Мойынның терең бұлшықеттері:
Бастың ұзын бұлшықеті, m.longus capіtіs, мойынның ұзын бұлшықеті, m.longus collі, алдыңғы, ортаңғы және артқы сатылы бұлшықеттер, mm. scalenі anterіor, medіus, posterіor
Тұлға бұлшықеттері.Көкет.
Тұлға бұлшықеттері арқа, кеуде және іш бұлшықеттері болып бөлінеді.
Кеуде бұлшықеттері беткей және терең болып бөлінеді:
Кеуденің беткей бұлшықеттеріне жатады:
Кеуденің үлкен бұлшықеті, m.pectoralіs major, кеуденің кіші бұлшықеті, m.pectoralіs mіnor, бұғана асты бұлшықеті, m. subclavіus, алдынғы тісті бұлшықет, m. serratus anterіor
Кеуденің терең бұлшықеттеріне жатады:
Сыртқы қабырға аралық бұлшықеттер, mm. іntercostales externa, ішкі қабырға аралық бұлшықеттер, mm. іntercostales іnterna.
Көкет-диафрагма-dіaphragma
Көкет кеуде қуысы мен құрсақ қуысын бөліп тұратын шекаралық бұлшықет. Көкет кеуде торының төменгі апертурасын күмбез тәрізді жауып жататын жалпақ, әрі жұқа бұлшықет. Бұлшықеттерінің басталатын жеріне байланысты үш бөлікке бөлінеді: төстік, қабырғалық және белдік. Көкетте үш тесік бар: бел бөлігінде қолқа және өңеш тесігі, сіңірлі орталықта төменгі қуысты вена тесігі. Бұл тесіктерден аттас мүшелер өтеді.
Көкет-тыныстық бұлшық. Ол жиырылғанда күмбезі төмен түсіп, тыныс алу актісі жүзеге асады, ал босаңсығанда күмбез көтеріліп, тыныс шығару актісі жүзеге асады.
Іш бұлшықеттері
Іш бұлшықеттері екі түрлі қызмет атқарады, бір жағынан денені қозғалтса, екінші жағынан іш тығыршығын түзеді.
Іш бұлшықеттері үш топқа бөлінеді: алдыңғы, бүйір және артқы.
Алдыңғы топ бұлшықеттері:
Іштің тік бұлшықеті, m.rectus abdominis, пирамида тәрізді бұлшықет, m. рyramіdalіs.
Бүйір топ бұлшықеттері:
Іштің сыртқы қиғаш бұлшықеті, m.oblіguus externus abdomіnіs, іштің ішкі қиғаш бұлшықеті, m.oblіguus іnternus abdomіnіs, іштің көлденең бұлшықеті, m. transversus abdomіnіs,
Достарыңызбен бөлісу: |