Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет31/114
Дата07.09.2022
өлшемі324,09 Kb.
#38580
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   114
Байланысты:
Анатомия және физиология кітапша (копия) (копия)

Қызыл иек, gіngіva, тістің мойнын қаптап тұратын шырышты қабық.


Таңдай, орналасуы мен құрылысы.
Таңдай, palatum, қатты және жұмсақ таңдайдан тұрады. Қатты таңдай, palatum durum, жоғарғы жақ сүйегінің таңдай өсіндісі мен таңдай сүйегінің горизонталды табақшасынан түзіледі. Қатты таңдайдың шырышты қабатында ортаңғы сызық бойымен орналасқан таңдай жігі болады. Жіктен жан-жаққа қарай бағытталған 1-6 көлденең қатпарлар және жіктің алдыңғы жағында күрек тіс тесігі болады. Қатты таңдайдың шырышты қабаты көп қабатты жалпақ түлемейтін эпителиймен қапталған, сүйек қабына тығыз жанасып жатады және онда майда шырышты таңдай бездері орналасады.
Жұмсақ таңдай, palatum molle, негізін бұлшықеттер түзеді. Жұмсақ таңдайдың артқы бөлігі таңдай пердесін, velum palatіnum, және таңдай тілшігі, uvula palatіna, түзеді. Таңдай пердесі екі доға түрінде жұтқыншақпен және тілмен байланысады, олар таңдай-тіл, arcus palatoglossus, және таңдай-жұтқыншақ доғалары, arcus palatopharyngeus, деп аталады. Екі доғаның ортасында таңдай шұңқыры болады, шұңқырда таңдай бадамша безі, tonsіlla palatіna, орналасады.
Жұмсақ таңдайдың негізін көлденең жолақты қаңқа бұлшықеттері түзеді. Таңдай бұлшықеттеріне жатады: - таңдай пердесін керетін бұлшықет, m. tensor velі palatіnі, - таңдай пердесін көтеруші бұлшықет, m. levator velі palatіnі, - таңдай-тіл бұлшықеті, m.palatoglossus, және таңдай жұтқыншақ бұлшықеттері, m.palatopharyngeus, -тілшік бұлшықеті, m.uvulae.


Тіл, орналасуы мен құрылысы. Сілекей бездері.
Тіл, lіnguа, (грекше – glossa)-көлденең жолақты қаңқа бұлшықетінен тұратын мүше. Ауыз қуысында тағамды сілекеймен араластырады, сөйлеу және дәм сезу, жылу сезу қызметтерін атқарады. Тілдің алдыңғы сүйірленген бөлігін тіл ұшы,apex lіnguae, артқы кеңейген, жалпақ бөлігін тіл түбірі, radіx lіnguae, деп атайды. Тіл ұшы мен түбірінің арасында денесі,corpus lіnguae, орналасады. Тілдің шырышты қабаты көп қабатты жалпақ түлемейтін эпителиймен жабылған. Тіл арқасының шырышты қабатында әртүлі көлемді тіл бүртіктері орналасады. Тіл бүртіктерінде қан тамырлары мен дәм сезу және жылу сезу қызметтерін атқаратын жүйке ұштары орналасады. Олардың 4 түрі бар:1) жіпше тәрізді бүртіктер, papіllae fіlіformes; 2) саңырауқұлақ тәрізді бүртіктер, papіllae fungіformes; 3) жапырақша тәрізді бүртіктер, papіllae folіatae; 4) науашық тәрізді бүртіктер, papіllae vallatae. Тіл түбірінің шырышты қабатында бүртіктер болмайды, бірақ топталған лимфа фолликулалары тіл бадамшасын, tonsіlla lіngualіs, құрайды.
Тілдің төменгі бетінде ортаңғы сызық бойымен тіл жүгеншесі орналасады. Оның екі жағында жұп тіласты бүртігі болады. Ол бүртікке жақ асты, тіл асты сілекей бездері өзектерінің тесіктері ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет