Анатомия пәні бойынша дәрістер жинағы Дәріс. Кіріспе. Анатомия ғылымының даму тарихына қысқаша шолу. Адамның табиғаттағы жүйелік орны


 Дәріс. Жеке динамикалық тәнтану. Дене сипатының тәнтанулық сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет15/35
Дата19.05.2023
өлшемі398,67 Kb.
#94889
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
Байланысты:
Адам анатомиясы лекция

7. Дәріс. Жеке динамикалық тәнтану. Дене сипатының тәнтанулық сипаттамасы 
Тік тұру қалпы. Адам тік тұрғанда тұрақсыз тепе – теңдік жағдайында болады. Тік тұрған 
кезде екі аяқтың табан жақ беттері еденмен және кеңістікпен жанасады. Табанның еденмен және 
кеңістікпен жанасу алаңынан тірек ауданы түзіледі. Аяқ басының ең басты тірек аудандары өкше 
сүйегі мен табан сүйектерінің бастарына тура келеді. Аяқ басында тірек үш бұрышты болады. Бұл 
үшбұрыштың бұрыштары артқы жақта – өкше дөңесінен, алдыңғы жақта – 1-ші және 5-ші табан 
сүйектерінің бастарынан түзілген. Дегенмен, аяқ басының алдыңғы бөлігінің өте “қатты” ортаңғы, 
ішінара 2-ші және 3-ші табан сүйектерінің бастары болып табылады. 
Тік тұру қалпының 3 түрі бар: 

Антропометрлік қалып (қалыпты күй);

еркін тұру қалпы (қолайлы күй);

тік тұру қалпы (тұла бойды тік ұстап тұру). 
Антропометрлік қалып – кезінде дененің жалпы ауырлық орталығы аяқ пен қолдың ірі 
буындарының көлденең біліктері және дененің жекелеген бөліктерінің ауырлық орталықтары маңдай 
жазықтықта орналасқан. Антропометрлік қалып әр түрлі өлшеулерге негіз болып табылады. Атап 
айтқанда бойдың ұзындығын өлшегенде пайдаланады. Адамның бойының ұзындығын өлшеген кезде 
бой өлшегіш немесе қабырғаға: желкесін, жауырынын, жамбасын және өкшесін тигізіп барынша тік 
тұрған күйінде өлшейді.
Еркін тұру қалпында – жалпы ауырлық орталығы ұршық буынының көлденең білігінің 
жағымен, ал тізе және тілерсек буындарының көлденең білік алдынан өтеді. Еркін тұру қалпы кезінде 
мықын артқа қарай қисаяды, ұршық буынының білігінің алдында айнала алмайды, өйткені мықын – 
ортан жілік байланысы тартып тұрады. 
Тік тұру қалпы – кезінде жалпы ауырлық орталығының тік сызығы (білігі) аяқтың барлық ірі 
буындарының көлденең біліктерінің алдынан өтеді. Бұл қалып кезінде тұлға ұршық буынан алға 
қарай бүгіледі. Бірақ бұған ұршық буынының артқы бетіндегі бұлшық еттерінің жиырылуы кедергі 
келтіреді. Аяқтың басқа буындарындағы жағдай бұл қалып кезінде еркін тұру қалып кезіндегіге ұқсас 
болады. Талданған 3 қалыптың ішіндегі ең қолайлысы – еркін тұру қалпы. Дененің тірек ауданы 
біркелкі пайдаланылмайтындықтан антропометрлік қалып қолайсыз, өйткені алдыңғы жақта тірек 
беткі көбірек, ал арт жақта азырақ болады. Сондықтан дене тепе-теңдік қалыптан тез ауып кетеді.
Тұла бойды тік тұру қалпын сақтау үшін бұлшық еттер барынша күшті жиырылады да тез 
шаршайды, сөйтіп бұл күй де ұзақ пайданануға қолайсыз.
Тік тұрудың қайсысы болса да бұлшық еттердің жиырылу қызметіне тікелей байланысты. 
Отыру қалпынан жату қалпынан, тік тұру қалпына ауысу тыныс жүйесіндегі қозғалысты күшейтіп, 
газ алмасуды тездетеді және жүректің соғуын арттырады. 
Спорттың тік тұруында бүкіл бұлшық еттер құрысады. Соның ішінде: арқа, құрсақ, аяқ бұлшық 
еттерінің әсіресе санның төрт басты бұлшық етінің құрысуы артады.
Тік тұру қалыпының түрлерінен басқа да иықты тік ұстап, денені ұстай білдірудің түрлерін де 
арттырады. 


11 
Денені ұстай білу әр адамда, қаңқасының құрылысын, бұлшық еттердің құрылысына, жүйке 
жүйесінің жай күйіне, ішкі мүшелердің орналасу ерекшеліктеріне байланысты. Денені ұстай білуге 
жаттығулар ықпал етеді. Денені дұрыс ұстай білсе ішкі мүшелердің солардың ішінде өкпе мен 
жүректің жұмысына қолайлы жағдай туады. Денені дұрыс ұстай білудің топтастырудың көптеген 
түрлері бар. Соның ішіндегі ең қарапйымы Штрацтың классификациясы бойынша 2 түрге бөледі: 
жаман және жақсы сымбат (денені ұстай білу). Броунның топтастыруы бойынша 4 түрге бөледі: өте 
жақсы, жақсы, орташа және нашар. 1-ші өте жақсы – сымбатты адам еркін тұрғанда көкірегі алға 
шығыңқы, құрсақ ішке тартылған, аяқтары түзу, екі тізе бір-біріне жанасып тік тұрады. 2-ші түрі екі 
тізе бір-біріне жанасады, бірақ көкірек пен құрсақ маңдай жазықтықта бір деңгейде болады. 3-ші – 
көкірекке қарағанда құрсақ алға шыққан, тізе бір-бірінен, алшақ жанаспайды. 4-ші – екі иығы алға 
кетіп, арқасы бүкірейіп шығып тұрады, аяғы бір-бірінен алшақ, қисайып тұрады.
Дені сау адамдарда көп жағдайда 2-ші сирек жағдайда 3-ші түрі кездеседі. 4-ші түрі бұлшық 
еттердің құрысуы әлсірегенде дене жаттығуларымен айналыспайтын адамдарда көбірек ұшырасады.
Жақсы сымбатты сақтауды омыртқаларды жазатын бұлшық еттердің маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет