Анатомия пәні бойынша дәрістер жинағы Дәріс. Кіріспе. Анатомия ғылымының даму тарихына қысқаша шолу. Адамның табиғаттағы жүйелік орны



Pdf көрінісі
бет6/35
Дата19.05.2023
өлшемі398,67 Kb.
#94889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
австралопитектер (оңтүстік маймылдары) деп аталады. Бұлардың қаңқа қалдықтары Оңтүстік және 
Шығыс Африка өңірінен табылды. Олар бұдан 7-8 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Олардың 
бассүйектері Африкадағы адамтектес маймылдарға (шимпанзеге, гориллаға) ұқсас екендігі 
дәлелденді. Австралопитектер екі аяғы мен тік жүріп тіршілік еткен. Олардың миының салмағы 530 
грамдай болған. Олардың бір тармағы епті адам (Homo haвilis) деп аталады. Олардың қаңқа 
қалдықтары бойынша миының салмағы 680-700 г. болған. Австралопитектер де, епті адамдар да 
адамдар (Hominidаe) тұқымдасына жатқызылады. 
Адамның пайда болуының 2-кезеңі – архантроптар (ежелгі адамдар) деп аталады. Кейде 
оларды тік жүретін адам (Homo erectus) деп бір түрге ғана жатқызады. Олар бұдан 1,9 млн. – 600 
мың жылдай бұрын өмір сүрген. Олардың миының салмағы 850-900г. болған. Олардың қаңқа 
қалдықтары Африкадан, Европадан және Азиядан табылған. Архантроптардың жеке топтары – 
питекантроп, синантроп, гейдельберг адамы деп аталады. 
Адам эволюциясының 3 кезеңі - палеоантроптар (ертедегі адамдар) деп аталады. Кейде 
оларды неандерталь адамдары деп те атайды. Олар Африкада, Азияда және Европада кеңінен 
таралып, бұдан 1,5 млн. – 250 мың жыл бұрын өмір сүрген. Олардың миының салмағы орташа 
есеппен 1400 г. болған. 
Адам эволюциясының 4 кезеңі – неоантроптар (жаңа адамдар) деп аталады. Кейде оларды 
кроманьон адамдары деп те атайды. Олар бұдан 50-30 мың жыл бұрын өмір сүріп, жер шарында 
кеңінен таралған. Олардың қаңқа қалдықтары алғаш рет (1868) Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен 
табылғандықтан кроманьон адамдары деп аталған. Олар қазіргі кезде тіршілік ететін саналы 
адамдардың тікелей арғы тегі деп есептелінеді. 
Австралопитектердің, епті адамдардың, архантроптардың, палеоантроптардың және кроманьон 
адамдарының тек қаңқа қалдықтары сақталған. 
Адамның пайда болуында және оның тарихи дамуының алғашқы кезеңдерінде негізінен 
биологиялық факторлар (тіршілік үшін күрес, тұқымқуалайтын өзгергіштік және табиғи сұрыпталу) 
шешуші рөл атқарған. Ал, адамның тарихи дамуының соңғы кезеңдерінде (палеантроптарда, 
неоантроптарды) әлеуметтік факторлардың (еңбек әрекеті, ақыл-ой, сана, қоғамдасып тіршілік ету, 
сөз) әсері күшейе түскен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет