Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Тістер, түрлері, құрылысы



бет33/114
Дата07.09.2022
өлшемі324,09 Kb.
#38580
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   114
Тістер, түрлері, құрылысы.
Тістер, dentes, тағамды механикалық өңдеуден өткізетін сүйекті өсінділер. Сонымен қатар тістер сөйлеуге де қатысады. Әрбір тіс сауытынан, мойнынан және түбірінен тұрады. Тіс сауыты, corona dentіs, тістің көрініп тұратын бөлігі мойыны,collum dentіs, қызыл иекпен жабылып тұратын жері, ал жақ сүйектерінің ұяшықтарына еніп орналасатын жерін тіс түбірі, radіx dentіs, деп атайды. Тіс сауытының бес беті бар:1) кіре берістік беті; 2) тілдік беті; 3) шайнау беті; 4,5) түйісу беттері. Тіс түбірінің үшкірленіп біткен жері ұшы деп аталады. Ұшында жай көзбен-ақ көрінетін тесігі ғана болады. Ол тесік арқылы тістің ішіне қан тамырлары мен жүйке талшықтары кіреді. Тістің іші қуыс, cavіtas dentіs, болады. Ол қуысты қан тамырлары мен жүйке тамырларына бай, борпылдақ дәнекер тінді–пульпа, pulpa dentіs, толтырып тұрады. Тістің түбірі – перидонт және ұяшық қабырғасы бірігіп, тіс ағзасын құрайды.
Тістің қаңқасын қатты түсті зат дентин құрайды. Тістің сауыты эмальмен, ал түбірі цементпен қапталады.
Адамда тістің төрт түрі бар: күрек тістер (dentes incisivi), ит тістер (dentes canini), кіші азу тістер (dentes premolares) және үлкен азу тістер (dentes molares). Күрек тістер тістеу, ит тістер үзу, ал кіші және үлкен азу тістер шайнау қызметтерін атқарады.


Сүт және тұрақты тістер, олардың формуласы.
Адам өмірінде тіс екі рет алмасады. Алғашқысы уақытша немесе сүт тістер, одан кейінгісі тұрақты тістер деп аталады.
Сүт тістер, dentes decіduі, бала өмірге келгеннен кейін 6-7 айлығында алғашқы сүт тістері шыға бастайды да, 3 жасқа дейін толық шығып бітеді. Сүт тістердің жалпы саны – 20.
Тұрақты тістер, dentes permanentes, баланың 6-7 жасында сүт тістері түсіп, орнына тұрақты тістер шыға бастайды. Олардың жалпы саны – 32.
Адамның тістері симметриялы түрде жоғарғы және төменгі тіс доғаларында орналасады. Әрбір доға 16 тістен, доғаның бір жағы 8 тістен тұрады. Барлық тістерді тіс формуласы түрінде жазуға болады.
Бұл формулаларда горизонталды сызық бойымен жоғарғы жақта орналасқан тістер, одан төменгі жағында төменгі жақта орналасқан тістер болып табылады. Вертикалды сызық тістерді оң және сол жақ бөліктерге бөледі. Бір бөлігінде: екі күрек тіс, бір ит тіс, екі кіші азу тіс және үш үлкен азу тістер орналасады.
Сүт тістердің ішінде кіші азу тістер болмайды, ал үлкен азу тістер екеу ғана болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет