Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Көкбауыр. Орналасуы. Құрылысы мен қызметі



бет86/114
Дата07.09.2022
өлшемі324,09 Kb.
#38580
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   114
Көкбауыр. Орналасуы. Құрылысы мен қызметі.
Көкбауыр, splen (lien), иммунды жүйенің ең ірі мүшесі, салмағы 140-200 гр жуық. Көкбауыр (талақ) сол қабырға доғасының астында, ортаңғы қолтықасты сызығымен ІХ және ХІ-ші қабырғалардың арасында анықталады. Мүшенің көкетпен жанасатын – көкеттік беті, facies diaphragmatica; асқазанмен, жиектік ішектің сол иілімімен, сол бүйрекпен, сол бүйрек үсті безі және ұйқы безінің құйрығымен жанасатын – висцералды беті, facies visceralis, бар.
Көкбауырдың түсі қошқыл-қызыл, консистенциясы жұмсақ болады. Мүшенің висцералды бетінде қақпасы орналасқан.
Көкбауырдың паренхимасы ақ және қызыл ұлпадан түзіледі. Ақ ұлпа, pulpa alba, лимфоидты түйіншелерден, қызыл ұлпа, pulpa rubra, қызыл түс беретін эритроциттерге, лимфоциттерге, макрофагтарға толы ретикулярлы тіннен тұрады. Көкбауырда өмірлік циклін аяқтаған эритроциттер бұзылады, сонымен қатар Т-және В-лимфоциттер іріктеледі.


Лимфаның құрамы, қасиеттері мен қызметі.
Лимфа мөлдірлеу, ересек адамда сәл сарғыштау, жаңа туған нәрестеде сүт түстес ақ. Реакциясы сілтілі (рН-8-9). Химиялық құрамы жағынан қан плазмасына ұқсас, бірақ ақуыз мөлшері аз.
Лимфада тромбоцит, эритроцит жоқ. Сондықтан лимфа өте баяу ұйиды. Оның ұю мерзімі 10-15 минут (қанда ұю 3-4 мин). Ұйыған кезде сарғылт түсті жұмсақ қоймалжыңға айналады. Құрамында К витамині көбейіп, кальций тұздары тез сіңетін болса, лимфа әдеттегіден анағұрлым тез ұйиды.
Лимфада липидтер болады, олардың мөлшері көбейсе, лимфаның түсі сүттей болып ағарады.
Лимфа құрамында адреналин. тироксин, эстроген, тестостерон т.б. гормондар, көптеген ферменттер (амилаза, мальтаза. диастаза, протеаза т.б.) болады.
Лимфа жүйесі әртүрлі қызмет атқарады:
1.Зат алмасуға қатысады. Ақуыз, көмірсу, май алмасуына қатысады.
2.Дренаждық қызмет-лимфа жүйесі венамен бірге денедегі ағзаларда артық тінаралық сұйықтықты сорып алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет