Анықтамалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу. Перспективтік жоспарды құрастыру



бет12/31
Дата25.05.2023
өлшемі160,51 Kb.
#97003
түріАнықтамалық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
4 ұйымдастырылған оқу іс-әрекет


Бағдарламалық мазмұны:
Байланыстыра сөйлеу. Суретте бейнеленген сюжеттің басын және соңын ойлап табу; өз тәжірибесі бойынша әңгіме құрау.
Грамматика. Сөздік. Тілінде мамандық аттарын және оларға сәйкес іс-әрекет түрлерін қолдануды белсенділендіру.
Тілдің дыбыстық мәдениеті. "Ә" дыбысының естілуін айыра білу және жеке айта білу; берілген сөздердің ішінде ә дыбысы бар сөздерді табу. (Әже, әпке)
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің барысы:
Тәрбиеші сұрайды: "Сендердің аналарыңның мамандықтары не және олар не істейді. Мысалы, менің анам мұғалім, ол балаларды оқуға, жазуға, санауға үйретеді. Ал сенің анаңның мамандығы қандай, ол не істейді?" (Әр баланы сұрауға болады). "8 Наурыз мерекесіне анама сыйлық" суретін балаларға көрсетеді. Жасылап қарауды ұсынады және сұрақтар қояды:
1.Суретте не бейнеленген?
2.Балалар немен айналысып жатыр?
3. Ойланыңдар, бәрі немен аяқталды?
4. Бұл суретті қалай атауға болады?
Тапсырма береді:
"Алдымен айтыңдар, балалар анасына, әжесіне, әпкесіне сыйлық жасауға және осы күнге қалай дайындалды.
Одан кейін бұл суретте не салынғаны туралы айтыңдар, және өздерің әңгіменің
соңын қызықты етіп аяқтаңдар. (Үш-төрт баланың жауабы)
8 Наурызға қалай дайындалдыңдар, аналарыңа, әжелеріңе, әпкелеріңе қандай сыйлықтар жасадыңдар, бұл күні қандай қызықты жағдайлар болды және ол қалай аяқталды, естеріңе түсіріңдер.
Әңгіме қысқа және аяқталған болуы керек. (Екі-үш баланың жаабы.)
Менің сұрағыма ұйқаспен жауап беруге тырысыңдар:
Анаңды құттықтадың сен қалай? (Тоқып бердім мен оған биялай (қолғап); салып бердім мен оған саяжай) Тағы басқа нұсқалар болуы мүмкін.
Тәрбиеші өзіне ұнаған кез келген жолды қатты және жай айтуын ұсынады.
Одан кейін жаңылтпаш оқиды. Балалар қайталайды. Бұл жерде сабақ мақсатына сәйкес белгілі бір сөзді бөліп алу керек.
5 ұйымдастырылған оқу іс-әрекет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет