Андриенко Е. В., педагогика ғылымдарының докторы, профессор; Артамонова Е. И



Pdf көрінісі
бет10/19
Дата01.01.2017
өлшемі11,62 Mb.
#943
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

А.А. Абишова
Информатика кафедрасының меңгерушісі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДЫҢ МӘҢГІЛІК ЕСІМІ
Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының алғашқы ірге тасын қалап, 90
жылдары электронды оқулықтар дайындау жұмысын өзекті мәселе ретінде көтере білген, білімді
ұстаз, білікті маман Жұмабек Айтұлының атыны дәрісханамыз ашылды. Өрісі кең, өресі биік,
парасат иесі, білгір ғалым-ұстаз туралы сыр айтылған.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей осы өмірде мысқалдай да
бір қол  жеткен жетістігіміз бен  биігіміздің   ар жағында қашан  да ұстаз
деген ұлы есім тұрады екен. Осындай өр тұлғалы ұстаздың бірі – Жұмабек
Айтұлы Аитов.
Жұмабек Айтұлы  1945 жылы 27  қазанда дүниеге  келген. Мектептегі
шәкірт шағынан жаны сүйген пәні математика болғандықтан, қабілетті жас
1965  жылы  С.М.Киров  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  университетінің
механика-математика факультетіне оқуға түседі.
1970 жылы аталмыш оқу онын тамамдаған соң, еңбек жолын Крупская
атындағы Семей педагогикалық институтының элементарлық математика
кафедрасында  бастап, бүкіл саналы ғұмырында  аталмыш оқу орнының
өркендеп дамуына өз үлесін қосты.
Жұмабек Айтұлы педагогикалық қызметпен қатар ғылымға бет бұрып, Абай атындағы Қазақ
педагогика  институтында  аспирантурада  оқыды.  Аты  әлемге  әйгілі  атақты  математик,  физика  -
математика ғылымдарының докторы  Яков Михаилович Гольцердің жетекшілігімен  математика
ғылымындағы  күрделі  де  келелі  «Айырымдық  теңдеулердің  параметрдегі  ырғақты  жүйесінде

84
инварианттық қисықтың пайда болуы мен бар болуы» тақырыбында ғылыми еңбек жазып, 1990
жылы кандидаттық диссертация қорғады.
Жұмабек Айтұлының ғылыми еңбегіндегі  математикадағы айырымдық теңдеулер теориясының
нақты  процестерді  зерттеуде  қолдану  ауқымының  кеңеюі  айырымдық  теңдеулер  теориясының
сапалық дамуына әкеледі.
Қозғалмайтын нүктенің маңайында дифференциалдық теңдеулер жүйесінің сызықтық бөлігінің
матрицасының спектрі бірлік шеңберді қиятын жағдайда инварианттық қисықтың пайда болу есебі
Андронов – Хопф бифуркациясы деп аталатын.
Бұл  бифуркация  параметрден  жатық  тәуелді  жүйелер  үшін  толық  зерттелген.  Қарапайым
мысалдардың өзінен параметрден жатық емес тәуелді жүйелер үшін жаңа құбылыстардың мүмкін
екенін байқауға болады.
Жұмабек  Айтұлының  ғылыми  зерттеуінде  айырымдық  теңдеулер  жүйесі  қарастырылады.
Мұндағы – сан түзуі R-дің бойындағы қандай да бір D интервалында өзгеретін параметр, - өлшемі
кхк болатын бойынша үзіліссіз жордан матрицасы, - вектор – функция, бойынша үзіліссіз және xn
бойынша  гомоморфты,  сонымен  қатар  онын  құрамында  xn  –  ге  қатысты  сызықтық  мүшелер
болмайды.
 
 
Параметрден үздіксіз тәуелді сызықты емес айырымдық теңдеулер жүйесінің сызықты бөлігінің
матрицасының спектрі бірлік шеңберді қиятын жағдайда инвариантты қисықтың бар болу шартын
алуды мақсат етті. Бұл мақсатқа жету барысында көп еңбек еткенін білеміз.
Осы жұмысты орындауда қалыпты формалар теориясы мен тұрақтылық теориясының әдістері
қатар қолданылды.  Осы есепті екі өлшемді  сызықтық емес айырымдық теңдеулер  жүйесі үшін
қарастырып, үзіліссіз қалыпты форманың коэффициенттерін бесінші мүшеге дейін есептеудің нақты
формуласын алды. Сонымен қатар бірнеше теоремалар дәлелдеді.
Осындай үлкен теориялық ғылыми жұмыстың  орындалу барысында Жұмабек Айтұлы сандық
әдістерді өте терең меңгеріп, өмірінің соңына дейін студенттерге осы пәннен дәріс оқыды. Жұмабек
Айтұлы университетте оқыған кезде, компьютерлік техника және информатика негіздері атты пәндер
әлі не жоғары оқу орындарының немесе орта мектептің  оқу жүйесіне енгізілмеген болатын. Соған
қарамастан біздің педагогикалық институтта әрі жаңа, әрі қиын және қызықты аталмыш екі пәнді
жүргізу міндеті алғаш рет Жұмабек Айтұлына жүктелді. Ол осында тың бастамалық істі абыроймен
ақтап шықты.
  Студенттерге  орындататын  курстық,  дипломдық  жұмыстарының  барлығында  студенттерге
ғылыми  теориялық  бағыт  беруге  тырысатын.  Сандық  әдістерді    программалауды  алғаш
микрокалькулятордан бастап, қазіргі ЭЕМ-ге дейінгі қолдануды жастарға үйретуде еңбегі ерекше
екенін атап айтқан жөн.
Ол  белсенді  ғылыми-педагогикалық  қызметімен  қатар  педагогикалық  институттың  физика-
математика факультетінің деканы орынбасары, геометрия және математиканы оқыту әдістемесі,
кейіннен  Шәкәрім  атындағы  Семей  мемлекеттік  университетінің  қолданбалы  математика
кафедрасының  меңгерушісі  болып  басшылық  қызметтер  атқарды.  Осы  жерде  де  шебер
ұйымдастырушылық қабілетімен ерекше көзге түскен  тәлімгер ұстаз өз ісінің асқан білгірі екендігін
дәлелдей білді.
Ұзақ жылғы тынымсыз еңбек, ізденістер мен тың мәліметтердің сарқылмас легі ғалым-ұстаздың
саналы  зерделеуінен  өтіп,  жаңа  идеялар  мен  құнды  тұжырымдарға,  баяндамалар  мен  ғылыми
мақалаларға  айналды.  Ғалымның  «Паскаль  тілінде  программалау»  еңбегі  90  жылдары  қазақ
ғылымында кенжелеу қалып жатқан информатика саласына қосылған қомақты үлес болып,  мектеп
мұғалімдеріне осы  пәндерді қазақ тілінде  меңгеруге үлкен көмегін жасап үлгерді.
40-қа жуық ғылыми мақалалардың авторы Жұмабек Айтұлының шығармашылық еңбек жолы
талай рет бұқаралық ақпарат құралдары мен «Высшая школа Казахстан в лицах» биографиялық
очеркінде  жарияланды.
Тәжірибелі  ұстаз,  ғалым  Жұмабек  Айтұлы  тоқсаныншы  жылдары  қоғам  сұранысымен  ене
бастаған компьютерлік сауаттылықты ұйымдастыру жұмыстарының басында жүріп, іскерлікпен

85
игеріп  кетті.  Семей  мемлекеттік  университетінде  қазіргі    «Информатика  және  ақпараттық
технологиялар» кафедрасының алғашқы  ірге тасын қалап,  жоғары оқу орнының талабына сай
кафедра  дәрежесіне  жеткізді.  Кафедрада  оқу  үрдісін  ақпараттандыру,  электрондық  оқулықтар
дайындау жұмыстарын өзекті мәселе ретінде көтере білді.
Білімді  ұстаз,  білікті  маман  Жұмабек  Айтұлы  мыңдаған  студент  жастарды  ғылым  мен  білім
нәрімен сусындатты, тәлім-тәрбие берді. Ғалым ұстаз ретінде өз шәкірттерінің санасына тек ғылым
мен білім ғана емес,  адамгершілік, парасаттылық, кең пейілділік, ақжарқындылық сияқты  адамзат
бойында болатын құтты қасеттердің дәнін еге білді.
Жұмабек  Айтұлы  ғалым  –  ұстаз  болумен  қатар  білгір,  басшы  да  болды.  Педагогикалық
институттың  математиканы  оқыту  әдістемесі  және  геометрия  кафедрасының,  сондай-ақ  Семей
мемлекеттік университетінің қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
Осындай жауапты жұмыстарда ол өзінің іскер де шебер ұйымдастырушы, ақылды, байсалды азамат
екенідігін таныта білді. Сол кезде Жұмабек Айтұлының кафедрасында оқытушылық қызмет істеп,
тәрбиесін көрген  педагогика ғылымдарының  кандидаты, профессор  Мұрат Мақамбаев,  физика-
математика  ғылымдарының  кандидаты,  доцент  Ақылбек  Тохметов,  техника  ғылымдарының
кандидаты, доцент Хабдулхайыр Жаманов, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлжанат
Есенбекова өздерін күні бүгінге дейін Ж. Аитовтың шәкірттері санайды.
Өз  білімі  терең  болғандықтан  студент  жастарға  да  сондай  талап  қойып,  олардың  ғылыми
жұмыспен айналысуына бағыт беріп, басшылық жасау арқылы Семей өңіріне көптеген мұғалім-
математиктер дайындауда зор еңбек сіңірді. Әсіресе, мектептерге, жоғары оқу орындарына жаңа
ғана ене бастаған компьютерлік сауаттылықты тиісті деңгейде ұйымдастыру жұмыстарының басы-
қасында жүрген азамат – Жұмабек Айтұлы болды.
Қазақ тілінің жанашыры болды, қазақша оқулықтар жасауда, қазақ топтарына берілетін білімнің
деңгейін ешкімнен кем қылмай тиісті дәрежеде берілуіне қатты көңіл бөлетін. Достарына адал,
жанашыр, қашанда көңілдеріне қимастықпен қарап, достарының бір ауыз сөзін жерге қалдырмай,
ер мінез көрсетіп жүрді. Ешкімді жаманшылыққа қимайтын, адам бойынан жақсылықты ғана көргісі
келетін мінез Жұмабек Айтұлына тән болатын. Аса кешірімшіл еді, ағамыз.
Білім мен техника саласындағы өрелі өнермен қатар көркемөнердің көптеген салаларын терең
түсініп, жақсы меңгерген өнерпаз, қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын терең
білетін  жан болды. Әнді сүйетін, өзі өлең шығаратын, күмбірлете домбырасын тартып, әуелете ән
салып, күйді нақышына келтіре орындап, отырған ортасын әрқашан ән мен күйге бөледі.
2000  жылы  Жұмабек  Айтұлымен  бірге  ақырғы   рет  тойлаған  8  наурыз  халықаралық  әйелдер
мерекесінде кафедра қыздарына арнап шығарған төмендегі  өлең шумақтары әлі күнге дейін есімізде.
Болашақты бүгін әкеп өмірге,
Нұр құятын шаттық беріп көңілге,
Шаңырақтың берекесі, құты да,
Ердің тезі, өмір көзі әйел адам тегінде.
Парасат пен пәктілік, тіршіліктің  нәрі де,
Әйел адам, бас иеді оған әлем бәрі де.
Сүйікті жар, сүйер дос, сүйсіндірер сұлулар,
Бола бергін деп тілейміз ақ тілекті бәріңе.
Алғашқы наурыз мейрамын тойлаған 1993-1994 жылдары педагогикалық институтта үлкен іс-
шаралар ұйымдастырылып, ұжым болып тойлаған кезде  ең негізгі Наурыз той мазмұныны ашып,
оны тойлаудың жолын айтып, жазып берген Жұмабек ағамыз болды.
Жұмабек Айтұлы қай кезде де жол сілтер, ақыл-кеңесін аямайтын, шынайы тілектес, биік адами
қасиеттерді бойына жинаған ғалым ұстаз. Кезінде қарамағында жұмыс істеп, тәрбиесін көрген бізге
абзал азамат Жұмабек Айтұлының есімі асқан білімдарлығымен, ерекше парасаттылығымен, биік
адамгершілік қасиеттерімен көңіл төрінен әрқашан биік орын алады.
Аталған қасиеттері мен сіңірген еңбегі бағаланып, білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін
«Қазақстан  Республикасы  білім беру  ісінің  үздігі»  белгісімен, Республикалық  білім  жүйесіндегі
шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін Қазақстан
Республикасының Білім және Ғылым министрінің «Құрмет Грамотасымен», институт, университет

86
басшыларының Алғыс Хаттарымен, кәсіподақ ұйымының Мақтау Грамоталарымен марапатталды.
2001 жылы жарық көрген М. Батырбековтың «Высшая школа Казахстана в лицах» деп аталатын
еліміздің алдыңғы қатарлы ғалым-педагогтарының жинағына Жұмабек Айтұлының да есімі мен
еңбектері енгізілді.
«Өз ұлыңды бағалап, ардақтамасаң, сені өзге жұрт қалай қадірлемек» деп ұлы жазушы М.Әуезов
айтқандай, бүгінде Жұмабек Айтұлына арналып арнаулы дәрісхананың ашылуы өрісі кең, өресі
биік, парасат иесі абзал азамат-аға, білгір ғалым - ұстазға жасалып отырған құрметтің бір парағы
деп білеміз.
Осы дәрісхананың жабдықталуына үлес қосқан жары Тоты Күмісбекқызына, балалары Қайсар
мен Бибігүлге, Жанар мен Жандосқа, Айдар мен Ләззатқа зор алғыс білдіреміз.
The teacher's name is priceless
A.A. Abishova
The article draws readers attention to the life story and scientific accomplishments of the educationalist
Dzhumabek Aituly. He is the founder of the Informatics and Communication Technologies faculty and one
of the propagandists of electronic books. The author informs that Dzhumabek Aituly Educational Laboratory
has been successfully functioning within the Institute.
Имя учителя бесценно
А.А. Абишова
В  статье  говорится  об  открытии  именной  аудитории  в  честь  Жумабека  Айтулы  –
талантливого учителя, образованного специалиста с широким кругозором, основателя кафедры
информатики и информационных технологий, который уже в 90-х годах поднял вопрос разработки
электронных учебников.
УДК:378.124:811.512.122
С.Қ. Түсіпбаева
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ЖАРҚЫН БЕЙНЕ
Педагогикалық институттың Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында жарты ғасыр еңбек еткен
ғалым-ұстаз Жұмағали Шәкеновтің жарқын бейнесі туралы баяндалады.
Адамзат баласы қастер тұтар ұғымдардың бірі – Ұстаз. Әр жүрек
түкпірінде ұстазға деген сүйіспеншілік сезім ерекше орын алады.
Шәкірт  ұстаз  еңбегін,  ұстаз  есімін,  ұстаз  бейнесін  өмір  бойы
құрметтеп  өтеді.  Институт  қабырғасында  берген  білімдері  үшін
сүйікті  оқытушыларымыз  профессор  Қайым  Мұхаметханұлына,
Жұмағали  Шәкенұлына  айтылар  алғыстар  шексіз.  Осыдан  30
жылдай уақыт бұрын институтқа түсу үшін ұлы ұстаздар алдында
қабылдау емтиханын тапсырып, жауап бергеніміз күні кеше ғана
болғандай.  Бұл  күндері  арамызда  жоқ  ұстаздарымыздың
қолтаңбасы  қойылған  ғылыми  еңбектерінің,  фото  суреттерінің
көзімізге ыстық көрінетіндігі заңды.
Осы ретте  біз Семей педагогтық институтында  қазақ тілі мен әдебиеті  кафедрасында жарты
ғасыр бойы еңбек еткен ғалым – ұстазымыз. Шәкеновтің (1914- 1990) жарқын бейнесінің де ерекше
ілтипатпен көңіл бөлуге лайықты тұлға екендігін еске ала отырып, сөз қозғамақпыз.

87
Ж. Шәкенұлының 1940 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітіріп, жолдама
бойынша Семейге келіп оқытушылық қызметке орналасуы, Ұлы Отан соғысына қатысуы, майданнан
оралған  соң  кафедрадағы  қызметін  үздіксіз  жалғастыруы,  «Қазіргі  қазақ  тіліндегі  сын  есім
категориясы»  тақырыбы  бойынша  кандидаттық диссертация  қорғауы,  жиырма  жылдай  кафедра
басқаруы, білім ұясынан ұшырған сан мыңдаған мамандардың арасынан Кәкен Аханов, Ғабдолла
Қалиев, Серғазы Қалиев сияқты филолог-профессорларға да ұстаз болғандығы – ғұмырнамалық
тарихындағы басты деректердің бірі.
Ғалым  –  ұстаздың  90  жылдығына  байланысты  2004–ші  жылы  жазылған  профессор  Қ.
Шаяхметовтың «Сөзжасам мен сөзөзгерім салаларының маманы» атты мақаласы, сондай –ақ, Ж.
Шәкенұлымен әріптес болып, ұзақ жылдар бойы бірге қызмет жасаған  филология   ғылымының
докторы ,  профессор А.  Еспенбетовтың 2014 жылғы  қаңтар  айында Ж. Шәкенұлының туғанына
100 жыл толуына орай ұйымдастырылған конференцияда  айтылған  естелік – әңгімесі  институт
тарихындағы Ж. Шәкенов  есімінің қастерлі екендігін дәлелдей түседі.
Жұмағали Шәкеновтің елеулі ғылыми-лингвистикалық және оқу-әдістемелік мұраларын атап
айтар болсақ; кандидаттық диссертациясының негізінде жазылған «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім
категориясы» (1961), «Мектепте қазақ тіліндегі күрделі сөздерді оқыту» (1982), «Қазақ тіліндегі
күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар» (1991) тақырыптарындағы зерттеу еңбектері. Ғалымның осы
зерттеу  еңбектері  арқылы  талай  қазақ  тілі  мамандары  өздерінің  ғылыми  деңгейлерін  арттыра
түскендігі даусыз.
Ғалымның еңбектерін оқып, дәрістерін тыңдаған түлектерінің қатарында болғанымызды біз де
мақтаныш тұтамыз.
Студенттік шақтың әр курсында ғалым Ж. Шәкенұлы жүргізетін «Көне түркі жазулары», «Қазіргі
қазақ  тілінің  фонетикасы  »,  «Қазіргі  қазақ  тілі  құрмалас  сөйлем  синтаксисі»  пәндері  бойынша
семинар сабақтарын, дәрістерін қызыға  тыңдайтынбыз.
«Қазақстанның және КСРО –ның білім беру ісінің үздігі», «Қазақстанның ғылымға еңбек сіңірген
қызметкері»  атағына,  бірнеше орден- медальдарға  ие  болған ұстазымыз сол кезде жасы 70 –тің
бел ортасынан  асса да,  еңсесі тік, салмақты,  парасатты қалпында  институтта өткізілетін мерекелік
шаралардың басы-қасында студенттерімен бірге жүретін.
Әрдайым  Алматыдағы  Ғылым  академиясының  Тіл  білімі  институтында  өткізілететін
республикалық  ғылыми-теориялық    конференциялардан,  жиындардан    қайтып  келген  кезінде
міндетті түрде қазақ әдеби тілі тарихының  проблемаларына   қатысты  білдірген  ғылыми  ой-
пікірлерін бізге де түсіндіре отырудан еш жалықпайтын.
 1984- ші  жылдың  27-28 желтоқсан күндері  Алматы қаласында «Қазақ әдеби тілі тарихының
мәселелері»    тақырыбында  өткізілген  республикалық  ғылыми    –  теориялық    конференция
материалдары  енген  жинақтан І. Кеңесбаев,  М. Балақаев т.б  ғалымдардың баяндамаларын, сөздерін
оқуымызды  қадағалауы – ұлылық  ұлағатын танытуға  деген ұстаздық ниетінен туындайтын.  Жасы
70-тен асса да, Ж. Шәкенұлы осы конференцияға  қатысып,  жарыссөзге  шыққандар  арасында  сөз
сөйлеген. Ғалым – ұстазымыздың конференция материалдары  жарияланған  сол жинақты  бізге
ұсынуын - шәкірттерінің ғылымға  бет  бұруына,  ғылым  жолына  түсуіне  деген  игі ықпалы  деп
білетінбіз.
Студенттерді  қазақ  тілі  мен  әдебиетінен  өткізілетін  олимпиадаға  дайындау  барысында    да
ұстазымыз  жүргізетін  кеңес  қысқа, әрі  нақты болатын. Ұстаз еңбегін  ақтап,  біз 1989  жылы
Қыздар педагогикалық институтында өткен  республикалық  олимпиададан  жүлделі  орын  иеленіп
жеңіспен оралғанбыз.
Ж.  Шәкенұлы  білімді  әділ  бағалайтын  және  бестік  бағаны  сирек  қоятын.  Студенттердің
сауаттылығына  көп  көңіл  бөлетін.  Диктант  жұмысын    алуға  да  уақыт  табатын,  әрі  диктант
мәтіндеріне  саяси-қоғамдық  тақырыптарды қамтитын күрделі материалдарды таңдайтын.  Үлгерімі
төмен студенттермен де  еш шаршамастан жұмыс жүргізетіндігі, оларға жазғы және қысқы демалыс
(каникул)    уақытында  қосымша    тілдік  талдаулар    беретіндігі  қызметіне    жауапкершілікпен
қарайтындығын  аңғартатын.
Ардақты  ұстазымыздың  бойында  үлгі  боларлық  адамгершілік,  әдіскерлік  қасиеттер    жетіп
артылатын.  Алайда, біздер, 1990 жылы институтты бітіргелі отырған  түлектер,   ақырғы сабақтарда

88
ұстаздың  соңғы  дәрістерін  тыңдағандарымызды,  Алматы іс сапары ұстаздың  соңғы  сапары
екенін  түсінбеппіз...  Алматы іс сапарына  кеткен аяулы ұстазымыз арамызға қайта оралмады...
Ұстазымыздың жарқын бейнесі  тек көз алдымызда  қалғандығы ,  ардақты ұстазды  ақтық  сапарға
шығарып  салардағы  қимастық сезім әрқайсысымызға  ауыр тиді. Институттың  ректорат,  кәсіподақ,
оқытушылар   ұжымы  тарапынан білдірілетін көңіл айтудың  реті  бір  басқа,  студент  шәкірттері
атынан  қазаға орай көңіл білдіру өз алдына бір бөлек   екенін түсініп, ешкім жүктеп міндеттемесе
де газет редакциясына келгеніміз әлі есімізде. Сол  кездегі  облыстық  газет  арқылы  студенттер
атынан   ұстазымыздың отбасына  көңіл айтуға  редакцияға келгенімізде   жүрегіміз  бір қобалжыса,
ауылдың  қазақ  мектебін  бітіргендіктен, орысшамыздың  шамалылығынан,  біздер   орыс тіліндегі
мәтінді  құрастыруға келгенде  тағы бір іркілдік, алайда  өз  тарапымыздан  ат салысуды  шәкірттік
парызымыздың    сәл  де болса  орындалғаны    деп  есептедік.   «Семей  таңы»  газетінің  қазақшасы
қолымда сақталмаса да,  кейіннен  орыс тіліндегі санынан  мәтін бөлігін   қиып алып,  ұстазымыздың
біздермен  соңғы рет түскен  суретінің астына сарғайған  парақты  жапсырғаным   ұстазға  деген
шәкірттік  сағынышты  сезінгендігімнен  туындаса  керек.
Барлығы  Ұлы  Жаратушының  қалауымен болатынын  білсек те, соңғы «Қазақ тіліндегі күрделі
сөздер мен күрделі тұлғалар» атты еңбектің ғалымның  көзі тірісінде жарыққа шығып  үлгермегендігі
туралы  ойлар  да   шәкірттерін  мазалағандығы  анық.  Десек те,  ұстаздық  жолын,  өнегелі өмірін
тіл тағдыры  алаңдатқан  Ж. Шәкенұлының  артында  қалған  мол лингвистикалық  мұраларын  -
жақсының  аты, ғалымның  хаты өлмейді,  өшпейді,- деген  бабалар  даналығының  айғағы  деп
білеміз.
Bright personality
S.K. Tusipbaeva
Zhumagali  Shakenov  has  worked  in  Pedagogical  Institute  in  depertment  of  Kazakh  language  and
literature, for over 50 years.
Светлый обpаз
С.К. Тусипбаева
Статья посвящена светлой личности учителя-наставника Жумагали Шакенова, более полвека
трудившегося на кафедре казахского языка и литературы педагогического института.
УДК:378.124:821.512.122
М.Т. Әбікенов
Филология ғылымдарының кандидаты
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ҒАЛЫМ – ТҰРСЫНБАЙ ЕРҒАЛИЕВ
Қазақ  тілінің  өркендеуіне  саналы  ғұмырын  арнаған  Тұрсынбай  Ерғалиевтің  қызығы  мен
қиындығы мол жылдардағы еңбек жолы, халқының тұтастығы,  тілі мен ділі үшін тер төккен
ғалым туралы баяндалады.
Семей мемлекеттік педагогикалық институтының жүріп өткен жолы, көтерген тауқыметі өте
ауыр  болды.  Себебі,  1918  жылы  тұңғыш  рет  мұғалімдер  курсы  ашылып,  1932  жылға  дейін
оқытушылар даярлау курсы үзіліссіз жұмыс істеген. Ал, тарихи деректерге иек артсақ, онда аталмыш
даярлық курсы 1934 жылдары тұрақтандырылып, сол заманның ағымы  бойынша ірі оқу орнына
айналған. Сәкен Сейфуллиннің есімі берілген бұл оқу орны 1935 жылы КСРО жоғары оқу орыны
қатарына тіркелген.

89
Ал,  1936  жылдары  Семей  –  Қызылжар  мұғалімдік  институттары  біріктіріліп,  институттағы
факультеттер  саны  арттырылған.  Бұрынғы  Семей  мемлекеттік  институтының  құрылымындағы
негізгі буындардың бірі ретінде 1939 жылы «қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы ашылған.
Осы жылдардан бастап, қазақ тілінен білікті ұстаздар қызмет атқара бастады. Алғашқы қазақ
тілі мен әдебиеті кафедрасының басшысы қызметін атқарған ғалым Рахым Барлыбаев болды. 1942
жылы Семей мұғалімдер институты соғыс жағдайына орай, өзінің жұмысын уақытша тоқтатқан.
1944  жылдардан  бастап,  аталмыш  кафедра  мүшелері  толыға  түсті.  1950  жылдары  аталған
кафедрада  қазақ  тілінің  болашағы  мен  келешегін  дамытуды  мақсат  еткен  ғалымдар  Қайым
Мұхаметханов, Жұмағали Шәкенов, Ғалиакбар Төребаев, Тұрсынбай Ерғалиев, Ө. Тотыбаева, М.
Әкімов т.б. басқалар болды. Тілші ғалым Тұрсынбай Ерғалиев өткен ғасырдың 50-шы жылдарынан
бастап, «қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының беделді қызметкерлерінің бірі ретінде саналды.
Ғалым  Т.  Ерғалиевтің  негізгі  зерттеп  жүрген  ғылыми  саласы  –  қазақ  тілінің  салыстырмалы
грамматикасын зерттеу  болатын. Тілші Т. Ерғалиев араб және түркі тілдеріне тән әліпбиді жетік
меңгерген, шын мәнінде өз ісінің білгір маманы еді. Ғалым Ерғалиев өзі қызмет еткен жылдары
институт  студенттеріне  «Қазіргі  қазақ  тілі  фонетикасы»,  «Қазіргі  қазақ  тілі  грамматикасы»  т.б.
пәндерден дербес дәрістер оқыған. Сонымен қабат, ғалым «Орхон-Енисей» жазуларының қыр-сырын
жетік меңгеріп, оқи алған адамдардың қатарында болды. Ғалым тасқа қашалып жазылған жазуларды
оқу, мәтінін ажыратуда елеулі еңбектер жасаған. Ғалым өзімен құрылыптас тілшілер Ж. Шәкенов
және т.б.  біріге отырып, өз студенттеріне ежелгі жазу үлгілерінің құпияларын үйретуден жалыққан
емес. Ғалым Ерғалиев қазақ тіліндегі үндестік заңына да баса көңіл аударған. Ол өзінің «Қазіргі
қазақ тілі  фонетикасынан оқыған дәрістерінде «буын», «дыбыс» үндесулерінен көптеген тың әрі
қызғылықты мағұлматтар беріп отырған.  Ғалымның алдын көрген, дәрісін тыңдаған шәкірттерінің
көпшілігі  -  «төте  жазудың»  да  қыр  –  сырын  жетік  меңгеріп,  латын  әрпінде,  араб  әрпінде  жазу
сауаттылығын жетілдірген ұстаздар ретінде саналады. Ғалымның дәріс оқу, жаңа, тың сабақтарды
түсіндіру мәнері де өзгеше болған. Көзі көрген адамдардың айтуына қарағанда ғалым студенттерімен
қатар, біріге отырып, зерттеу жұмыстарын қатар жүргізген. Тумысынан кішіпейіл, ақжарқын адал
азамат, өз алдына адамгершілікті, гуманизмді мақсат етіп қоя біліп, орындай да білген. Ғалымның
негізгі айтар ойы «бірге үйренейік» болса керек.
Ғалым  Тұрсынбай  Ерғалиев  өзінің  оқыған  дәрістерінде  үнемі  таза  қазақи  тәрбиелік  мәнде
ұстаным ұстаған адам. Оның оқыған дәрістерінің құндылығы – ұлттық нақышта, ұлттық негізде
болғандығында еді. Бұл ерекшелік ата-баба тәрбиесінен қалыптасқан болса керек. Ғалым сабақ
барысында қазақтың бұрынғы заманда өткен шешен-билерінің нақыл сөздерінен мәліметтер келтіріп
отырған. Ғалым алдымен ұлтына, соңынан ісіне адал берілген азамат ретінде есте қалды.
1952  жылдары  Алматы  қаласындағы  мемлекеттік  педагогикалық  институты  жанындағы
диссертациялық Кеңестен «филология ғылымдары» атағын сәтті қорғаған, санаулы тілші ғалымдар
қатарына  көтерілген  Тұрсынбай  Ерғалиев  өзінің  саналы  ғұмырын  тек  ғылымға,  қазақ  тілін
өркендетуге  арнаған.  Ғалымның  өзі  қызмет  еткен  жылдары  жарыққа  шыққан  мақалалары  күні
бүгінге дейін маңыздылығын жойған жоқ. Атап айтқанда,  ғалым Тұрсынбай Ерғалиевтің «Қазіргі
қазақ тілі мәселелері», «Қазақ фонетикасы» т.б. құндылығы жоғары деп бағаланатын мақалалары
жарық көрген.
Бала  кезінен  молданың  алдынан  шықпай  «ескіше  араб  жазуы»,  «төте  жазу»  қырларын  оқып
үйренген  Т.  Ерғалиев  өзіне  пір  тұтқан  тілші  ғалым  Ахмет  Байтұрсыновтың  ғылымдағы  ісін
жаңғыртушылардың  бірі  ретінде  саналады.  Қызығы мен  қиындығы  мол  жылдары,  бел  шешпей
адал еңбек еткен, халқының тұтастығы, тілі мен ділі үшін тер төккен ғалымның қайсарлығын айтса
тіл жетпейді. Тұрсынбай Ерғалиев соғыстан кейінгі ауыр тағдыр тауқыметіне төзе білген ғалым,
өзіне жүктелген міндеттемелерін адал атқара отырып, шәкірттеріне ана тілін алдымен қадір тұтуды
үйреткен ғалым.
Ғалымның  шыққан  тегі,  ата-бабаларының  айналысқан  істері  өнегелі  де  тартымды,  әрі  кісі
қызығарлықтай болған. Мәселен, ғалым Ерғалиевтің арғы аталары қалың қазақты жаудан қорғаған
батыр Бөгембай болса, одан берірек Саққұлақ шешен туған атасы болады. «Ата көрген оқ жонар...»
демекші, өзінің саналы ғұмырын ана тілінің өсіп-өркендеуіне арнаған ғалым Тұрсынбай Ерғалиев
есімі бүгінгі күнде шәкірттері мен ана тілін сүйер қалың қауымның жадынан өшпек емес.

90
Тhe scientist Tursynbaі Ergaliev
M.T. Abikenov
Tursynbay Yergaliev is biography includes his career and professional activity and contribution into
language development programmes.
Ученый Турсынбай Ергалиев
М.Т. Абыкенов
Статья  освещает  трудовой  и  профессиональный  путь  ученого-филолога,  преподавателя
кафедры казахского языка и литературы Турсынбая Ергалиева.

91

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет