Анатомия пәні бойынша дәрістер жинағы Дәріс. Кіріспе. Анатомия ғылымының даму тарихына қысқаша шолу. Адамның табиғаттағы жүйелік орны



Pdf көрінісі
бет19/35
Дата19.05.2023
өлшемі398,67 Kb.
#94889
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35
Бронхылар (bronchi) – IV арқа омыртқаның тұсынан басталып, үлкен 2 тармаққа бөлінеді. Оң 
жақ бронхы қысқа әрі жуан, ал сол жақ бронхы жіңішке, бірақ ұзындау болып келеді. Бронхылардың 
да қаңқасы жартылай сақина пішінді шеміршектерден тұрады. Ірі бронхы тармақтары ұсақ бронхы 
тармақтарына бөлінеді. Ірі бронхылар бірінші реттік, одан кейінгілері екінші, үшінші реттік деп 
аталады. Бронхылардың ішкі сілемейлі қабығы безді болып келеді. Диаметрі 1-2 мм. Ұсақ бронхы 
тармақтары бронхиолдар деп аталады. Олардың қабырғаларында шеміршектер де, бездер де 
болмайды. Бронхиолдар тікелей өкпе альвеолдарымен байланысады. 
Өкпе (pulmones) – оң және сол жақ өкпе деп бөлінеді. Өкпенің пішіні жоғары ұшы үшкірленіп 
төменгі етегі кең әрі ойысталып келеді. Өкпенің пішіні конус тәрізді. Екі өкпенің біріне-бірі қараған 


13 
беті өкпе қақпасы деп аталады. Оң жақ өкпе жалпақтау әрі шамалы қысқа, ал сол жақ өкпе ұзынша, 
ені қысқа. Оң жақ өкпе ойыс сайшалар (қиғаш, көлденең) арқылы 3 бөлікке (төменгі, ортаңғы, 
жоғарғы) бөлінген. Өкпенің әр бөлігі өз алдына оқшауланған, әрі өзіне тән бронхы тармақтары
қантамырлары, жүйке талшықтары болады. Мұндай оқшауланған өкпенің жеке бөліктері сегмент деп 
аталады. 
Өкпенің әрі құрылымдық, әрі қызметтік бірлігі – ацинус деп аталады. Оған жеке бронхының 
ұсақ 14-16 бронхиол тармақтары және олармен тікелей байланысатын 1500-ге дейін альвеол жолдары 
жатады. Әрбір жеке өкпе бөліктерінде 16-18 ацинустар болады. Екі өкпедегі альвеолдар саны адамда 
600-700 млн., ал олардың жалпы ауданы 120 шаршы метрге жетеді. 
Өкпенің сыртын жұқа дәнекер ұлпалы екі жапырақшадан тұратын плевра қабығы қаптап 
тұрады. Оның ішкі-висцеральды жапырақшасы өкпеге тығыз жанасып жатады, ал сыртқы 
жапырақшасы кеуде қуысын астарлап жатады. Бұл екі плевра жапырақшасының арасындағы тар 
саңылауды плевра қуысы деп атайды. Бұл арада аздаған серозды сұйықтық болады. Ол плевра 
жапырақшаларын үнемі ылғалдап, үйкелісті азайтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет