3 ұйымдастырылған оқу іс-әрекет Бағдарламалық мазмұны: Байланыстыра сөйлеу. Әдеби мәтінді ретімен, тастап кетпей және қайталамай айта білуге үйрету. Өз басынан өткендері бойынша аяқталған
әңгіме құра білу дағдысын қалыптастыру.
Грамматика. Сын есім және үстеудің салыстыру дәрежелерін құрай білуге үйрету.
Сөздік. Сын есімдер мен етістіктерге синонимдер және антонимдер таңдап алу.
Тілдің дыбыстық мәдениеті. Тәрбиешінің бастаған сөйлемді аяқтай білуге жаттықтыру.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің барысы: Педагог К. Д. Ушинскийдің "Төрт тілек " әңгімесін оқиды.
Сұрақтар қояды: "Бұл әңгімеде не туралы айтылған? Митяға қыс несімен ұнады? Балаға көктем несімен ұнады? Митяның жазда не есінде қалды? Күз туралы ол не айтты? Неліктен әңгіме "Төрт тілек" деп аталады?"
Мазмұндау үшін төрт баланы шақыруға болады. Әр бала жылдың бір мезгілі туралы мазмұндап берсін. Тапсырма екі рет орындалады.
Содан кейін тәрбиеші сұрақ қояды, жылдың қай мезгілі балаларға өте ұнайды, неліктен, күз, жаз, т.б. туралы өздері қысқаша әңгіме құрастыруға тапсырма береді. (Төрт жауаптан кем болмау керек.)
Тәрбиеші: "Жылдың әрбір жаңа мезгілі "Төрт тілек" әңгімесіндегі балаға оның алдындағыдан да жақсы болып көрінді".
Сендерге де жылдың қандай да бір мезгілі басқаларына қарағанда көбірек ұнайды, мысалы, жазда жақсы, ал күзде одан да жақсы, көктемде жылы, ал жаз жылырақ, т.б.
Тәрбиеші тапсырма береді. Аталған сөздерден әртүрлі тәсілдермен салыстыру дәрежелерін құрастырыңдар:
-таза... (тазарақ, одан да таза),
-биік... (биігірек, одан да биік)
-сымбатты... (сымбаттырақ одан да сымбатты),
-көңілді... (көңілдірек, одан да көңілді),
-жылы... (жылырақ, одан да жылы),
-күшті... (күштірек, одан да күшті) және т. с.с.
Келесі жаттығуда балалар алдымен синонимдер таңдап алады. Мысалы, Например: "Қыс келді" - " Қыс түсті"; "Гүл тердім" - "Гүл жинадым" және т. с.с.
Одан кейін мағынасы бойынша қарама-қарсы сөздерді таңдап алады:
Жақсы (жаман), суық (жылы), жүру (тұру), сөйлеу (үндемеу).
Соңында тәрбиеші түсіндріп айтады: "Көктем келді! Ал ол не әкелді? Мен бастаймын, ал сендер жалғастырыңдар:
" Көктем келді де ... әкелді" ( жылылық, гүлдер, т.с.с.).