18
Жүйке жүйесі. Орталық жүйке жүйесі (ми, жұлын).
Жоспары:
1. Жүйке жасушасы – нейрон
2. Жұлынның құрылысы
3. Ми бөлімдері және оның құрылысы
Жүйке жүйесі организмдегі барлық мүшелер қызметтерінің бір-бірімен үйлесімділігін
және организм мен сыртқы ортаның байланыстылығын реттеп отырады.
Жүйке жүйесін шартты түрде
орталық және
шеткі жүйке жүйесі деп 2 бөлімге бөледі.
Орталық жүйке жүйесіне - ми мен жұлын, шеткі жүйке жүйесіне – мидан тарайтын (12 жұп
жүйкелер) және жұлыннан тарайтын (31 жұп жүйкелер) жүйкелер жатады.
Жүйке жүйесін тағы да шартты түрде
соматикалық (анимальдық) және
вегетативтік
(автономиялық) деп те бөледі. Соматикалық жүйке жүйесі
негізінен қаңқа бұлшықеттеріне,
теріге таралады және организм мен сыртқы ортаның байланысын реттеп отырады. Ал,
вегетативті жүйке жүйесі ішкі мүшелердің, бездердің, бірыңғай
салалы бұлшықеттердің ,
жүректің, қантамырлардың қызметін және ұлпалар мен мүшелердегі зат алмасу процестерін
реттеуге қатысады.
Жүйке жүйесіне тән қасиет –
қозғыштық және
қозу өткізгіштік.
Жүйке жүйесінің құрылымдық және қызметтік бірлігі -
нейрон деп аталады. Нейронның
көптеген ұсақ өсінділерін –
дендриттер, ал ұзын бір ғана өсіндісін –
аксон (нейрит) деп
атайды.
Нейрондар бір-бірімен өсінділер арқылы байланысып, синапстарды (грекше “synapsis” -
байланыс) түзеді. Нейрондар атқаратын қызметіне сәйкес 3 топқа (сезгіш, байланыстырғыш
және қозғалтқыш) бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: