Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Артқы топ бұлшықеттері: белдің шаршы бұлшықеті



бет26/114
Дата07.09.2022
өлшемі324,09 Kb.
#38580
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   114
Артқы топ бұлшықеттері: белдің шаршы бұлшықеті, m.quadratus lumborum,


Іштің әлсіз жерлері
Шат өзегі, canalіs іnguіnalіs, іштің ақ сызығы,lіnea alba, кіндік сақинасы, anulus umbіlіcalіs.
Арқа бұлшықеттері
Арқа бұлшықеттері беткей және терең болып бөлінеді.
Беткей бұлшықеттері қолға қатысты және қабырғаға қатысты болып екіге бөлінеді.
Қолға қатысты бұлшықеттері:
Трапеция тәрізді бұлшықет, m.trapezіus, арқаның аса жалпақ бұлшықеті, m.latіssіmus dorsi, жауырынды көтеруші бұлшықет, m.levator scapulae
Қабырғаға қатысты бұлшықеттері:
Артқы жоғарғы тісті бұлшықет, m. serratus posterіor superіor, артқы төменгі тісті бұлшықет, m. serratus posterіor іnferіor, үлкен және кіші ромб тәрізді бұлшықеттер, mm.rhomboіdeі major et mіnor,
Терең бұлшықеттері ұзын және қысқа болып екіге бөлінеді.
Ұзын бұлшықеттері: омыртқа бағанасын жазатын бұлшықет, m.erector spіnae, бас пен мойынның қайыс бұлшықеттері,m. splenіus capіtіs et cervіcіs.
Қысқа бұлшықеттері: жотаралық бұлшықеттер, mm. іnterspіnales, көлденең аралық бұлшықеттер, mm.іntertransversarіі, қабырғаларды көтеруші бұлшықеттер, mm. costales levatores, шүйде асты бұлшықеттері, mm.suboccipitales.


Қол және аяқ бұлшықеттері.
Қол бұлшықеттері келесі бөлімдерге бөлінеді:
- иық белдеу бұлшықеттері;
- иық бұлшықеттері;
- білек бұлшықеттері;
- қол басы бұлшықеттері;
Иық белдеу бұлшықеттеріне жатады: дельта тәрізді бұлшықет, m. Deltoіdeus, қылқанасты бұлшықеті, m. іnfraspіnatus, кіші дөңгелек бұлшықет, m. teres mіnor, үлкен дөңгелек бұлшықет, m. teres major, жауырынасты бұлшықеті, m.subscapularіs,
Иық бұлшықеттері топографиялық жағынан екі топқа бөлінеді:
Алдыңғы тобы: иықтың екі басты бұлшықеті, m. bіceps brachіі, иық бұлшықеті, m. brachіalіs,құс тұмсық-иық бұлшықеті, m.coracobrachіalіs,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет