Анатомия пәні бойынша дәрістер жинағы Дәріс. Кіріспе. Анатомия ғылымының даму тарихына қысқаша шолу. Адамның табиғаттағы жүйелік орны



Pdf көрінісі
бет16/35
Дата19.05.2023
өлшемі398,67 Kb.
#94889
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
 
 
 
 
 
Ішкі мүшелер жүйелеріне шолу. Асқорыту жүйесінің құрылыс ерекшеліктері. Асқорыту 
мүшелері мен асқорыту бездерінің құрылысы. 
 
Ішкі мүшелер жүйесіне – асқорыту, тынысалу, зәр шығару және жыныс жүйелері жатады. 
Бұл мүшелер жүйесіне жататын мүшелердің көпшілігі кеуде, құрсақ және жамбас қуыстарында 
орналасады. Олар организмдегі (жыныс жүйесінен басқалары) зат алмасу процесін реттеуге де 
қатысады. 
Адам денесінде үлкенді-кішілі бірнеше қуысты ажыратады. Олар перикардиальды (жүрек пен 
ірі қантамырлар орналасқан), плевральды (өкпені қоршап жатқан) және перитонеальды (кеуде 
және құрсақ қуысын астарлап жатқан) деп бөлінеді.
Асқорыту жүйесінің құрылыс ерекшеліктері. Асқорыту мүшелерінің құрылыс ерекшеліктері 
адамның қандай тағамдармен тамақтану ерекшеліктеріне сәйкес қалыптасады. Адам өсімдіктекті де, 
жануартекті де тағамдармен қоректенетіні белгілі. Асқорыту мүшелерінде тағам дық заттар 
механикалық және химиялық өзгерістерге ұшырайды. 
Асқорыту жүйесіне асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері жатады. Асқорыту мүшелеріне – 
ауыз қуысы (ондағы қосымша мүшелер), жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ащы ішек және тоқ ішек 
жатады. Ал, асқорыту бездеріне үш жұп сілекей бездері, бауыр және ұйқы безі жатады. 
Асқорыту мүшелерінің қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Оның ішкі қабаты – сілемейлі 
(шырышты), ортаңғы қабаты – бұлшықетті, сыртқы қабаты – сір қабат деп аталады. Асқорыту 
мүшелерінің сілемейлі қабатындағы көптеген ұсақ бездер мүшелерді үнемі дымқылдап отырады. 
Ауыз қуысы және ондағы мүшелер. Ауыз қуысы ұрт және нағыз қуысы деп екі бөлімге 
бөлінеді. Ауыз қуысында тіл, тістер және үш жұп (шықшыт, тіласты, жақасты) сілекей бездері 
орналасқан. Тіл - көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан түзілген, ол дәм сезу және дыбыс 
шығаруға да қатысады. 
Тістер (dentеs) пішініне және атқаратын қызметіне сәйкес күрек, сойдақ, кіші және үлкен азу 
тістер деп 4 топқа бөлінеді. Ересек адамдарда 32 (тұрақты тістер), жеті жасқа дейін 20 сүт тістер 
болады. Тістің негізгі заты – дентин деп аталады. Әрбір тістің – сауытын, мойнын және түбірін 
ажыратады. Тістің формуласын жазған кезде әрбір жақ сүйегінің бір жартысында орналасқан тістер 
ғана есепке алынып, оны екіге көбейтеді. Әрбір тістің латынша атауларының бастапқы әріптері 
жазылып сызықшаның үстіне үстіңгі жақ сүйегіндегі, ал сызықшаның астына астыңғы жақ 
сүйегіндегі тістердің саны жазылады. Күрек тістер –incicivi; сойдақ тістер-canini, кіші азу тістер- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет