8.5. Құқықтық мәселелер нақты қойылып, атап айтқанда олардың мәнін нақты
анықтауға мүмкіндік беру қажет. Клиент сұрақты қойғанда Маманның көмек беруін
сұрауына құқылы.
8.6. Сұрақтардың жиынтығы 1 (бір) нақты бітектес заңи фактілерге (оқиғалар,
әрекеттер, жағдайлар және т.б.) сүйене отырып, қойылуы қажет.
8.7. Клиент сұранысты жасау кезінде толық емес және жалған ақпарат үшін жауапты
болады.
9 бап. Жазбаша сұранысты жүзеге асыру тәртібі
9.1. Жазбаша сұраныстар электронды пошта арқылы немесе Қызметпен белгіленген
электрондық хаттарды жолдау үшін арналған басқа да байланыс құралдары арқылы жүзеге
асырылады.
9.2. Электронды пошла арқылы жолданатын Сұраныс электрондық хат нысанына,
сондай-ақ электронды поштаны пайдалану ережеріне сәйкес келу керек.
9.3. Қызметке жолданатын электрондық хат келесіден тұруы қажет:
- Клиенттік картаның нөміріне сәйкес атауынан (хат тақырыбы)
- Басты ережелердің талаптарына сәйкес келетін сұраныстан.
9.4. Барлық жазбаша Сұраныстар келсіден тұруы қажет:
- Қызметті ұсынуға қажетті толық және шынайы ақпараттар;
- анықталған талаптар мен сұрақтар;
- күтілетін нәтижелер туралы ақпараттар.
9.5. Сұраныс Қызмет елінің мемлекеттік (ресми) тілінде немесе осы Ережелерде
анықталған басқа да тілдерде жасалуы тиіс.
9.6. Барлық қойылған сұрақтар өзара байланысты болып, бірқалыпты заңи фактілерге
сүйену қажет. Сұрақтарды олармен танысу барысында олардың мәнін нақты анықтай
алатындай етіп қою қажет.
9.7. Нәтижесі ауызша ұсынылатын жазбаша Сұраныс жасалған кезде, Клиент
Қызметтен қоңырау қабылдай алатын мерзімді (1 сағаттан кем емес) көрсетуі қажет. Егер бұл
13
талаптар сақталмаса, және де көрсетілген мерзімде Клиентпен байланысу мүмкін болмаса,
Қызмет қызмет көрсету міндеттемесінен босатылады.
9.8. Егер Сұраныс бернеше түрлі (байланысты емес немесе өзара тәуелді емес)
сұрақтардан тұрса, Қызмет сұрақты бірнеше өздігінше байланысты емес сұрақтарға бөлуге
құқығы бар.
9.9. Әрбір жазбаша сұраныс келесі сипатқа ие болу керек:
- жағдайлардың өзара байланысы;
- Клиент өз бетінше анықтайтын 3 (үш) сұрақ.
9.10. Егер де Басты ережелермен белгіленген, Клиенттің Сұранысы бір мәселеден тыс
шықса, әрбір келесі сұрақ жиынтығы бөлек Сұраныс ретінде қаралады. Бұндай жағдайлар
туралы Қызмет Клиентке хабарлауға міндетті емес.
10 бап. Кіріс құжаттарына қойылатын талаптар
10.1. Басты ережелердің мақсаты үшін Құжатың көлемі Times New Roman шрифтімен
кегль 12 терілген толық беттегі символдарына тең символдар эвивалентінен шыға отырып,
«стандарттық парақтармен» анықталады.
10.2. Клиентке жолданатын құжат келесі техникалық талаптарға сай болуы қажет:
- құжаттардық стандарттық көлемі — 6 (алты) стандарттық парақтан аспауы тиіс;
- құжаттың максималдық көлемі қандай жағдайда болмасын 60 (алпыс) стандарттық
парақтан аспауы тиіс;
- Құжаттың мәтіні анық көрініп, жақсы оқылуы тиіс.
10.3. Электронды құжаттар тек қана txt, rtf, doc, pdf, xls, tiff, tif, bmp, gif, jpeg, jpg, png,
docx, odt, xml, mp3, wav кеңістіктегі форматта қабылданады.
10.4. Егер де Маманмен қызмет көрсету нәтиіжесін ұсынуға объективті түрде жеткілікті
болмаса, Клиентпен сұратылатын Қызметтер құжаттар ұсынылған уақытқа дейін
тоқтатылады. Құжаттардың жеткіліксіздігі Маманмен анықталады.
IV тарау. Мерзімдер. Хабарламалар. Ілеспе сервистер
11 бап. Картаны активтендіру мерзімі
11.1. Картаны активтендіру мерзімі Компанияның сағаттық аймағына сәйкес есептеледі.
11.2. Активтендріу мерзімі Компаниямен өздігінше белгіленіп, Компанияның ресми
ұсынысының шарттарының бірі болып табылады. Компания Картаның активтендіру мерзімі
туралы ақпаратты кез-келген қолайлы жолмен хабарлауға құқылы.
11.3. Егер де Картаны активтендіру мерзімі белгіленбесе немесе Клиентке хабарланбаса,
онда Картаны шығарылған кезден бастап 2 (екі) күнтізбелік жылға тең болып саналады.
12 бап. Қызмет көрсету мерзімі
12.1. Қызмет көрсетуге белгіленген мерзімдер Карта активтендірілген Қызметтің
Уақытына сәйкес есептеледі.
12.2. Қызмет көрсету мерзімі Картаны активтендіргенне бастап мерзімнің соңғы
күнтізбелік күннің 00:00 сағатына дейін есептеледі.
13 бап. Қызмет көрсету мерзімін санау тәртібі
13.1. Қызмет көрсету мерзімдері тисіті Қызметті көрсететін Қызмет Уақытына сәйкес
есептеледі.
13.2. Нақты қызметті көрсету мерзімін есептеудің тәртібі Басты ережелермен
белгіленбесе, күндермен белгіленген Қызмет көрсетудің мерзімі Қызметпен Клиенттің
Сұранысы тіркелген күнтізбелік күннен кейінгі Қызметтің жұмыс күнінің 9:00 сағатынан
бастап есептеледі.
13.3. Сағатпен белгіленген Қызмет көрсету мерзімдері Сұраныс келіп түскен сәттен
бастап есептеледі.
14
13.4. Сұранысты тіркеу мерзімі болып Басты ережелермен көзделген форматта,
құжаттарға, мәліметтермен байланысты Клиетпен толықтығын, шынайылығын, заңдылығын
және басқа да барлық талаптардың сақтауымен арнайы техникалық құралдармен тіркелу
мерзімі болып атыблады. Қызмет Сұраныстарды ойға қонымды мерзімде тіркейді.
13.5. Сұраныс анықталған жағдайда мерзім Сұранысты анықтаған уақыттан бастап
есептеледі. Қосымша құжаттар ұсылған кезде мерзім сонғы орынды құжат алынған кезден
бастап есептеледі.
13.6. Осы ережелерде ай болып күнтізбелік ай, күн болып Қызмет көрсету Аумағының
жұмыс күні түсініледі.
14 бап. Ауызша Сұраныстар бойынша Қызмет көрсету мерзімдері
14.1. Шұғыл ауызша кеңес
14.1.1. Клиентпен тікелей телефонмен байланысу кезінде көрсетіледі немесе Басты
ережелермен көзделген жағдайдың шұғылдығы сипатын ескере отырып, Клиентпен
келісілген уақыт ішінде ұсыныла алады.
14.2. Ауызша кеңес, Құжатты жасау бойынша нұсқаулық, Ауызша бизнес-кеңес
14.2.1. Қызмет көрсету нәтижесі тікелей Клиенттің хабарласуы кезінде ұсынылады.
14.2.2. Қызмет көрсету нәтижесі Клиенттің телефон нөміріне қоңырау шалу жолымен
Қызметпен Клиент сұранысын тіркеген кезден бастап 24 сағат ішінде, егер де Қызмет
көрсету үшін Маманға қосымша орынды заңнамамен және құқық қолдану тәжірибесімен
танысу қажет болса ұсынылады, ол туралы Клиентке хабарланады.
14.3. Заңгердің қоңырауы, Келіссөз жүргізуге ықпал ету
14.3.1. Қызмет көрсету нәтижесі тікелей Клиентпен телефон байланысу кезінде немесе
Клиенттің хабарласу уақытынан бастап 6 (алты) сағат ішінде көрсетіледі, алайда, кез-келген
жағдайда Қызметтің уақыты бойынша 21.00 сағаттан кешіктірмей ұсыналады.
14.3.2. Егер де Қызметті көрсету үшін қосымша орынды заңнамамен және де құқықты
қолдану тәжірибемен танысу қажет болса, осы Ережелермен тікелей көздеген жағдайларда
Қызмет көрсету нәтижесі Клиентпен көрсетілген уақытта Сұраныс түскен кезден бастап 24
сағат өткен соң ( 9.7 тармағына байланысты), бірақ 72 сағаттан кешіктірілмей көрсетілуі
қажет.
14.4. Шарттың ұсынылатын моделі
14.4.1. Қызмет көрсету нәтижесі 1 (бір) күн ішінде көрсетіледі.
15 бап. Жазбаша сұраныстар бойынша Қызмет көрсету мерзімдері
15.1. Ауызша кеңес, Құжатты жасау бойынша Нұсқаулық, Ауызша бизнес-кеңес,
Заңгердің қоңырауы, Келіссөздерге ықпал ету, Шарттың ұсынылатын моделі
15.1.1. Осы Ережелермен көзделген жағдайларды қоспағанда, Қызмет көрсету нәтижесі
1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
15.2. Құжатты құқықтық түсіндіру
15.2.1. Стандарттық көлемдегі құжаттар үшін Қызмет көрсету нәтижесі 1 (бір) күн
ішінде ұсынылады.
15.2.2. Көлемі стандарттық көлемнен жоғары болып Сұраныс келіп түссе Қызметті
көрсету мерзімі стандарттық көлемнен артық әрбір 6 парақ үшін 1 (бір) жұмыс күніне
созылады.
15.3. Жазбаша кеңес
15
15.3.1. Қызмет көрсетудің стандарттық мерзімі 2 (екі) күнді құрайды. Көрсетілетін
қызмет мерзімі Сұраныстың күрделілігіне байланысты 5 (бес) күнге дейін созылуы мүмкін.
15.3.2. Стандарттық көлемнен жоғары көлемде Сұраныс келіп түссе, Қызметті көрсету
мерзімі стандарттық көлемнен артық әрбір 6 парақ үшін 1 (бір) жұмыс күніне созылады.
15.4. Бизнес-жоспарды жүзеге асыру бойынша жазбаша қорытынды, Сотта
шығарылатын шешімге баға беру
15.4.1. Қызмет көрсету 5 (бес) күнді құрайды.
15.4.2. Стандарттық көлемнен жоғары көлемде Сұраныс келіп түссе, Қызметті көрсету
мерзімі стандарттық көлемнен артық әрбір 6 парақ үшін 1 (бір) жұмыс күніне созылады.
15.5. Заңнамадағы өзгерістерге шолу
15.5.1. Қызмет көрсету нәтижесі Қызметпен анықталған күнде айына бір рет
көрсетіледі.
16 бап. Байланысты Қызметтердің көрсетілу мерзімі
16.1. Анықталамық байланыс ақпараты
16.1.1. Қызмет көрсету нәтижесі Қызметпен Клиент Сұранысын тіркеген кезден бастап
24 сағат ішінде ұсынылады.
16.2. Клиенттен өкілді тағайындау
16.2.1. Қызмет өкілдің құзыретін растау процедурасы ойдағыдай өткен жағдайда,
Қызмет алуға өкілге Сұранысты жасаған кезден бастап 2 (екі) күн мерзім ішінде рұқсат
береді.
17 бап. Хабарлама
17.1. Егер нақты Қызмет алу мерзімі стандарттық мерзімнен асып кетсе, Қызмет
Клиентті берілген жағдай және Қызмет көрсету нәтижелерін алу мерзім туралы Қызметпен
Клиент Сұранысын тіркеген бастап 1 күн ішінде хабарланады.
17.2. Қажет болып табылатын нақты Қызмет көрсетілмей Сұраныс түскен жағдайда,
Қызмет осы Басты ережелердің 25.1.3. тармағын басшылыққа алады.
17.3. Берілген Басты ережелерге сәйкес келмейтін Сұраныс түскен жағдайда,
Сұранысты ілесіп алып жүру сервистік Қызмет көрсетуде объективті мүмкіндік болмаса,
Қызмет Клиентке сәйкессіздік себебін көрсете отырып, Сұранысты кері қайтару туралы
хабарлайды.
18 бап. Сұраныстарды ілесіп алып жүру
18.1. Басты ережелер талаптарына сәйкес келетін немесе толықтай сәйкес келмейтін
әрбір сұранысқа байланысты Қызметпен қойылған тәртіпке сәйкес оны алып жүру жүзеге
асырылады.
18.2. Клиент ниетіне Қызмет көрсету нәтижелерінің барынша сәйкес келтіру
критерийларын ескере отырып Қызмет көрсету Клиентпен көрсетілген қызметтен басқаша
Қызметке классификацияласа Қызмет 25.1.3 тармағын басшылыққа алады.
18.3. Егер де жазбаша Сұраныс толық көлемде болмаса, соның ішінде басты мәліметтер
мен құжаттар болмаса немесе Сұраныстың қөажетті реквизиттері болмаса, алайда оларды
анықтау мүмкіндігі болса Маман Клиентпен Сұранысты анықтау мақсатымен байланысады.
V тарау. Ақпаратпен алмасуға қойылатын талаптар
19 бап. Ілеспе мағлұматтар
19.1. Қызметті көрсету барысында Клиентке басқа ұйымдар, органдар мен азаматтар
(үшінші тұлғалар) туралы мәліметтер болуы мүмкін, олардың өндірісі, өнімі, ұсынысы
туралы, соның ішінде коммерциялық сипаттағы Интернет желісіндегі сайттарға сілтемелер
16
(іліспе мағлұматтар) хабарлануы мүмкін. Берілген үшінші тұлғалар мен іліспе мағлұмат
Компания мен Қызметпен қандай да бір талаптарға сәйкес келетіндігіне тексерілмейді.
Компания да, Қызмет те берілген іліспе мағлұматқа жауапты болып табылмайды, соның
ішінде үшінші тұлғалармен білдірілген ойларға, айтылған сөздерге, жарнамаларға және тағы
басқаларға, сонымен қатар, осындай іліспе ақпараттың қол жетімділігі мен Клиетпне оны
пайдалану немесе пайдаланбауының салдарына жауапты болып табылмайды.
19.2. Тікелей көрсетілмесе, кез-келген коммерциялық немесе коммерциялық емес
ілеспе ақпаратты ұсыну Компания немесе Қызмет тарапынан оны қостау немесе мақұлдау
болып табылмайды.
19.3. Басты ережелерді қабылдай отырып, Клиент жарналалық ақпартты алуға келісімін
береді, егер де осындай қажеттілік Қызмет көрсету Аумағының құқығымен көзделсе.
20 бап. Байланыстарға қойылатын талаптар
20.1. Қызметтерді алуға қажетті телефон нөмірлері, электронды пошта мекен-жайы мен
басқа да байланыс-мекен-жай ақпараты Қызметпен белгіленіп, Компания мен Қызметтің
сайтында, сонымен қатар, өнім Жинақтарында жарияланады. Тиісті байланыс-мекен-жай
ақпараты өзгерген жағдайда Қызмет сайтында орналасқан ақпарат басты болып саналады.
Компания байланыс –мекен-жай ақпараты өзгерген жағдайда, Клиент иелігіндегі Картадағы
ақпараттың шынайылығына жауапты болмайды.
20.2. Барлық байлансы реквизиттері: телефон нөмірлері, электронды пошта мекен-жайы,
сондай-ақ, Клиентпен ұсынылған кез-келген ақпараттар дұрыс болып есептеліп, Клиенттікі
болып және оған қол жетерліктей болады, осыған байланысты берілген реквизиттерді
пайдалан отырып телефондық жане басқа да байланысты жүзеге асыру, электрондық және
басқа да хаттарды жолдау Клиетпен байланысты жүзеге асыру болып есептеледі.
20.3. Қызметтерді көрсету үшін Маман Клиент Картаны активтендіру кезінде көрсеткен
оның телефон нөміріне жарты сағат ішінде кемінде 2 рет қоңырау шалады. Осындай
қоыңрау шалу кезінде Клиентпен байланысу мүмкін болмаса Қызмет көрсетілмеген болып
есептеледі, алайда, мұнда Қызметтің кінәсі болмайды. Клиент осындай сұраныспен қайта
қоңырау шалуына болады, бұл жағдайда мерзім қайтадан есептеледі.
20.4. Хабарламаларды, Қызмет нәтиіжесін, басқа да ақпараттар мен мәліметтерді басқа
реквизиттерді пайдалануға нақты бір ақпараттық өзара әрекеттесуге байланысты Қызметпен
алдын-ала келісілген болған жағдайда ғана арқылы қолданылады.
20.5. Клиент қызмет көрсету Аумағының құқығының талабына сәйкес хабарланатын
немесе берілетін мәліметтердің шынайылығына өздігінше жауапты болады,Клиентпен
берілген қандай да бір мәліметтер үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне
зақым келтірсе, соның ішінде авторлардың жеке мүліктік емес құқықтарын, үшінші
тұлғалардың интеллектуалдық құқықтарын және/немесе оның материалдық емес заттарына
зақым кетірсе Клиент өзі жауапты болады.
20.6. Компания немесе Қызмет Клиенттердің жеке категорияларына немесе барлық
Клиенттерге мәліметтермен алмасуда шектеулер қоюға құқылы (Клиенттің жүрген жеріне
қарай, байланыста бағдарламалық-аппараттық құралдарға байланысты), соның ішінде: бірге
жүретін Қызметтердің бөлек функцияларының болуы/ болмауы, көрсетілген мерзім ішінде
бір Клиентпен қабылданап немесе жолдана алатын, электрондық байлансы құралдары
арқылы жолданатын максималды түрдегі хабарламалар немесе телефондық қоңыраулар,
пошталық хабарламалардың максималды түрдегі саны, үздіксіз телефондық/ басқа да
байланысының максималдық ұзақтығы, электронды құралдар арқылы жолданатын
мәліметтердің арнайы параметрлеріне шектеулер қоюға құқылы.
20.7. Компания немесе Қызмет Клиентпен жолданатын автоматты түрде жолданатын
мәліметтердің, сонымен қатар, автоматты түрде жасалған кез-келген ақпараттың
қабылдануын тоқтатуға құқылы (мысалы, пошталық спам).
20.8. Қызметті пайдалану барысында Клиент:
17
- заңсыз болып табылатын, зақым келтіретін, өсек-аяң, адамгершілікті қорлайтын,
таптайтын, зорлық пен қорлықты көрсететін (тарататын) интеллектуалдық құқықты бұзатын,
адамдардың расалық, этникалық, жыныстық, діндік, әлеуметтік белгілері бойынша кемсітіп,
оны тарататын, қандай да бір тұлғалар мен ұйымдарды қорлайтын, порнография элементтері
бар, наркотикалық заттарды жасау, пайдалану мен басқа да қолданылу тәртібін және басқа да
ұқсас жарылыс немесе басқа да қару құралдары туралы ақпаратты беруге құқылы емес.
- құқыққа ие болмастан, өзін өзі басқа адам деп немесе ұйымның мүддесін білдіруші
тұлғаға, сондай ақ, Компания немесе Қызмет қызметкері ретінде өзін таныстару, сонымен
қатар, басқа тұлғалардың орнына заңсыз таныстару тәсілдерін пайдалануға құқылы емес;
- Рұқсатсыз кіруді жүзеге асыратын, компьютерлік немесе телекоммуникациялық
құрылғы немесе бағдарламаның бұзылуына немесе жойылуына арналған, қандайда бір
материалдар, вирусы бар немесе басқа да компьютерлік кодтар, файлдар мен
бағдарламаларды кез-келген тәсілмен беруге құқылы емес;
- ақпараттық өзара алмасу барысында Қызмет көрсету Аумағының заңнамасы талабын
бұзуға құқылы емес.
VI тарау. Құпия ақпарат
21 бап. Жеке ақпарат
21.1. Клиеттің жеке ақпараты Компания және/немесе Қызмет Клиент қызметті алу
барысында онан алынатын Басты ережелердің талаптарына сәйкес Компаниямен сақталып,
өңделеді. Осы Басты ережелердің талаптарына сәйкес берілген Клиенттің Жеке мәліметті
ұсынуға рұқсаты көрсетілген тұлғалардың кез-келгенімен қатынас щеңберінде сол барлық
тұлғаларға таралады.
21.2. Қызметті пайдалану Клиенттің осы баптың ережелерімен және де онда
көрсетілген оның Жеке ақпаратын өңдеу талаптармен толықтай сөзсіз келісуін білдіреді.
21.3. Компания да, Қызмет те жалпы жағдайда Клиенттермен ұсынылатын Жеке
мәліметтерінің
шынайылығын
тексеруге
міндеттенбейді
және
де
олардың
әрекетқабілеттілігіне бақылау жасамайды, алайда, Клиент шынайы және жеткілікті Жеке
мәліметтерді берді деп түсінеді және осы ақпаратты маңыздылық түрінде сақтайды.
21.4. Компания Қызметті көрсетуге ғана қажетті жеке мәліметтерді сұратып, сақтайды.
21.5. Клиенттің жеке мәліметі келесі жағдайларда қолданылуы мүмкін:
- Басты ережелер щеңберінде Клиентті сәйкестендіру;
- Клиентке Қызметті жекеше көрсету;
- Клиентпен байланыс, соның ішінде хабарламаларды, Сұраныстарды және де
ақпараттарды жолдау, сонымен қатар, Клиенттен келіп түскен сұраныстарды өңдеу;
- Қызмет сапасын жақсарту, оларды пайдалануды ыңғайландыру, жаңа өнімдер мен
Қызметтерді өңдеу;
- атаусыз мәліметтер негізінде статистикалық және басқа да зерттеулер жүргізу.
21.6. Клиенттердің Жеке ақпараттарын сақтау ішкі корпоративтік құжаттарға сәйкес
жүзеге асырылады. Клиенттің Жеке ақпаратына қатысты құпиялылық сақталады.
21.7. Компания мен Қызмет Клиенттің Жеке мәліметтерін үшінші тұлғаларға беруге
келесі жағдайларда құқылы:
- Клиент мұндай әрекеттерге өз рұқсатын берсе;
- анықталған Қызметтерді пайдалану шеңберінде ұсыну қажет болса;
- ұсыну орнатылған процедура шеңберінде көрсетілген Қызмет Аумағының құқығымен
көзделген болса;
- Қызмет көрсету Аумағын кеңейту шеңберінде осындай ұсыну жүзеге асырылса;
- Клиент Басты ережелерді бұзған жағдайда Компания, Қызмет немесе үшінші
тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігін қаматамасыз ету
мақсатында құқылы болып табылады.
18
21.8. Компания Клиенттің жеке мәліметерін заңсыз немесе абайсызда көшірілу,
таратылу, сонымен қатар, үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен қорғау мақсатында
қажетті және жетерліктей ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қолданады,
Қызметті де осыған ұқсас әрекеттер жасауға міндеттейді.
21.9. Компания Клиентпен Тарифтік жоспар бойынша құқықтық қызметті ұсыну
мақсатында ұсынылған жеке және құпия ақпараттар Қызмет көрсету Аумағы заңнамасымен
көделген тәртіп бойынша пайдаланылады.
21.10. Клиент қызмет сапасын бақылау мақсатымен көрсетілген Қызметтер мен өзі
туралы ақпаратты сақтауға, Жеке мәліметтерді жүйелеу, жинақтау, сақтау, анықтау (жаңарту,
өзгерту), пайдалану, тарату (соның ішінде трансшекаралық беругеді қоса алғанда),
атаусыздандыру, оқшауландыру мен жоюды қоса алғанда, өзінің бағдарламалық-аппараттық
құралдардың көмегімен берілген ақпараттарды өңдеуге келісімін білдіреді.
22 бап. Басқа да құпия ақпарат
Достарыңызбен бөлісу: |