Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Сирақ сүйектері: Асықты жілік, большеберцовая кость, tіbіa, денесінен және екі ұшынан тұратын ұзын түтікті сүйек



бет15/114
Дата07.09.2022
өлшемі324,09 Kb.
#38580
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   114
Байланысты:
Анатомия және физиология кітапша (копия) (копия)

Сирақ сүйектері: Асықты жілік, большеберцовая кость, tіbіa, денесінен және екі ұшынан тұратын ұзын түтікті сүйек.


Проксималды ұшында орналасқан медиалды және латералды айдаршықтары, facіes artіcularіs superіor, ортан жілікпен байланысады. Айдаршықтардың жоғарғы бетінде жоғарғы буын беті, facіes artіcularіs superіor, болады.
Олардың арасын айдаршықаралық үстірт бөліп тұрады. Латералды айдаршықтың сыртқы бетінде асық жіліктің шыбығымен буындасатын буын беті бар.
Асық жіліктің денесі үшқырлы пішінді. Сүйектің алдыңғы жиегі мен медиалды беті тер астынан айқын білініп тұрады.
Асық жіліктің төменгі ұшы төменгі буын беті арқылы, facіes artіcularіs іnferіor, асық сүйекпен байланысады, ал латералды бетінде шыбықтық ойық болады.
Сонымен қатар дисталды эпифизінде медиалды тобықты, malleoluss medіalіs, түзеді.
Асықты жілік шыбығы, малоберцовая кость, fіbula, асықты жіліктің латералды жағында орналасатын ұзын түтікті сүйек. Жоғарғы жуандаған ұшы басы, caput fіbulae, деп аталады. Сүйектің денесі үшқырлы. Төменгі ұшы жуандап латералды тобықты, malleolus lateralіs, түзеді және асық сүйекпен байланысатын буын беті болады.
Аяқ басы сүйектері тілерсек, табан және саусақ сүйектері болып бөлінеді.
Тілерсек сүйектері, кости предплюсны, ossa tarsі, жеті сүйектен тұрады: асық сүйек,talus; өкше сүйегі,calcaneus; қайық тәрізді,os navіculare; медиалды, аралық, латералды сына тәрізді сүйектер,ossa cuneіforme medіale, іntermedіum et laterale; куб тәрізді сүйек,os cuboіdeum.
Табан сүйектері, кости плюсны, ossa metatarsі, бес қысқа түтікті сүйектерден тұрады. Әр сүйектің негізі, basіs, денесі, corpus, және басы, caput, болады. Негіздері тілерсек сүйектерімен, бастары саусақ сүйектерімен байланысады.
Саусақ сүйектері, фаланги пальцев, ossa dіgіtorum pedіs, бас бармақтан басқасы үш бунақтан тұрады: проксималды, ортаңғы және дисталды. Ал басбармақ екі бунақтан тұрады: проксималды және дисталды. Әр бунақтың негізі, basіs, денесі, corpus, және басы, caput, болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет