Бағдарламаның мазмұны: Байланыстыра сөйлеу. Ұсынылған тақырып бойынша ертегі құрастыра білуді, жанрдың ерекшелігін бере білуді қалыптастыру.
Сөздік. Грамматика. Синонимдер мен антонимдер, анықтамалар және салыстыруларды іріктеп алу. Зат есімдер мен сын есімдерді дұрыс қолдануды үйрету. Балаларды сөзді дұрыс құрастыруға жаттықтыру.
Тілдің дыбыстық мәдениеті. Дауыс ырғағының көмегімен әртүрлі сезімдерді беруге үйрету (қуаныш, реніш)
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысы: Тәрбиеші өлең оқиды (көктем тақырыбына).
И. Левитанның "Көктем. і лкен су ' суретін қарауды ұсынады.
Сұрақгар қояды:
"Көктем" сөзінен қандай сөздер құрауға болады? (Көктемгі, көктемдік.)
"Көктемгі" деп не туралы айтуға болады? (Жылға, жаңбыр, бақ, су, шөп, өзен, күн, аспан, бұлт.)
Осы таяуда ғана қыста қар көп болды. "Қар" сөзіне туыс-сөздерді таңдап алындар. (Қарлы, ұлпа қар, ақша қар).
Егер балалар қиындық көрсе, тәрбиеші бағыттаушы сұрақтар береді: "Қардан жасалған төбе туралы не айтуға болады? Ол қандай? (Қарлы).
"Қыс" сөзіне туыс-сөздерді таңцап алыңцар. (Қысқы, қыстайтын, қыстау).
Қажет болған жағдайда тәрбиеші бағыттаушы сұрақтармен көмектеседі:
1. Қыстап қалатын құстарды қалай атайды? (Қыстайтын).
2. Қыста күнді қандай еөзбен айтуға болады? (Қысқы).
Сендер қалай ойлайсындар, "қыс" сөзі "қар" сөзіне туыс-сөз бе? (Туыс-сөздердің дыбысталуы ұқсас болуы керек, ал "қыс" сөзінде "қар" сөзіне ұқсас бөлігі жоқ).
"Қысқы" деп не туралы айтуға болады? (Бақ, қала, өзен, т.б.).
"Көктем" сөзіне анықгамалар ойлап табыңдар. Кектем қандай? (Жылы, әдемі, шуақты, шырайлы, т.б.).
Көктемгі күнді қалай атауга болады? (Жылы, мейрімді, шуақгы, нұрлы).
Көктемгі аспан қандай? (Көгілдір, ашық, көк).
Қысқы аспан қандай? (Бұлыңғыр, суық, сұр, түнерген).
Қысқы күн қандай? (Күңгірт, суық).
Тәрбиеші көктем туралы ертегі құрастыруды ұсынады: "Ертегі қысқа және аяқгалған болуы керек. Бірақ біз бұл ертеп екенін түсінуіміз керек, яғни шөптермен, ағаштармен және жануарлармен болатын бір ғажайыпты ойлап табу керек".
Тәрбиеші жаңа тапсырма ұсынады: "Жаңбыр жауып тұр" сөйлемін алдымен балалар жаңбырға қуанғаны, бұл оларға ұнайтыны түсінікті болатындай, одан кейін дауыс ырғағымен жаңбырға өзінің немқұрайдылыгын білдіретіндей, соңында наразьшығын білдіретіндей дауыспен айтуды сұрайды.
"Ал енді сендер бұган өте қуанышты екендерінді білдіретіндай етіп кез келген сөйлемді айтындар" (Қар жауып тұр! Бәйшешек шықты!).
Ал егер сендерге бірдене ұнамаса, қалай айтасындар?
(Балалар дауыс ырғағымен наразылығын, ренішін білдіреді. Мысалы: «Тағы да бұлттар», «Жаңбыр созылып кетті»).