3.Сіңіру қызметі. Лимфа капиллярларының эндотелиі- өткізгіш, сондықтан әдетте қан капиллярларына өте алмайтын көптеген заттар тінаралығынан тікелей лимфаға өтеді.
4. Май алмасу процесіне қатысады. Ішек арқылы сіңу барысында түзілген май мен май қышқылдары лимфа капиллярларына енеді де лимфа жүйесі арқылы жалпы қанайналымына қосылады, одан әрі денеде май қоры болып жиналады (депо).
5. Иммунитет және лимфоцит түзу қызметі — антиген түзетін жасушалар
лимфа түйіндерінде жаралады.
6. Тосқауылдық (барьерлік) қызметі. Әртүрлі микроағзалар, табиғаты басқа зиянды заттар, ісік жасушалары лимфа түйіндерінде ұсталып одан әрі өте алмайды, мұның нәтижесінде олар тосқауылға (механикалық сүзгіге) айналады: бұл қызметті лимфа түйініндегі ретикулярлық элементтер атқарады, ал биологиялық сүзгі ретінде лимфа тініндегі фагоциттік мәні арта түседі.
7. Кальций, фосфор тұздарының А, К, Е липовитаминдердің алмасуына қатысады. Олар лимфа жүйесіне енеді де одан әрі лимфа ағынымен қанға өтеді.
8. Су алмасу процесіне қатысады.
9.Лимфа ішкі ағзалар қызметінің қан арқылы реттелуіне қатысады.
Жүрек жұмысының сыртқы көріністері (жүрек ұшы түрткісі, жүрек тондарын тыңдау нүктелері). Клинико-физиологиялық әдіс жүрек жұмысының сыртқы көріністерін тексеруге мүмкіндік береді. Бұл әдістің түрлеріне пальпация, аускультация әдістері жатады.
Пальпация бұл сипап, ұстау әдісі, яғни жүрек түрткісінің орнын және күшін анықтайды. Жүрек қарыншалары жиырылған кезде оның ені кеңейіп, ұшы көтеріліп, кеуденің алдыңғы қабырғасына соғылады, сөйтіп жүрек ұшы тиген жері лүпілдеп тұрады. Жүрек түрткісі орны сол жақта V-VI қабырғалар арасында, сол бұғаның ортасынан төмен қарай өткізілген сызықтың V қабырға мен түйіскен жерінен 1 см оңға қарай орналасқан.
Аускультациябұл тыңдау әдісі, яғни жүрек тондарын тыңдап тану. Жүрек тондарын фонендоскоп арқылы тыңдаймыз. Жүрек циклы кезінде екі тон естіледі: I- тон систолдық және II- тон диастолдық. Систолдық тон қарыншалар жиырылған кезде пайда болады, ол тон дыбысы үнсіз созыңқы болып келеді. Систолдық тон жүрек түрткісі тұсында айқын естіледі. Диастолдық тон қарыншалардың босаңсуы кезде пайда болады, ол тон ашық, жоғары әрі қысқа келеді. Жүректің тыңдау келесі нүктелері бар:
Систолалық тон төмендегі нуктелерінде тыңдалады