Ангелы не спят



Pdf көрінісі
бет11/31
Дата03.03.2017
өлшемі16,06 Mb.
#6692
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
Рахимжан Отарбаев • 
АНГЕЛЫ НЕ СПЯТ 
ПОСИДЕЛКИ
               
Рахымжан Отарбаев • 
ПЕРІШТЕЛЕР   ҰЙЫҚТАМАЙДЫ 
ҚАЙДАҒЫ-ЖАЙДАҒЫ
            
192
193

на  нарттай  қызарып.  –  Қызым  шақырса,  мен  де 
қозғалам.
– Астана күшті! – деді Ерлепес те қарап қалмайын 
деп.
– Астана сұмдық! – деді Санақбай өзге сөз таба 
алмай.
Тот  басқан  мылтығына  сүйеніп,  орнынан 
әупірімнің  күшімен  тұрып  кеткен  Антонина  дү-
кенге беттеген.
– Ғазиза ұрсып жатыр, «Айналаны жау шапқандай 
еттіңдер» дейді, – деп оралды. Құрқол қайтпапты.
– Саудасын қыздырып тұрмыз. Одан артық не ке-
рек? – Ерлепес ренжіп, бір қырындай отырды.
–  Сұлтанмахмұт  деген  жас  ақын  шығыпты.  Сол 
«Қараңғы  қазақ  көгіне  өрмелеп  шығып  күн  бо-
лам» деп жазыпты, – десін Санақбай қопаң қағып. 
– Жақында оқыдым.
– Күн болатындар көбейіп кетті. Қорқам, нәлеті, 
– деп Ерлепес әлі өкпесін баса алмай бір қырын-
даудан жазбады.
– Давай, ән айтайық, – деді Антонина алыстан бір 
сиқырлы  әуен  естігендей  басын  екі  иыққа  кезек 
тербеп. Басқа былқыл қағып мықын мен бөксе қо-
сылды.
– Шырқайықшы, – деді корей шал қолын ербең-
детіп, дирижердің кейпіне еніп.
– Баста! Бәріміз мінгесіп айтамыз.
Ерлепес үш ұмтылып зорға құйрық көтерді.
Екі көзін тарс жұмып алған Санақбай:
Ақ тауыққа жем салмайсың,
Аштан өлсін дейсің бе? – деп лекітіп келіп, дау-
сын енді созам дегенде:
разговор раскрасневшаяся Антонина. – Если по-
зовёт меня дочь, - подамся к ней. 
- Астана великолепна! – воскликнул Ерлепес, не 
желая отставать от других. 
- Астана супер! – возмутился Санакбай, не зная, 
что и добавить в эту дискуссию
Опираясь на своё ржавое ружье, и с трудом под-
нявшись со своего места, в магазин отправилась 
уже Антонина. 
-  Газиза  ругается,  говорит,  что  всё  вокруг  нас, 
словно после нашествия врага, - выговорила она. 
Но возвратилась не с пустыми руками.  
- Благодаря нам процветает её торговля, что ещё 
ей надо? - Ерлепес, обидевшись, пересел на дру-
гой бок. 
- Появился новый молодой поэт по имени Султан-
махмуд. Он написал такие стихи: «На тёмное небо 
невежеств взберусь и буду оттуда, как солнце, све-
тить», - хвастливо цитировал строки Санакбай. – 
Читал недавно. 
-  Что-то  много  солнц  появилось  у  нас  на  небе. 
Боюсь, что спалят нас. – С прежним обиженным 
видом пробурчал Ерлепес, не думая и менять за-
нятую позу. 
- А, давай споём, - предложила Антонина и, слов-
но слушая мелодию, доносящуюся издалеча, ста-
ла покачивать головой, прижимая её поочередно к 
своим плечам. К качающейся голове присоедини-
лись бока и бёдра. 
- Да, давай затянем песнь, - стал размахивать ру-
ками старик-кореец, вживаясь в образ дирижёра. 
- Начинай, а мы все поддержим сообща. 
Ерлепес, желая встать, поднялся только с третьей 
попытки. 
Санакбай, закрыв оба глаза и затянув: 
Где для белой куры корм,
хочешь уморить её? – только было, хотел перейти 
на более высокий тон, но его оборвал Ерлепес: 
Рахимжан Отарбаев • 
АНГЕЛЫ НЕ СПЯТ 
ПОСИДЕЛКИ
               
Рахымжан Отарбаев • 
ПЕРІШТЕЛЕР   ҰЙЫҚТАМАЙДЫ 
ҚАЙДАҒЫ-ЖАЙДАҒЫ
            
194
195

–  Өй,  қой!  Қайдағыны  қоқытпай...  Ақ  тауығың 
арам  қатқан,  –  деп  Ерлепес  кесіп  тастады.– 
Әнұран қайда? Соны айтамыз! Баста!
Алтын күн аспаны...
Қапелімде  төрт  дауыс  төрт  жаққа  шығандап  ба-
рып, «Қазақстаным» деген тұста ғана бас қосып 
өтеді. 
Қайырмаға  екінші  мәрте  оралғанда  Антонина 
күшейіп,  жігері  тасып,  тот  басқан  мылтығының 
дүмін жерге солқ еткізіп ұрсын. 
Сол  сол-ақ  екен,  сонау  желтоқсан  айында  са-
лынған жалғыз оқ шаңқ беріп атылды. Өзі де за-
рығып тұрса керек. 
Бүкіл ауыл шаңынан дүр сілкінді. Бота-тайлақ бас 
жібін үзіп қашып, шығандап кетті.
– Россия, спаси! – деп Антонина қос қолын жай-
ып аңырай жығылды.
– Made in Korea! – деп сымдай жіңішке даусымен 
бажылдап жіберген тігінші шал қурайдай боп сол 
құшаққа құлады.
Кімнен араша тілерін білмеген Санақбай мен Ер-
лепес дүкен айнала жортақтап қашып, жорғалап 
бұқты.
P.S. Бір уыс жемге таласқан торғайлар да ұшып-қо-
нып, «алтын күннің» астында шырылдап жатты.
- Кончай пороть всякую чушь! Твоя белая курица 
давно уже сдохла. Где гимн нашей страны? Споём 
его. Запевай!
- Золотой солнца диск… 
Четыре  голоса,  разлетавшиеся  вначале  по  четы-
рём сторонам, слились, когда дошли до рефрена 
«Мой Казахстан». 
Когда  же  добрались  до  повтора  припева,  воз-
буждённая Антонина, не сдержав своих эмоций, 
сильно ударила оземь прикладом своего ржавого 
ружья. 
Только того и надо было: патрон, попавший в него 
ещё  в  далёком  восемьдесят  шестом  году,  издав 
громкий хлопок, выстрелил.  Да, видать, долго то-
мился он в патроннике ржавого ружья. 
Выстрел  переполошил  весь  аул.  Верблюжата, 
порвав привязи, выбежали из загонов.
- Россия, спаси! – перепуганная Антонина, упав 
навзничь,  воздела обе руки к небесам.
- Made in Korea! – пустив свой визгливый голос, 
старый  портной,  словно  тростник,  повалился  на 
нее. 
Не  зная,  у кого  найти  спасение,  Санакбай и  Ер-
лепес,  обежав  магазин  мелкой  рысью,  попадав, 
уползали прочь. 
P.S. А воробьи, отбирая друг у друга  зёрнышки из 
горсти корма, чирикали, то взлетая, то оседая под 
«золотым солнца диском».
Рахимжан Отарбаев • 
АНГЕЛЫ НЕ СПЯТ 
ПОСИДЕЛКИ
               
Рахымжан Отарбаев • 
ПЕРІШТЕЛЕР   ҰЙЫҚТАМАЙДЫ 
ҚАЙДАҒЫ-ЖАЙДАҒЫ
            
196
197

ТОРШАҚЫЗ 
БЕН ТОТЫҚҰС
Алматының кержалқау торғайлары шырылдағалы 
не заман?! 
Таңның  қызыл  арайы  еркін  тарап,  күн  Көктөбе-
ге  тырмысып  қалса  да,  Торшақыздың  төсектен 
тұрғысы жоқ. 
Қаланың  тау  беткейінде  орналасқан  екі  бөлмелі 
жиһазды  пәтерде  қартайып  қалған  мылжың  то-
тықұстан  өзге  басыңды  сүйер,  сеніп  сыр  айтар 
тірі пенде болса ше?.. 
Титтей ғұмырында көрінгенге көзтүрткі боп жүр-
се  де,  қам  көңіліне  медеу  тұтары  –  жалғыз  қа-
рашығы. 
Оның  өзі  де  осындай  алмағайып  сәтте  ит  аяғы 
қиян  алыста.  Әкесіне  тартқан  оқымысты  неме 
«кіші  мистер  Айсарин»  атанамын  деп  Чикаго 
университетінің  табалдырығын  аттағанына  екі 
жыл толған. 
Жазғы  демалысында  жылт  етіп  бір  көрінеді  де 
жоғалады. Әкесі академик Айсаринге түгестірмей 
ТОРШАКЫЗ 
И ПОПУГАЙ
Сколько уж прошло времени. Ленивые
алматинские воробьи всё щебечут и щебечут. 
Утренняя  заря  давно  рассеялась,  и  солнце  вска-
рабкалось на Коктобе, а Торшакыз, баюкаемая во-
робьями, и не думает вставать с постели. 
В доме, расположенном у предгорий, в двухком-
натной  меблированной  квартире  у  неё  нет  ни 
одной живой души, с кем можно было бы пого-
ворить и довериться, кроме старой, болтливой по-
пугаихи.
Хотя Торшакыз в своей пока не такой уж долгой 
жизни натерпелась косых взглядов, но всё же одну 
опору и надежду имела – сына.
Правда, и он в этот трудный момент очень далеко 
от неё. Чтобы стать, как отец, «доктором
Айсариным-младшим»,  два  года  назад  пере-
шагнул порог Чикагского университета. 
На летние каникулы промелькнёт как лучик и ис-
чезнет. Хорошо, если наука телепатии, которая не 
Рахимжан Отарбаев • 
АНГЕЛЫ НЕ СПЯТ 
ТОРШАКЫЗ И ПОПУГАЙ
               
Рахымжан Отарбаев • 
ПЕРІШТЕЛЕР   ҰЙЫҚТАМАЙДЫ 
ТОРШАҚЫЗ БЕН ТОТЫҚҰС
            
198
199

діңкелетіп  кеткен  телепатия  ғылымы  сары  ауыз 
балапанға оңайлықпен бел бере қойса жақсы.
Қой, бұл не жатыс, тездетіп зират басына жетейін 
деп ойы асыққанымен, тұла бойы езіліп ұйып, ор-
нынан қозғала қоймады. 
Бір әумесер ақын мінбеге жармасып тұрып: «Жер 
тартатын секілді...» – деп күңіреніп өлең оқитын. 
Тап сол! Сол тозақ өзекті пендесінің шыбын жа-
нын шырқырата бермей, қара жер қойнына тартса 
тартып кетпей ме? 
Өзім өле кетсем айдалада көмусіз қалармын деп 
қорықпайды, тек бота тірсек жалғызын мына жү-
генсіз кеткен ел-жұрт ашулы арадай талап тастай 
ма деп қаймығады. 
Әсіресе,  қанағатшыл  көңілінің  астан-кестенін 
шығарған сот шешімін, бәйбішенің сойқаны мен 
шынжыр табанды трактордың гүрілін айтсайшы! 
Ғұмыры мұндай азап пен мазаққа душар боларын 
білсе, бұл фәниден байсыз өтер, баласыз кетер.
Тәубе,  тәубе,  не  деп  кетті?  Осы  бергеніңе  де 
шүкір, Алла! Қария басыңмен өзің айттың деген 
бір тәмсіл бар ғой... «Мен адамдарға басы артық 
ештеңе  бергенім  жоқ.  Тек  бірінікін  алып,  екін-
шісіне ауыстырып отырамын» деп. 
Рас-дағы.  Байлығың  мен  бақытыңды  басқалар 
өзара қақпақыл ғып жүрген шығар. 
Ал  екі  қатынға  қиғаның  бір  академик  еді,  оның 
өзінің басы тіріде даудан, өлген соң моласы сот-
тан кетпеді.
Көкірегі  толы  шер  мен  запыранды  жеңілдеткісі 
келіп  «Уһ!»  деп  үрлесе,  баланың  ойын  шарын 
толтыратын дем шығарған. 
Торшақыздың оқыс шыққан даусынан шошынған 
күміс тордағы тотықұс қапелімде саңғып салды.
«Дудаевты атып өлтірді!»
была обуздана даже его отцом, академиком Айса-
риным, покорявшим её всю свою жизнь, всё же
поддастся этому желторотому юнцу.
«Будет, сколько можно лежать?» – мысленно
торопила она себя. Надо сходить на кладбище, но 
разморенное,  ослабленное  тело  не  хочет  подчи-
няться.
Один  взбалмошный  поэт,  ухватившись  обеи-
ми  руками  за  трибуну,  пасмурно  декламировал: 
«Кажется,  земля  зовёт  к  себе…»  Точь-в-точь! 
Эти адские мучения. Да, чем так истязать души 
грешников, лучше бы сразу и поглотила его ма-
тушка-земля?! 
Сама  она  не  боится,  что  если  умрёт,  то  может 
остаться непогребённой – лишь только пережива-
ет как бы этот неуправляемый, словно рой злых 
пчёл, народ не искусал её единственного пока ещё 
колченого верблюжонка.
Чего стоит одно только воспоминание о суде! О 
скандале законной жены Айсарина и рокоте гусе-
ничного трактора!.. 
Если бы знала, что всю жизнь будет терпеть муки 
и насмешки, то прожила бы жизнь и без мужа, и 
без ребёнка...
Прости, Господи, да о чём это она?! За всё спа-
сибо тебе, Аллах! Существует же приписываемая 
тебе  старая  заповедь:  «Я  не  дал  людям  ничего 
лишнего. Только забираю что-то у одних и отдаю 
недостающее другим». 
И  правда.  Наверное,  богатством  и  счастьем  на-
шим довольствуются ловко другие.
 
А тут двум бабам дал одного академика, который 
при  жизни  не  мог  избежать  скандалов,  а  после 
смерти – судебных разборок.
Мучимая  тоской  Торшакыз,  пытаясь  облегчить 
душу  от  горечи  и  желчи,  выдохнула  так,  что  её 
«Ух!»  могло  надуть  шар,  которым  игрались  во 
дворе дети. 
Вспугнутая  громким  вздохом  попугаиха,  заклю-
чённая  в  серебряную  клетку,  зацокала  и  стала 
орать от неожиданности:
«Дудаева расстреляли!»
Рахимжан Отарбаев • 
АНГЕЛЫ НЕ СПЯТ 
ТОРШАКЫЗ И ПОПУГАЙ
               
Рахымжан Отарбаев • 
ПЕРІШТЕЛЕР   ҰЙЫҚТАМАЙДЫ 
ТОРШАҚЫЗ БЕН ТОТЫҚҰС
            
200
201

«Шешендер әлі соғысып жатыр!»
«Коммунистер оңбай омақасты!»
Бойы жеңілдеп қалған тотықұс жаттап алған тір-
кесін бірер мәрте қайталады да тыншыды.
- Алла, байғұсым-ай, саясат сенің не теңің?
Осының  өзінің  жасы  нешеге  келді?  Баяғы  қыз 
дәуренінде, аспирант боп бойы бұлғақтап жүрген 
шақта ғылыми жетекшісі Айсарин екі бірдей то-
тықұсты сыйға тартқан.
Туған күніне жиналған қонақтардың әкелген тар-
ту-таралғысының ішінде осы екеуінен өткені жоқ 
еді.
– Жаңадан үйленген жас жұбайлар. Бір-біріне ке-
реметтей  ғашық,  –  деп,  сол  кездің  өзінде  атағы 
аспанды  жарып  тұрған  жас  академик  дастарқан 
басындағыларды қыран-топан күлкіге батырған. 
Тордың  ішіндегі  екі  мұңлық  Айсариннің  әлгі 
әзілін  шындыққа  жанастырғысы  кеп,  добалдау 
келген тұмсықтарымен тістесіп сүйісе ме, қанат-
тарымен сипаса ма, иіскесе ме – өз қызықтары өз-
дерінде болып жатты. 
Кейін жападан-жалғыз өзі шошайып қалған сәт-
терінде ойдан ой қуып отырса, сол кеште-ақ ұс-
тазы  бұған  көңілі  барын  емеурінімен  білдіріп 
баққан екен...
Ой шіркінде тиянақ бар ма, құбыладан ескен жел-
дей жөңки береді-ау... 
Өзі  онжылдықты  аяқтасымен  көк  шамаданына 
арзанқол  екі  көйлегін,  бір  құшақ  кітап-дәптерін 
басып  осы  Алматыға  жеткен.  Жаратқан  иемнің 
жетім көңілге иігені шығар, жоғары оқу орнына 
қаптап жүрген бармақ басты, көз қыстының ара-
сынан  сыналап  өтіп  кетті.  Күн  сіңген  қос  өрім 
бұрымы  құйрығын  қаққан,  қасы-көзі  қиылып, 
бетінің сүт шұңқыры ойылған ауылдың әдемі қа-
раторы қызы оқуға келгенде де артық қамшы сал-
дырмады.
 Асфальтта ойнап өскен қаланың небір жігіт-же-
леңінің аузының суын ағызып, ындынын құртқан.
 Еркек атаулының мұны көрсе қапияда жаңа туған 
айға көздері түскендей жәудіреп, аңтарылып қа-
латынын байқаған сайын Торшақыздың көңіліне 
«Чеченцы до сих пор воюют!»
«Коммунисты валятся с треском!»
Прокричав эти скороговорки, птица успокоилась.
–  О,  Боже!  Бедная  птичка,  разве  политика  тебе 
по зубам? Сколько же ей лет? Давно, когда была 
девушкой-аспиранткой, её научный руководитель 
Айсарин подарил ей двух попугаев. 
Из всех подарков, полученных от гостей в день её
рождения, это был самый лучший.
– Это – молодожёны. Любят друг друга до безу-
мия, – сказав это, молодой, но уже известный ака-
демик рассмешил всех, кто сидел тогда за столом. 
А заточённая в клетке пара, как бы подтверждая 
слова Айсарина, то ли целовалась, цепляясь кри-
выми  клювами,  то  ли  обнюхивала,  поглаживая 
друг друга крыльями. Словом, устроили настоя-
щее представление. 
Позже,  когда,  оставшись  одна-одинёшенька,  си-
дела со своими раздумьями, то поняла, что её на-
учный руководитель так выдавал ей свои намере-
ния.
Разве  есть  постоянство  у  раздумий  и  воспоми-
наний?  Как  переменчивые  ветры,  веют  они  над 
нами...
Окончив  среднюю  школу,  сложив  в  свой  синий 
чемодан  два  дешёвеньких  платьица,  книжки  и 
тетрадки, отправилась в столицу. Сумела протис-
нуться сквозь «блат и сват». Тонкобровая, загоре-
лая, с ямочками на щеках и с длинными, ниже яго-
диц, косами, аульная девушка стала в учёбе одной 
из первых. 
Не один десяток городских джигитов, выросших
на асфальте, засматривались ей вслед и не могли 
добиться её расположения. 
Всё  явственнее  замечая,  как  парни  восторженно 
и  ослеплённо  пялятся  на  неё,  будто  смотрят  на 
луну, Торшакыз стала почти самодовольной, гор-
Рахимжан Отарбаев • 
АНГЕЛЫ НЕ СПЯТ 
ТОРШАКЫЗ И ПОПУГАЙ
               
Рахымжан Отарбаев • 
ПЕРІШТЕЛЕР   ҰЙЫҚТАМАЙДЫ 
ТОРШАҚЫЗ БЕН ТОТЫҚҰС
            
202
203

тоқтық па, паңдық па, әйтеуір бір астамдық біт-
кен.
Бұл  аспирантураға  өткенде  соңынан  үйір-үй-
ірімен еріп, сүмеңдеп жүретін көп жігіттің қарасы 
азайып, «тең – теңімен, тезек – қабымен» үйлесім 
тауып жатты. 
Сонда да болса «...бүйтіп кекірейе берсем, түбі ақ 
жайманың  үстінде  ақ  тамақтан  еркелете  иіскей-
тін  қауқары  үстем  азаматқа  зар  болып  жалғыз 
қалам-ау...» деген кісәпір ой басына кіріп-шықса 
ше?.. 
Түгесіліп болмастай көрінетін өмірдің бар қызығы 
ғылым мен көкжиектің ар жағында жатқан бола-
шақ  күндерде  тұрғандай  алды-артына  бағамдап 
бір қарады ма?
«Мистер академик Айсарин!»
«Солженицын сандырақтай береді!»
«Жириновский жынды!»
Жап  аузыңды,  алжасқан  неме!  Аяқ  астынан 
бажылдап, енді мұның өзін шошытқанын көрдің 
бе? 
Мәскеудің ортекедей орғып, таудан тасқа секірген 
көкезу саясатшыларын жергілікті баспасөз бетін-
де сыбап жататын біздің можантопай зиялылары-
мыз сынды қақсамай. 
Шүңкиіп  отырған  жерінде  бізөкше  төплиді  жі-
беріп  ұрар  ма  еді?!  Жемсауы  жайрасын  да  қал-
сын...
Иә, иә, Торшақыз адамдардың, қаласа, жер шары-
ның екі түкпірінде тұрып-ақ өзара ойша әсер ету, 
тілдесу құпиясы барлығын зерттеген, телепат ға-
лым Айсаринге аспирант боп қалған. 
Ұзын  бойлы,  әжімі  терең  батқан  кере  қарыс 
маңдайы, ашаң жүзі, мысқыл мен мейірімділіктің 
қоспасынан жаратылған баяу күлкісі бетінің сүт 
шұңқыры ойылып тұрған аспирантын сиқырлап, 
қол-аяғын  көзге  көрінбес,  қолға  ұстатпас  жібек 
жіптермен байлап-матап тастаған. 
Бұйдасы мығым қолға тиген сүт өркеш тайлақтай 
ұзап  кетпей,  айналсоқтай  берген.  Келе-келе 
шәкіртінің бойында ғылымға, ұстазының ойында 
махаббатқа деген құштарлық күн өткен сайын өр-
деливой и даже высокомерной. 
Однако когда поступила в аспирантуру, толпа та-
скавшихся за нею парней заметно поубавилась.
По  принципу  «ровня  с  ровней»  находили  свои 
пары. 
Тем не менее, Торшакыз не приходило на ум, что 
если она так будет вести себя и впредь, то может в 
конце концов остаться одна, без достойного муж-
чины, который миловал бы её на белых просты-
нях. 
Даже  не  пыталась  предвидеть  будущее,  ведь 
жизнь  ей  казалась  неисчерпаемой.  Всё  прекрас-
ное ещё впереди, включая её успехи в науке…
«Мистер академик Айсарин!»
«Солженицын бредит!»
«Жириновский – не в себе!»
Закрой свой рот, маразматичка! Надо же, напуга-
ла как!
Научилась  у  нашей  интеллигенции,  что  в  мест-
ных  газетах  костерит  московских  политиканов, 
скачущих с камня на камень к вершине Олимпа. 
Прибить бы тебя туфлей, чтоб аж корм из зоба по-
сыпался!..
Да, да, Торшакыз, став аспиранткой учёного теле-
патолога Айсарина, изучала тонкости этой науки, 
вплоть до того, как, каким образом два человека, 
находясь  в  разных  точках  земного  шара,  могут 
влиять друг на друга, общаться между собой.
Высокий  рост,  глубокие  морщины  на  широком 
лбу, светлое лицо, тихий смех, сотканный из при-
родной  насмешливости  и  природной  же  состра-
дательности, заворожили аспирантку c детскими 
ямочками на щеках, опутали и спеленали руки и 
ноги невидимыми шёлковыми нитями.
Закрутилась вокруг него, будто молодая верблю-
дица,  попавшая  в  крепкие  руки  хозяина.  Посте-
пенно  ученица  стала  проявлять  способности  к 
науке, а наставник с каждым днём стал проявлять 
Рахимжан Отарбаев • 
АНГЕЛЫ НЕ СПЯТ 
ТОРШАКЫЗ И ПОПУГАЙ
               
Рахымжан Отарбаев • 
ПЕРІШТЕЛЕР   ҰЙЫҚТАМАЙДЫ 
ТОРШАҚЫЗ БЕН ТОТЫҚҰС
            
204
205

шіп бара жатты. 
Қыздай қосылған бәйбішесі мен жалғыз қызы бар 
академик ең талантты шәкіртім деп мұны отбасы-
на алып барып та таныстырған. 
Үлде мен бүлдеге оранып отырған қаракер бәйбі-
ше салқын сыпайылықтан аспай, бір шайын құй-
ып берді. 
Обалы  қанша,  қызы  әкесіне  тартқан  ақкөңіл, 
ашық  көрінген.  Аққудың  көгілдіріндей  қалқып 
жүріп қасынан шықпай қойды. 
Е,  нені  көрмеген  бұл  ғазиз  бастан  қызықты  да, 
шыжықты да дәурен өткен жоқ дейсің. 
Шет елдерде өткен мәртебелі ғылыми жиындар-
да, алқалы топта, айқасы мен шайқасы мол даулы 
айтыстарда ұстазынан ірге ажыратпай қатар жүр-
ген. 
Соның арқасында кандидаттығын да, бұ қалай де-
гізбей, бір дауыстан жақтады. Алладан жасырған-
мен бұ күнде адамнан сыр бүге аласың ба?
Сөйтіп  жүріп...  Академик  пен  аспирантының 
ортасындағы  ыстық  шарпысу  ауыздан-ауызға, 
құлақтан-құлаққа өтіп, қала аралап, дала кезіп, тү-
гесілмес «Мың бір түннің» хикаясындай тараған. 
Атақты  Айсарин  мен  толықсыған  Торшақыздың 
қылығын қылмысқа балап, онсыз да сүріндіруге 
сеп таба алмай жүрген небір сығыр, ай, несін ай-
тасың, құшырын қандырған.
– Қай бетімді шымшиын, екеуі үйленіп алыпты, 
– дескен.
– Ұстазымыз телепатияны ғылымнан гөрі махаб-
батта дәлелдеді, – дескен.
– Жеңгеміз ұл таппаған соң қайтсін? – дескен.
Дескен  жұрттың  тілегіне  періште  әумин  деп, 
араға  жыл  салмай  жатып  Торшақыз  екі  шекесі 
торсықтай ұл тапқан. 
всё большее неравнодушие к ней самой.
Академик представлял её как свою самую талант-
ливую ученицу. Даже приглашал домой и знако-
мил  с  законной  женой,  связавшей  с  ним  жизнь 
ещё в девичестве, и своей единственной дочерью. 
Утопающая  в  роскоши  строгая  жена  академика 
угостила её только чаем, да и то в рамках
приличия. 
Зато дочь, похожая на отца своей открытостью
и радушием, так и кружилась вокруг неё, словно 
лебяжий утёнок на водной глади.
Э, что только не видел этот круглый мир! Пере-
жил и чарки, и шкварки. 
На научных форумах за рубежом, в видных кру-
гах, в жарких диспутах и дискуссиях она всегда 
была рядом со своим научным руководителем.
Благодаря этому, без сучка и задоринки защити-
ла  кандидатскую  диссертацию.  Но  разве  то,  что 
скрывается даже от Бога, утаишь в наши дни от 
людского любопытства?
Отношения между академиком и его аспиранткой 
обрастали  слухами.  Слухи,  ставшие  притчей  во 
языцех,  мусолились  на  манер  «Тысячи  и  одной 
ночи». 
Всякие ничтожества, только и искавшие, как под-
ставить  ножку  знаменитому  академику  и  округ-
лившейся Торшакыз, упивались в довольстве.
–  Не  знаю,  какую  щёку  ущипнуть:  они  пожени-
лись! – даже с некоторым разочарованием шепта-
лись одни.
–  Наш  руководитель  доказал  наличие  телепатии 
на любовном фронте, – шушукались другие.
– Что делать, раз тётушка не смогла подарить ему 
сына! – лживо сочувствовали третьи.
Наверное, ангелы здесь подсуетились – не прошло 
и года, как Торшакыз родила ему головастенького 
карапуза.
Рахимжан Отарбаев • 
АНГЕЛЫ НЕ СПЯТ 
ТОРШАКЫЗ И ПОПУГАЙ
               
Рахымжан Отарбаев • 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет