Анатомия пәні бойынша дәрістер жинағы Дәріс. Кіріспе. Анатомия ғылымының даму тарихына қысқаша шолу. Адамның табиғаттағы жүйелік орны


Бастың және мойынның бұлшықеттері. Тұлға (арқа, құрсақ, көкірек) бұлшықеттері



Pdf көрінісі
бет13/35
Дата19.05.2023
өлшемі398,67 Kb.
#94889
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Бастың және мойынның бұлшықеттері. Тұлға (арқа, құрсақ, көкірек) бұлшықеттері 
 
Бастың бұлшықеттері сүйектерге бекіну ерекшеліктеріне сәйкес шайнау және ымдау 
бұлшықеттері деп екі топқа бөлінеді. Шайнау бұлшықеттерінің бір шеті астыңғы жақ сүйегіне 
бекініп, шайнау қимылына қатысады. Ал, ымдау бұлшықеттерінің бір шеті сүйектен немесе теріден 
басталып теріге бекиді де, олар жиырылған кезде адамның бет әлпеті өзгереді.
Мойынның бұлшықеттері – орналасу ретіне сәйкес беткі, ортаңғы және тереңде жатқан 
бұлшықеттер деп бөлінеді. 
Тұлғаның бұлшықеттері орналасатын орнына байланысты арқа, көкірек және құрсақ 
бұлшықеттері деп үш топқа бөлінеді. Әр топқа жататын бұлшықеттердің өзі теріге жақын және 
тереңде жатқан бұлшықеттер деп бөлінеді. Тұлғаның тергіе жақын жатқан ең ірі бұлшықеттерін 
(трапеция тәрізді, көкет (диафрагма), көкіректің үлкен бұлшықеті, сыртқы және ішкі қабырғааралық, 
алдыңғы тіс тәрізді, құрсақтың тік, сыртқы қиғаш, ішкі қиғаш жалпақ) атап өту қажет. 
 
Иық белдеуі мен қолдың және жамбас белдеуі мен аяқтың бұлшықеттері
Иық белдеуі мен қолдың бұлшықеттері – иық белдеуі мен қол сүйектерін бүгу, жазу және 
бұру қозғалыстарын жасауға септігін тигізеді. Иық белдеуінде – дельта тәрізді, жауырын асты, үлкен 
және кіші жұмыр бұлшық еттер т.б. бар. Қол қарындағы ірі бұлшықеттерге – екі басты, үшбасты, қар 
т.б. жатады. Білектегі бұлшықетттер негізінен екі топқа (бүгетін, жазатын) бөлінеді. 
Жамбас белдеуі мен аяқтың бұлшықеттері. Жамбас белдеуінің бұлшықеттері омыртқа 
жотасы мен аяқты қозғалысқа келтіреді. Жамбас белдеуіндегі бұлшықеттердің орналасуына сәйкес 
екі топқа (алдыңғы, артқы-сыртқы) бөледі. Алдыңғы жағында мықын – бел, артқы жағынан үлкен, 
ортаңғы және кіші бөксе бұлшықеттері орналасқан. Санның бұлшықеттері – алдыңғы, ішкі, артқы деп 
үш топқа бөлінеді. Сандағы бұлшықеттер әрі ірі, әрі жалпақ пішінді болып келеді. Алдыңғы тобына 
– белдік пішінді, төртбасты бұлшықеттер жатады. Артқы тобынажартылай сіңірлі, жартылай 
жарғақты, екібасты бұлшықеттер жатады. Ішкі тобына – тарақ пішінді, сымбат, санды бұратын ұзын, 
қысқа, үлкен бұлшықеттер жатады. Балтырдың бұлшық еттері балтырға белгілі пішін беріп тұратын 
ірі үшбасты (нағыз балтыр және камбала пішінді) бұлшық еті орналасқан. Табандағы шағын көптеген 
бұлшықеттер табанның астыңғы жағында орналасқан, табан сүйектерін бүгу қозғалысын жасауға 
жағдай жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет