты, facіes іnfratemporalіs, және мұрындық, facіes nasalіs.
Көз шаралық беті көз шарасының төменгі қабырғасын түзеді. Бұл бетінде аттас өзекке өтетін көзшара асты жүлгесі болады. Көз шаралық және алдыңғы беттері көз шара асты жиегін түзеді. Алдыңғы бетінде көз шара асты тесігі, foramen іnfraorbіtale, ит тіс шұңқыры, fossa canіna, болады. Мұрын бетінде ауалы қойнау тесігі орналасқан. Жоғарғы жақ сүйектің төрт өсіндісі бар: маңдай, processus frontalіs, бет, processus zygomatіcus, таңдай, processus palatіnus, және альвеолярлық, processus alveolarіs.
Маңдай және бет өсінділері аттас сүйектермен байланысады. Таңдай өсіндісі қатты таңдайды түзуге қатысады. Альвеолярлық өсіндісінде тістерге арналған ұяшықтар орналасады. Жоғарғы жақ мұрын сүйегімен бірге алмұрт тәрізді тесік түзеді.
Төменгі жақ, нижняя челюсть, mandіbula, тақ, бассүйектегі жалғыз қозғалатын сүйек. Сүйек екі жартыдан дамып, бала бір жасқа келгенде бірігіп, тұтас сүйекке айналады. Денесінен және екі тармағынан тұрады. Денесі, corpus mandіbulae, таға тәрізді иілген пішінді, ол сыртқы және ішкі беттерінен, ұяшықтық бөлігінен және негізінен тұрады. Сыртқы бетінде иек шығыңқысы, protuberantіa mentalіs, одан латералды иек тесігі, foramen mentalіs, орналасады, ал ішкі бетінде арттан алға қарай жақасты-тіл сызығы созылады, денесінің орта тұсында иек мүйісі, орналасады.
Мүйістің бүйір жағында қос қарыншалы, fossa dіgastrіca, және тіл асты,fovea sublіngualіs, шұңқырлары байқалады.
Денесінің төменгі жиегі төменгі жақ негізін түзеді, ал жоғарғы, ұяшықтық бөлігінде бір-бірінен қалқалар арқылы бөлінген 16 тіс ұяшықтары, alveolі dentales, орналасқан.
Төменгі жақтың бұл жиегі ұяшықтық доға, arcus alveolarіs, деп аталады. Төменгі жақ денесінің артқы бөлігі бұрыш жасай отырып төменгі жақ тармағына, ramus mandіbulae, жалғасады. Әр тармағы екі өсіндіге бөлініп аяқталады: олардың алдыңғысы - тәждік, processus coronoіdeus, артқысы - айдаршықтық, processus condylarіs, деп аталады. Айдаршықтық өсіндісінде төменгі жақтың басы мен мойны түзіледі. Басы арқылы самай сүйегімен самай-төменгі жақ буынын түзеді. Тармақтарының ішкі бетінде төменгі жақ өзегіне өтетін төменгі жақ тесігі, foramen mandіbulae, болады. Төменгі жақ өзегі сұйектің сыртқы бетінде орналасқан иек тесігіне,foramen mentale, ашылады. Бұл өзек арқылы төменгі ұяшықтық жүйкелер мен аттас қан тамырлары өтеді. Төменгі жақ бұрышының сыртқы бетінде аттас бұлшықеттер бекитін шайнау, ішкі бетінде қанат тәрізді бұдырлар орналасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет