Анатомия пәні бойынша дәрістер жинағы Дәріс. Кіріспе. Анатомия ғылымының даму тарихына қысқаша шолу. Адамның табиғаттағы жүйелік орны



Pdf көрінісі
бет25/35
Дата19.05.2023
өлшемі398,67 Kb.
#94889
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
Бадамша бездерге – жұп таңдай, жұп түтікті, сыңар тіл, сыңар жұтқыншақ бездері жатады. Бұл 
бадамша бездердің бәрі жиналып лимфоидты жұтқыншақ сақинасын (Пирогов-Вальдейер) түзеді. 
Бұл бездер ауыз қуысы мен жұтқыншақ байланысқан маңда шеңбер жасай орналасады. 
Лимфоидты түйіндер – адам денесінің әр жерінде шоғырланған. Ондай түйіндерге - бүйен 
ішектегі соқыр ішек өскіні (аппендикс) және асқорыту, тынысалу, зәржыныстық мүшелердің 
сілемейлі қабықтарында орналасқан жекеленген лимфоидты түйіндер жатады. Ащы ішектің мықын 
бөлімінің қабырғасында лимфоидты шоғырлар (Пейеров) орналасқан. 
Лимфа тораптары – лимфа бағаналары мен лимфа өзектерін бойлай орналасады. Мұндай 
тораптарға әкелуші лимфа тамырлары келіп, одан әкетуші лимфа тамырлары шығады. 
Көкбауыр (pien) – құрсақ қуысының жоғарғы бөлімінің артқы жағында 9-11 сол жақтағы 
қабырғалар тұсында орналасқан, салмағы 150-190 г. Көкбауырда қан клеткалары түзіледі, әрі 
уақытша сақталады. 
Лимфа жүйесі арқылы лимфа сұйықтығы тек бір бағытқа қарай, яғни мүшелерден жүрекке 
қарай ағады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


18 
Жүйке жүйесі. Орталық жүйке жүйесі (ми, жұлын). 
 Жоспары: 
1. Жүйке жасушасы – нейрон 
2. Жұлынның құрылысы 
3. Ми бөлімдері және оның құрылысы 
 
Жүйке жүйесі организмдегі барлық мүшелер қызметтерінің бір-бірімен үйлесімділігін 
және организм мен сыртқы ортаның байланыстылығын реттеп отырады. 
Жүйке жүйесін шартты түрде орталық және шеткі жүйке жүйесі деп 2 бөлімге бөледі. 
Орталық жүйке жүйесіне - ми мен жұлын, шеткі жүйке жүйесіне – мидан тарайтын (12 жұп 
жүйкелер) және жұлыннан тарайтын (31 жұп жүйкелер) жүйкелер жатады.
Жүйке жүйесін тағы да шартты түрде соматикалық (анимальдық) және вегетативтік 
(автономиялық) деп те бөледі. Соматикалық жүйке жүйесі негізінен қаңқа бұлшықеттеріне
теріге таралады және организм мен сыртқы ортаның байланысын реттеп отырады. Ал, 
вегетативті жүйке жүйесі ішкі мүшелердің, бездердің, бірыңғай салалы бұлшықеттердің 
жүректің, қантамырлардың қызметін және ұлпалар мен мүшелердегі зат алмасу процестерін 
реттеуге қатысады. 
Жүйке жүйесіне тән қасиет – қозғыштық және қозу өткізгіштік. 
Жүйке жүйесінің құрылымдық және қызметтік бірлігі -нейрон деп аталады. Нейронның 
көптеген ұсақ өсінділерін – дендриттер, ал ұзын бір ғана өсіндісін – аксон (нейрит) деп 
атайды. 
Нейрондар бір-бірімен өсінділер арқылы байланысып, синапстарды (грекше “synapsis” - 
байланыс) түзеді. Нейрондар атқаратын қызметіне сәйкес 3 топқа (сезгіш, байланыстырғыш 
және қозғалтқыш) бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет