АНЫҚТАМАЛАР Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар
қолданылған:
Акме – (грек тілінен аударғанда – шың, кемелдену кезеңі) – бұл жоғарғы
нүкте, тұлғаның кемелденуі, оның жоғарғы жетістіктерге қол жеткізудегі
кезеңі, оның барысында әр түрлі салалар бойынша тұлға жетілуінің кӛрініс
беруі, оның қабілеттері мен даралығының барынша дамуы байқалады.
Акмеология - жаратылыстану, қоғамтану және гуманитарлық пәндер
негізінде пайда болған ғылым, ол адамның жетілу кезеңіне дейінгі оның даму
заңдылықтары мен феноменін зерттейді.
Акмеологиялық әдіс – акмеологиялық мәселелер мен міндеттерді тиімді
шешуге мүмкіндік беретін тәсілдер мен әрекет ету амалдарының жиынтығы.
Акмеологиялық әсер ету– бұл гуманистік мазмұндағы кіріктірілген және
мақсатқа бағытталған тұлғаға немесе топқа әсер ету.
Акмеологиялық білім –бұл ғылыми-әдіснамалық бағыттағы және үш
компонентті құрылымнан тұратын арнайы кешенді білім.
Акмеологиялық заңдылықтар – тұлғаның және іс-әрекеттің кәсібилігіне
қарай
ұмтылудағы
қатынастар
мен
басымдылықтардың
тұрақты
байланыстарының сипаттары.
Акмеологиялық зерттеу –акмеологияның жетекші қағидаларына
негізделген, акмеологиялық мәселелер мен міндеттердің шешілуімен
байланысты ғылыми зерттеу.
Акмеологиялық қҧзыреттілік –А.К. Маркова ұсынған категория,
кәсібиліктің жүйесін және оның кәсіби жүргізілуінің саласын құрайтын таным
компоненті.
Акмеологияның пәні - жетілген тұлғаның ілгері дамуына ықпал ететін
және оның жоғары кәсіби жетістіктеріне себеп болатын заңдылықтарды,
психологиялық және акмеологиялық тетіктер, шарттар мен факторларды
сипаттайды.
Акмеологиялық амал - акмеологиялық мәселелер мен міндеттерді
шешуге мүмкіндік беретін, психологиялық-акмеологиялық қағидалар мен
әдістер жиынтығын сипаттайтын базистік жалпылама акмеологиялық
категория.