Б.А. Акжигитов
Дене тәрбиесі және алғашқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ
Мақалада Шығыс Қазақстан балуандарының жеңістерін жас ұрпаққа насихаттау,
қызығушылығын арттыру, ұлттық спорт түрлерін кеңінен дәріптеу және де төл спортымыздың
өрісін кеңейтіп, ұлттық дәстүрімізді жаңғырту, отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру жайы,
сонымен қатар Қазақстан Барысы Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсыновтар жайлы баяндалады.
Спорттың халықтық және ұлттық түрлері дене тәрбиесінің әрі қарай гүлденуіне, дамуына өзіндік
игі әсерін тигізетін өмір айқын дәлелдеуде.
Ұлтты өзге жұрттан ерекшелендіріп тұратын күш ¬олардың тарих толқынында жүріп өткен
жолындағы жи¬нақтаған салт-дәстүрі, мәдениеті мен өнері, тілі санала¬ды.
Қазақ халқы тәуелсіздік алған күннен бастап отаршылдық кесірінен жоғалған, еріксіз
өзгертілген ұлтгық құндылықтарын қайтадан қалпына келтіру, дамыту жо¬лында үлкен жұмыстар
атқаруда.
Ұлттық құндылықтарымыздың бірі – қазақтың балуан¬дық өнері. Қазіргі «Қазақ күресі» деген
атпен белгілі кү¬рес түрі елімізде жастарды тәрбиелеуде, спорттық және дене шынықтыру саласында
маңызды жұмыс атқарып келеді.
Күрес өнері – ұлттық салт-дәстүр және мәдениетпен бірге қалыптасып, қанаттас дамып отырған
ажырамас бөлігі. Көшпелілердің тұрмыстық, әлеуметтік өмірінде кездесетін той, ойын-сауық
түрлері, күштілікті, ептілікті сынайтын дәстүрлі сайыстар күрес өнері арқылы өз мәртебесін
арттыратын болған. Бұған дәлел ретінде: этникалық және фольклорлық шығармаларды, тарихи-
этнографиялық тас жазуларды, сол сияқты петрографикалық фрагменттер композициясын айта
аламыз. Оларда, сол дәуірдің сайыс өнеріне тән ережелер көрінісі, күштілер мен ептілердің әдіс-
айласы туралы құнды мағлұматтар берілген. Көшпелі халықтардың сан ғасырлық ауыз әдебиеті
мен жырларындағы балуан, батырлар туралы аңыздар ұлттық өнеріміздің бізге жеткен ерлік мұрасы
екенінде дау жоқ.
Орталық Азияда өмір сүрген көшпелілер күресінің басты құндылығы – куреске шыққанда белдікті
(белбеу) пайдалану арқылы ерекше маңызға ие болған. Сондықтан да көне күрестің әдіс-тәсілдері
осы белдікті пайдалануға байланысты дамыған. Басқаша айтқанда, курестін маңызы-кушті дамыту,
аяққа нық тұру, тепе¬-теңдікті сақтау және сайыс үстінде әртүрлі әдіс¬-тәсілдерді шебер туындатуға
негізделген. Бұл нағыз дала көшпелілеріне тән-намыс пен рух, ерлік пен серіліктін символы іспеттес.
Бірақ дәстүрлі қазақ күресі тарихи қалыптасқан ұлттық болмысынан алшақтап кeттi, себебі
қазақ күресіне арналған ереже ХХ ғасырда Кеңес өкіметі ұсынған идеологияға сәйкес «түрі ұлттық,
мазмұны социалистік» болып өзгертілген еді. Соңғы кезде қазақ күресіне самбо және дзю-до
күрестері ережелерінде қолданылатын элементтер еңгізілді.
Монғол, татар, саха, грузин, тәжік, корей, түрік, жапон, т.б. көптеген елдер өздерінің ұлттық
күрестерін тарихи қалыптасқан салт – дәстүрлері бойынша өзгеріссіз сақтап, халықтың рухани
байлығы ретінде дамытып келеді.
Азиялықтардың күрес түрлері: қазақша белдесу немесе «Күрес», өзбекше «Куреш», қырғызша
«Күреш», әзірбайжан мен түркменше «Гулещ», татар, башқұрттарда «Курящ» деген атауларға ие.
Мұндағы «Күрес» атауының этимологиялық түбіріндегі сәйкестіктің өзі, бір дәстүр, бір тектен
тарағанын байқатып тұр.
Бугінгі таңда жүргізіліп отырған спорттық теориялық және әдістемелік зерттеулер бойьшша
қазіргі күрес түрлері самбо, дзю-до, грек-рим күресі және тағы басқалардың негізі айла-тәсіл
өнерінен алынғаны дәлелденуде.
Бұл дегеніміз – дәстүрлі көшпелілер жекпе-жек өнерінің әлем спортының дамуына зор үлес
133
қосып дегенге сиып тұр.
Бізге де асыл қазынамызды қайта өмірге әкелетін уақыт жетті.
Ел арасында «Балуан» атану үлкен дәреже, абырой болып саналған. Қазақ халқы ақын, сері,
әнші, күйші, биші, ұста деген сияқты атақтарды өз өнерлерімен елді мойындатқан адамдарға ғана
берген.
Өткенге көз жіберіп, шежіре жолдарына тереңірек үңілер болсақ, қазақша күрестің өсіп-өркендеу,
даму жолдарының өзгеше, өзіндік сыр-сипаттары бар. Бір қызығы, әу бастан-ақ қазақтар той-домалақ
думанда, басқа да халық мол жиналатын жиындарда балуандардың салмағын өлшеп жатпаған.
Қарсыласыңа қарсы тұрарлық күш-куатың бар ма, онда кілемге білек сыбанып шыға бер. Әрине,
атан жілікті түйе балуандардың жөні бөлек, тұрпаты тым басқаша ғой.
Дегенмен, халыктық ұғым, нағыз бәсеке тұрғысынан балуандардың мықтылығы мен тума-талант,
алып күш иесі болуын салмаққа қарамай-ақ «күшті болсаң күресіп көр» деген тұжырымда кесіп-
пішіп айтып тұрған тәрізді.
Былайша айтқанда кез-келген жарыс ережесіз болмайды. Ол әр халыққа әрқалай, өзіндік ұлттық
психологиясы, көзқарас тұжырымдарымен тізбектеліп, қалыптасқан.
Қазақ күресінің тарихы ұлтымыздың өмір тарихымен тығыз байланысты. Балуандардың күш
сынасуы ат жарысы, ақындар айтысы сияқты қазақ халқы өнерінің ажырамас бір бөлігі болып
саналады. Қазақтар күш иесін «алып», «толағай», «балуан» деп атап, оны ерекше қасиет қонған
адам ретінде таныған. Күрес — өнер, ол ұлттық мәдениетіміздің маңызды бір саласы болып
табылады.
Бүгіңгі таңда қазақ күресінің даму деңгейі жоғары дңгейде. Себебі бүгіңгі таңда қазақ күресінен
Қазақ күресінің дамуы жоғары деңгейде деп айтсақ артық емес, себебі, осы уақытқа дейін қазақ
күресінен 9 Азия чемпионаттары (1.Алтай Республикасы - Ресей, 2.Баян-Өлгей – Монғолия,
3.Сәтбаев қаласы- Қазақстан, 4.Чолпон ата – Қырғызстан, 5.Қызылорда қаласы – Қазақстан,
6.Өскемен қаласы – Қазақстан, 7.Пуна қаласы – Индия, 8.Ақсу қаласы – ҚХР, 9. Қарағанды қаласы
– Қазақстан) және 4 Әлем чемпионаттары (1.Алматы қаласы – Қазақстан, 2. Ор қаласы – Ресей, 3.
Астана қаласы – Қазақстан, 4. Минск - Белоруссия), 2 Әлем Кубогі (1.Пуна қаласы – Индия,
Қарағанды қаласы - Қазақстан) және Еуропа чемпионаты (Орынбор - Ресей) болып өтті. Осы додалы
жарыстарға әлемнің 41 мемлекетінен балуандар белдесіп күш сынасты, бұл дегеніміз ұлттық
күресіміз – қазақ күресі мәртебесінің жоғарылауы.
Осы додалы жарыстарға Шығыс Қазақстан өңірінен белді балуандар белдесіп Әлем, Азия, Еуропа
чемпиондары атанды. Шығыс Қазақстан өңіріндегі қазақ күресін зерттей келе анықтағаным, бұл
өңірде 14 халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері бар. Олар: Қ.Салықбаев, Ш.Жоламанов,
Е.Конкиев, Е.Мырзабосынов, А.Жакупов, Қ.Мұратов, Д.Қыздарбеков, М.Қажымұқанов,
А.Нұғымаров, М.Тұрсынов, Д.Өрікбаев, С.Шамшиев, Қ.Искаков, Б.Манасбаев. Осы аталған
балуандардың ішінде тарих беттерінде тұңғыш Азия чемпионы ретінде А. Жакупов қалса, Шығыс
Қазақстан өңірінде тұңғыш Әлем, Еуропа чемпионы ретінде Д. Қыздарбеков қалды. Жоғарыда
аталған балуандардың барлығы біздің университетіміздің дене шынықтыру және спорт
мамандығының түлектері.
Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында қазақ күресінің дамуы жоғары деңгейде деп айтуға
болады. Себебі бүгінгі таңда өңірде қазақ күресінен 14 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 7
ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, 150 ден астам спорт шеберлері, 2 халықаралық дәрежедегі, 2
жоғары ұлттық дәрежедегі және 3 ұлттық дәрежедегі төрешілер бар.
Бірнеше спортшыларымыз қазақ күресінен ҚР ұлттық құрама командасының белді мүшелері,
олар: Қ.Искаков, А.Сейпілұлы, Қ.Мұратов, М.Тұрсынов, Ш.Жоламанов, А.Нұғымаров.
Бүгінгі таңда ұлттық күресімізді насихаттау мақсатында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің
20 жылдық мерейтойына арналып қазақ күресінен Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт
Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін алғаш рет "Қазақстан барысы"
жарысы ұйымдастырылып өткізілді. Осы додалы жарысқа еліміздің 14 облысы мен Алматы және
Астана қалаларынан мықты деген 64 балуан белдесін, күш сынасты. Шығыс Қазақстан облысы
атынан Қ.Салықбаев, Ш.Жоламанов, А.Нұғымаров, М.Тұрсынов сынды балуандарымыз белдесіп
додаға түсті. Жарыстың қортындысы бойынша Шығыс Қазақстандық Шалқар Жоламанов
134
"Қазақстан барысы" жарысының қола жүлдегері атанды.
Ал екінші рет өткізілген "Қазақстан барысы" додасына 34 балуан қатысып жерлестеріміз
Ш.Жоламанов күміс белбеуді иеленсе, А.Нұғымаров қола жүлдеге қол жеткізді.
Үшінші рет өткізілген жарыста Семейлік балуанымыз А.Нұғымаров 2013 жылдың «Қазақстан
барысы» атанды. Бұл палуандарды жоғары деңгейге жеткізу жаттықтырушылардың үлкен қажырлы
еңбектерінің арқасында ғана келеді. Осы Шығыс Қазақстан өңірі, атап айтсақ Семей қаласында
қазақ күресіне үлкен еңбек сіңіріп жүрген жаттықтырушылар Қазақ КСР еңбек сіңірген
жаттықтырушы, ҚР құрметті спорт қайраткері, халықаралық дәрежедегі төреші Серік Қоржыкенов,
ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, ҚР спорт шебері, халықаралық дәрежедегі төреші Шыңғысбек
Тұрсынов және ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, ҚР спорт шебері, хұлттық дәрежедегі төреші
Қайрат Шармұхаметовты атап өтуге болады.
Нұғымаров Айбек Серікболұлы 1987 ж 3 маусымда Семей облысы,
Абай ауданы, Құндызды ауылында дүниеге келген. Қазақ күресінен
халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақ күресінен IV - Азия
чемпионатының жеңімпазы (Қырғызстан, Чолпоната қ. 2008 ж). V - Азия
чемпионатының қола жүлдегері (Қазақстан, Қызылорда 2009 ж). II Әлем
чемпионатының күміс жүлдегері (Ресей, Ор қ. 2008 ж). III - Әлем
чемпионатының жеңімпазы (Қазақстан, Астана қ. 2010 ж).
Қазақ күресінен I – Әлем Кубогының жеңімпазы (2011 ж. Индия, Пуна
қ.). Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жеңімпазы және түйе
палуаны. Көшембаев атындағы халықаралық турнирдің (Қызылорда
облысы, Қармаңқұм ауданы). Б. Жанбырбаев атындағы халықаралық
турнирдің (ОҚО, Жетісай) және Бабалар тойының жүлдесіне арналған турнирдің (ШҚО, Абай
ауданы) түйе палуаны. Досқана ұлы Ырғызбай атындағы II-халықаралық турнирдің жеңімпазы
(ШҚО, Тарбағатай ауданы). Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының құрама командасының
мүшесі. Самбо, дзю-до күресінен спорт шебері.
Айбек 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстық ғылымдар
факультетінің дене шынықтыру және спорт мамандығына оқуға түсіп, оны 2009 жылы аяқтады.
Институт қабырғасын түкен сәттен бастап қазақ күресімен айналыса бастады. Күрес өнерінің білікті
мамандары, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушылар Қоржикенов Серік
Сапенұлы мен Тұрсынов Шыңғыс Бейсенұлының қол астында жаттыға бастайды. Күресті енді
бастаған кездегі Айбектің салмағы небәрі 74 кг болатын. Қажырлы еңбектің арқасында әуелі
Қазақстан Республикасының чемпионатын, одан соң Азия, Әлем чемпионаттарын бағындырады.
Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін "Қазақстан барысы" жарысы
турнирінде 2012 жылы қола жүлдегер атанса, 2013 жылы аталған жарыстың жеңімпазы атанды.
2013 жылы Қазақстан Республикасының ең үздік спортшысы атанды.
Айбек отбасын құрған. Жұбайы- Айжан, Айша атты қыз тәрбиелеуде.
Биыл төртінші рет ұйымдастырылып өткізілген Қазақстан Республикасының Президенті
жүлдесіне арналған "Қазақстан барысы" республикалық додасында жерлес балуандарымыз тағыда
намысты қолдан берген жоқ. Оған дәлел жеңімпазға берілетін алтын белбеу және алтын тай тұяқ
Шығыс өңірде қалды. Бұл жолғы алыптар айқасында Тұрсынов Мұхит Шыңғысбекұлы аталған
жарыстың жеңімпазы атанды. Мұхит бауырымыз осы жарыста "Қазақстан
барысы"-2012 және "Евразия барысының"-жеңімпазы жамбылдық Бейбіт
Ыстыбаевты тізе бүктіріп, былтыр өткен есесін қайтарды.
Тұрсынов Мұхит Шыңғысбекұлы 1988 ж 22 сәуірде Семей облысы,
Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Қазақ күресінен
халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақ күресінен 2009ж V - Азия
чемпионатының жеңімпазы (Қазақсатан, Қызылорда қ.), 2010ж III - әлем
чемпионының қола жүлдегері (Қазақстан, Астана қ.). Қазақ күресінен I -
Әлем Кубогынің жеңімпазы (2011 ж. Индия, Пуна қ.). Әлем чемпионы
(2013ж. Белоруссия, Минск қ.) Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін
чемпионы (2007-2010 жж). 2014 жылғы "Қазақстан барысы" турнирінің
135
жеңімпазы. Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының құрама командасының мүшесі.
Дзю-до және самбо күрестерінен спорт шебері.
Мұхит 2006 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстық ғылымдар
факультетінің бастапқы әскери дайындық мамандығына оқуға түсіп, оны 2010 жылы аяқтады.
Жастайынан дзю-до күресімен айналысып, кейіннен ұлттық күресімізге бет бұрды. Жасөспірімдер,
жастар, ересектер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының және Спартакиадасының,
Кубогінің жеңімпазы. Кейіннен Әлем, Азия, Әлем Кубогінің шыңдарын бағындырды. Мұхиттің
жаттықтырушысы өзінің әкесі – Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы,
Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері, халықаралық дәрежедегі төреші, дзю-до,
самбо, қазақ күресінен спорт шебері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жеңімпазы және
түйе палуаны, біздің университетіміздің денешынықтыру кафедрасының аға оқытушысы Тұрсыныв
Шыңғысбек Бейсенұлы.
Жастайынан балаларын спортқа баулыған Шыңғыс ағамыздың ұлдары күреспен айналысады.
Оған дәлел екінші ұлы Нұрсұлтан грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия
чемпионы, бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы, Қазақстан Республикасының чемпионы.
Грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының құрама командасының мүшесі.
Kazakhstan Snow Leopard
B.A. Akzhigitov
This article is about Kazakh national sport – Kazakh wrestling and about athletes Aibek Nugymarov
and Muhit Tursynov.
Казахстанские барсы
В данной статье говорится о казахском национальном виде спорта – казахской борьбе,
пропаганде здорового образа жизни и привлечении молодежи к национальным спортивным играм,
а также о спортсменах-борцах, обладателях титула «Қазақстан Барысы» - Айбеке Нугымарове
и Мухите Турсынове, их победах и достижениях.
УДК: 378:796-057.875
Б.Н. Прохоров
Государственный университет имени Шакарима города Семей
ЗВЕЗДА СПОРТА
В статье рассказывается о достижениях и победах студентки 2 курса кафедры теории и
методики физической культуры и начальной военной подготовки Государственного университета
имени Шакарима г. Семей, мастере спорта международного класса, серебряном призере в гонке
преследования, абсолютной чемпионке 3 зимней спартакиады парадов Казахстана – Галине
Вишневской.
Проблема разумного сочетания качественной учебы и занятий спортом высших достижений
является актуальной для всех студентов-спортсменов. Годовой объем часов спортивной подготовки
(1500 ч) возможен только при научной организации учебно-тренировочного процесса, строгом
режиме, собранности и дисциплинированности во всем жизненном укладе. Но это не под силу
всем, даже выдающимся спортсменам. Только у отдельных личностей заложена уникальная
способность – организовать свою жизнедеятельность, а потому разумно сочетать спорт и учебу.
Образовательная деятельность вузов РК по специальности «Физическая культура и спорт»
направлена на подготовку специалистов в области образования, физической культуры и спорта и
136
спортсменов высшего спортивного мастерства, так как
студенческий возраст – это этап спортивного
совершенствования во многих видах спорта. Студенты,
нацеленные на высокие спортивные достижения, могут
совмещать учебную деятельность только при наличии
огромного желания и природной одаренности. Именно
такой и является студентка 2 курса кафедры теории и
методики физической культуры и начальной военной
подготовки Государственного университета имени
Шакарима г. Семей – Галина Вишневская.
Как рассказала Вишневская корреспонденту интернет-
портала sk-sport.kz, в биатлон шесть лет назад её привела
подруга, которая сама тогда только начинала
тренироваться. Учась в школе, Галя любила футбол, играла
за школьную команду. Как-то на межшкольных
соревнованиях её даже признали лучшим голкипером.
Поначалу занятия новым видом спорта её не
воодушевили, однако спортивная девочка быстро втянулась, и сегодня не может представить себе
жизнь без биатлона. Результаты упорных тренировок не заставили долго ждать. Своей первой
серьёзной победой спортсменка считает бронзу в индивидуальной гонке юниорского чемпионата
мира 2011 года в Чехии. «Тогда я стартовала под 42-м номером. После долгого томительного
ожидания было трудно, но я постаралась всё сделать так, как меня учил тренер, – вспоминает
Вишневская. – Набрала хорошую скорость и неплохо отстрелялась на первых двух рубежах, однако
этого оказалось недостаточно. На третьей стрельбе закрыла все мишени, но на последнем огневом
рубеже всё-таки промахнулась и пропустила вперёд норвежку с россиянкой».
Галина тренируется под руководством заслуженного тренера Республики Казахстан Рафаиля
Мирсалимова, которого ласково называет «дедушкой». Вместе с наставником они выбрали тактику
сбалансированного развития биатлонных качеств – стрелковой подготовки и бега на лыжах. «Галя
хорошо стреляет и при этом развивает приличную скорость. Всё должно быть в равновесии, иначе
результата не будет, – считает Рафаиль Ильясович. – Нельзя также резко менять привычную технику
бега или стрельбы. Наоборот, нужно шлифовать ту технику, к которой спортсмен привык
изначально».
В таком виде спорта, как биатлон, многое зависит и от качества трассы. К примеру, Галина с
удовлетворением отзывается о трассе финского городка Контиолахти, где в уходящем году она
завоевала серебро юниорского чемпионата мира. По словам спортсменки, трасса состояла из
небольших пригорков, и позволяла не только развивать хорошую скорость, но и немного передохнуть
на спусках, что тоже немаловажно.
Оценивая спортивные успехи Казахстана, молодая биатлонистка считает, что флаг её родной
страны узнаваем на всех континентах, в том числе и благодаря уверенным победам отечественных
спортсменов. «Сегодня победы Казахстана у всех на устах. Чего стоит одно лишь триумфальное
выступление наших олимпийцев на Играх в Лондоне! – рассуждает Вишневская. – А вспомните,
как здорово была организована и проведена Зимняя Азиада-2011 в Астане и Алматы! Не сомневаюсь,
что и Зимняя Универсиада-2017, честь проведения которой заслужила южная столица, запомнится
всем!»
Вдали от дома Галина скучает не только по своим родным и близким. «За границей не найдешь
настоящие казы и бешбармак!» – улыбаясь, сетует она.
По мнению многих специалистов, у 18-летней казахстанской биатлонистки есть потенциал для
больших побед. В планах самой спортсменки – отлично учиться в Государственном университете
имени Шакарима г. Семей, куда она поступила в 2012 году, и продолжать добывать медали для вуза
и родной страны.
За время обучения в университете студентка успела достичь больших спортивных высот:
• мастер спорта международного класса;
137
• серебряный призер в гонке преследования (Австрия, 2013 г.);
• абсолютная чемпионка 3 зимней спартакиады парадов Казахстана.
С октября 2013 г. Галина в составе сборной команды страны участвовала в этапах кубка мира,
чемпионатах IBO в Германии, Норвегии, Австрии, Франции. В открытом чемпионате Норвегии
Галя поднялась на третью ступень пьедестала почета, опередив многих именитых спортсменов.
В конце 2013 г. Галина принимала участие в Региональном Кубке IBO и кубке РК по биатлону.
Эти соревнования проходили в Солдатском ущелье лыжных и биатлонных стадионов в Талгарском
районе, где спортсменка выиграла все дистанции и завоевала два кубка.
Накануне олимпиады в Сочи (2014 г.) прошли очередные старты этапов Кубка Мира, далее Галина
будет представлять наш университет, город, область и сборную команду страны в официальных
соревнованиях по программе зимних олимпийских игр. И вот состоялся главный старт в жизни
молодой спортсменки – олимпийские игры, на которых Галина достойно выдержала испытание.
На лыжне с признанными лидерами лыжного биатлона наша студентка подтвердила высокое
спортивное мастерство и получила богатейший соревновательный опыт.
Буквально через несколько дней после завершения олимпиады Галина стартовала на чемпионате
мира среди молодежи и юниоров в американском Преск-Айле. Два старта – две медали (серебро и
золото), говорят о большом спортивном потенциале талантливой воспитанницы Семейского
биатлона.
По окончанию завершившегося на американском континенте мирового форума среди молодежи
и юниоров российский сайт Championat.com составил рейтинг дарований, которым предстоит стать
звездой Олимпиады-2018 в Пхёнчхане. В число восьми лучших попала наша студентка Галина
Вишневская.
«В отличие от белорусской и украинской команд, сборная Казахстана в последние годы
принципиально не рассматривает варианты с приглашением российских спортсменов, делая ставку
на доморощенные кадры или старую гвардию вроде Елены Хрусталёвой. Галина Вишневская –
одна из таких заметных фигур, которая давно на виду в соревнованиях младших возрастов и имеет
опыт выступления и за взрослую сборную. Более того, в Преск-Айл она приехала из олимпийского
Сочи, где заняла солидное 41-е место в индивидуальной гонке. Вишневская – один из примеров
расширения географии биатлона, при котором восходящие звёздочки появляются всё в большем
числе стран.
Prokhorov B.N. Sport star in Shakarim State University of Semey
B.N. Prohorov
The article focuses on the achievements and victories of the second course student of the Department
of theory and methodology of physical education and basic military training University named after
shakarim Semey, the master of sports of the international class, the silver prize-winner in pursuit race, the
absolute champion in the third winter sports day parades of Kazakhstan-Galina Vishnevskaya.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің спорт жұлдызы
Б.Н. Прохоров
Мақалада Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті дене тәрбиесі
мен алғашқы әскери дайындық мамандығының 2 курс студенті, халықаралық дәрежедегі спорт
шебері, күміс жүлдегер, 3 қысқы спартакиаданың абсолюттік чемпионы Галина Вишневскаяның
толағай табыстары мен жүлделі жеңістері туралы баяндалған.
138
УДК:378-057.875
М.Ж. Жүнісова
Математика және математиканы оқытудың әдістемесі кафедрасы
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Достарыңызбен бөлісу: |