7
3
Алғашқы балалық шақ
1-3 жас аралығы
4
Бірінші балалық шақ
4-7 жас аралығы
5
Екінші балалық шақ
8-11жас (қыз бала), 8-12 жас (ұл бала)
6
Жасөспірім шақ
12-15 (қыз бала), 13-16 (ұл бала)
7
Бозбала, бойжеткен
16-20 (қыз бала), 17-21 (ұл бала)
8
Кемел жас (1 кезең)
21-35 (әйелдер), 22-35 (ерлер)
9
Кемел жас (2 кезең)
36-55 (әйелдер) , 36-60 (ерлер)
10
Егде жас
56-74 (әйелдер), 61-74 (ерлер)
11
Қарттық жас
75-90 (әйелдер, ерлер)
12
Ұзақ жасаушылар
90 жастан жоғары
Адамның дене тұрпатының ерекшеліктері. Адамның бойының ұзындығы, дене салмағы, бас
сүйегі мен кеуде қуысы көлемдерінің антропометриялық көрсеткіштері әр адамда өзіне тән
көрсеткіштерімен ерекшеленеді.
Адамның дене бөлімдерінің өзара қарым-қатынас пропорциясы жасына және жынысына
байланысты өзгеріп отырады.
Жаңа туған нәрестенің басы бүкіл денесі ұзындығының төрттен бір бөлігіне тең болады. Ал,
ересек адамның басы бүкіл денесінің ұзындығының сегізден бір бөлігіне тең болады.
Анатомия ғылымында адам денесінің тұрпаты туралы да ұғымдар бар. Адам денесінің
тұрпатының жекелей ерекшелігі тұқымқуалаушылық, сыртқы орта әсерлерімен және әлеуметтік
жағдайлармен ерекшеленеді. Адам дене тұрпатының үш тобын ажыратады: мезоморфты,
брахиморфты және долихаморфты.
Мезоморфты дене тұрпаты бар адамдардың (қалыпты) анатомиялық ерекшеліктері, барлық
өлшемдер бойынша орташа көрсеткіштерді көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: