Қанатты сөздер Сөздің лексикалық мағыналары



бет7/10
Дата08.11.2022
өлшемі10,48 Mb.
#48575
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
d181d0bbd0b0d0b9d0b4

1-тапсырма. Мәтінді оқып, синонимдерді тап. Мемлекеттік рәміздер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Тудан қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған. Тәуелсіз – егеменді; ту – байрақ; қыран – қырағы, көреген, жіті; заман – кезең, уақыт, дәуір; ғұмыр – өмір.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз. 1.... - өсімдіктердің түбір тарамы....- адам денесіндегі қан жүретін жол. 2. Адамдар... ду етіп күлді.... - жап - жазық жер. 3.... – газет, журнал, кітап шығарумен айналысатын мекеме. Тамағы... болып ауырған адам суық су ішпеуі тиіс. Керекті сөздер: тамыр, баспа, тегіс.


3 –тапсырма.
Құрамында антоним сөздер кездесетін мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар ойлап жаз және мағынасына, жасалу жолына назар аударыңдар.
Мақалдар.
• Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.
• Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.
• Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Жаңылтпаштар.
• Ақ тайлақ ақ па?
Қара тайлақ ақ па?
• Күн бе, түн бе,
Пілге мінбе.
Жұмбақтар.
• Түнде бармын,
Күндіз жоқпын. /жұлдыз/
1-тапсырма. Көп мағыналы сөздердің ішінен алғашқы мағынасын тап
А)Сөздің басы, жолдың басы, адамның басы, таудың басы,жұмыстың басы
Б)Кітаптың беті, адамның беті, судың беті, жер беті
В)сағат тілі , кітап тілі, орыс тілі, техника тілі, адам тілі
2-тапсырма.Көп мағыналы сөздердің қатарын жалғастыр
1 Адамның аяғы,....
2 Домбыраның құлағы,....
3 Жараның ауызы,....
4 Пышақтың жүзі,.....
3–тапсырма. «Тапқыр болсаң, тауып көр». (Қайсысы қай мағынада?)
1. Тәтті ұйқы, тәтті қиял, тәтті алма.
2. Ашық аспан, ашық әңгіме, ашық мінез.
3. Иненің көзі, байлықтың көзі, адамның көзі.
4. Өткір ой, өткір мінез, өткір пышақ.
Алақай, қандай тамаша!
Ендігі кезекте тест тапсырмаларын орындайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет