Бағдарламалық мазмұны: Байланыстыра сөйлеу.Мәтінді ретімен, мәнерлеп мазмұндап беруді үйрету; әдеби шығармаға ұқсас өз бетімен әңгіме құратыру. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыра білуді үйрету.
Сөздік. Көпмағыналы "ине" сөзімен таныстыру.
Грамматика. Тілдің дыбыстық мәдениеті. Өз бетімен қысқа және ұзақ сөздерді іріктеп алуға үйрету.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің барысы: Тәрбиеші кірпі туралы тақпақ оқиды:
Кірпі, кірпі, кірпі,
Үстің толған ине.
Бірін берсең шіркін,
Қадар едім түйме.
Сұрақтар қояды: Бұл тақпақта не туралы айтылған? Кірпіден қандай ине сұрап тұрмыз?
Берілген тақпақты балалармен жаттау. Хормен және жеке айтқызу.
Келесі тапсырма: Балалар қазір біз сендермен орманға саяхатқа шығамыз.
"Орманда болған кездеріңді еске алыңдар, онда нелерді көрдіңдер. Солар жөнінде айтып беріңдер". Екі-төрт баланың жауабын тыңдап, балаларды қатыстыра отырып, тәрбиеші баға береді.
Тәрбиеші сөйлем оқиды: "Кірпіде инелер бар".
"Ойланыңдаршы, "ине" сөзімен тағы нелерді атауға болады? (шыршаның инесі, тігін инесі). Неге бұл инелердің бәрін бір сөзбен атайды?" Егер балалар жауап бере алмаса, тәрбиеші бағыттаушы сұрақтар қояды: "Бұл инелер бір біріне несімен ұқсайды?"
Ойын ұйымдастырылады:
"Түскі асқа түлкішектерге не дайындаймыз?"
(бұл ойында "Дыбысталатын сөздер" құрамынан "Ағайынды түлкішектер" суретін қолдануға болады.).
"Ерте, ерте, ертеде екі ағайынды түлкішек болыпты. Оларды қалай атайсыңдар? Өздерің ойластырыңдар. Біреуінің лақап аты қысқа сөзбен белгіленді. Оны қалай атаймыз? (Қу, Киш, Таф, Пәле, Тип). Ал кіншісінің лақап атына ұзын сөзді таңдап алыңдар. ( Жиренсары, Үшкіртұмсық, Жиренқұйрық)
Киш қысқа сөздермен аталатын нәрселердің бәрін жақсы көрді, ал Жиренқұйрық ұзын сөздермен аталатындардың бәрін жақсы көрді.
Түскі асты дайындауда түлкінің анасының машақаты көп болды: әрқайсысына не дайындайтынын білмеді.
Балалар, түлкінің анасына түскі асты дайындауда бір астың атын ойластыруға көмектесейік. Киш қандай асты ұнатады? Ұмытпаңдар, аты қысқа болуы керек. (Көже, сорпа, борщ, щи.)
Жиренқұйрыққа не дайындауға болады? Ұмытпаңдар, аты ұзақ сөз болуы керек. (Түшпәра, қызылша көжесі, т.с.с.)
Түлкі-мама Киш үшін қандай екінші тамақ әзірлейді? (Палау, рагу, ботқа,).
Екінші түлкі үшін ше? (жұмыртқа, тефтели, макароны.)
Үшінші тағамға Киш не ала алады? (Шырын, шәй, квас, морс.)
Ал Жиренқұйрық ше? (Лимонад, қатық.)
Түлкінің мамасына өте жақсы көмектестіңіздер".