Анатомия пәні бойынша дәрістер жинағы Дәріс. Кіріспе. Анатомия ғылымының даму тарихына қысқаша шолу. Адамның табиғаттағы жүйелік орны



Pdf көрінісі
бет4/35
Дата19.05.2023
өлшемі398,67 Kb.
#94889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Адам анатомиясы лекция

 
 
 
 
Адамның жануарлар дүниесінің әрбір жүйелік топтарына тән ұқсас белгілері: 
Р/с Жүйелік топтар 
Адам ағзасындағы ұқсастық белгілер 

Хордалылар 
(желілер) типі 
Ұрығының дамуында хор даның (желінің), жүйке түтігінің, жұ тқыншақтың 
екі бүйірінде көптеген желбезек саңылау ларының болуы.

Омыртқалылар тип 
тармағы 
Денесінің арқа жағында ұзына бойы орналасқан көптеген омыртқалар
тізбегінен тұратын омыртқа жо тасының болуы. Миының бес бөлімге 
(алдыңғы, аралық, ортаңғы, сопақша ми және мишық) бөлінуі; екі жұп 
(алдыңғы және ар тқы) аяқтарының болуы; жүрегінің денесінің құрсақ 
жағында орналасуы. 

Сүтқоректілер 
класы 
Терісінде тер, май және сүт бездері мен түктерінің болуы; ми қыртысының 
күрделі дамуы, тістер інің жеке топтарға (күрек, сойдақ, кіші және үлкен азу
тістер) жіктелуі; кеуде қуысы мен құрсақ қуысының арасын бөліп тұратын 
көкеттің (диафрагма) болуы; қалдық белгілер (рудимент) мен арғы ата 
тегінің белгілер ін (атавизм) қайталауы және т.б. 

Нағыз аңдар класс 
тармағы 
Етті еріндерінің болуы; ұрпағын тір і туып, сүтпен асырауы; сүт бездерінің 
ұшында ұрпағы еметін емшектің болуы және т.б.

Ұрықжолдастылар 
инфракласы 
Жатыр мен ұрықты байланыстырып тұратын ұрықжолдасының (плацента) 
болуы; ұрығының аналық ағзадағы арнайы мүше – жатырда дамуы және 
ұрығының ұрықжолдасы арқылы қоректенуі және т.б.

Маймылдар отряды
(приматтар) 
Кеу де тұсында бір жұп сү т бездер інің болуы; саусақтарының ұштарында
мүйізді тырнақтары мен алақанында бедерлі өрнектерінің болуы; алдыңғы 
аяқтарындағы басбармағының басқа саусақтарға қарама-қарсы орналасуы; 
етеккір кезеңінің ұқсас болуы; жү ктілік мерзімінің 9 айға дейін созылуы т.б. 

Жоғары 
сатыдағы 
маймылдар 
отряд 
тармағы 
Көпшілік түрлер інде құйрығының болмауы; миының мөлшерінің төменгі 
сатыдағы маймылдардан едәуір үлкен болуы; алдыңғы ми сыңарларында 
көптеген 
сайшалар 
мен 
иірімдер дің 
болуы; 
саусақтарындағы 
тырнақтарының жалпақ (үшкір емес) болуы; қан топтары мен қан 
құрамындағы резус-факторлардың ұқсас болуы және т.б. 

Тартанаулы 
маймылдар 
инфраотряды
Мұрын қуысының перде арқылы тар қуыстарға бө ліну і; танау тесіктерінің 
бір-біріне жақын, әрі төмен қарай орналасуы. Миының жақсы дамуы және 
т.б. 

Адамтектес 
маймылдар 
тұқымдас үсті 
Тұлғасының ір і болуы; ұртының жақсы дамуы; шонданайында сүйелді 
түзілістің болуы; құлақ қалқанының ұқсастығы; үлкен ми сыңарларының 
маңдай бөлігінің жақсы дамуы; көптеген ішкі мүшелер інің (бүйрек, өкпе, 
т.б.) құрылысының ұқсас болуы; қалдық мүшелердің (аппендикс, т.б.) 
сақталуы; иммундық қасиеттер інің ұқсастығы; көптеген жұқпалы 
аурулардың таралуының ұқсас болуы және т.б.
10 
Адамдар тұқым дасы Екі аяғымен тік жүріп тіршілік етуі; аяқ-қол бұ лшықеттерінің жақсы дамуы, 
табан сүйектерінің күмбезденіп орналасуы, бесбармақтарының өте күшті 
дамуы; қолбасы сүйектерінің күрделі қозғалыстар жасауға икемділігі; 
омыртқа жотасында 4 иілімнің пайда болуы; жамбас қуысының кең болуы; 
бассүйегіндегі ми сауыты бөлімінің бет бөлім інен едәуір үлкен болуы, 
көзінің биноку лярлық көру ерекшелігі; иық буынының әр түрлі бағытта 
қозғала алуы және т.б. Еңбек құралдарын жасауға қо лының икем болуы; 
қоғамдық еңбек етуіне байланысты санасының жетілуі, сөз арқылы қарым-
қатынас жасауы және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет