Тіл дамыту бойынша тақырыптық жоспар
Қыркүйек
|
Қазан
|
Қараша
|
Балабақша
Күз
Нан
Көкөністер мен жемістер
|
Қыстайтын құстар
Ойыншықтар
Үй, отбасы
Жабайы аңдар
|
Күз (кеш түскен)
Көлік
Үй жануарлары
|
Желтоқсан
|
Қаңтар
|
Ақпан
|
Қыс
Ыдыс
Киім, аяқ киім
Жаңа жыл
|
Жабайы аңдар
Қысқы ойындар
Үй, отбасы
|
Көлік
Гүлдер
Мамандық
|
Наурыз
|
Сәуір
|
Мамыр
|
8 наурыз
Менің Қазақстаным
Көктем
Гүлдер
|
Жыл құстары
Спорт
Көктем
Шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа
|
Ағаштар
Жыл мезгілі
Таяуда мектепке барамын
|
Тіл дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті жоспарлау үлгісі
1 ұйымдастырылған іс-әрекет
Бағдарламалық мазмұны:
Байланыстыра сөйлеу. Ертегі құрылымы (басы, соңы) туралы түсініктерін бекіту. «Түлкі мен ешкі» ертегісін әңгімелеп беруде мәнерлі құралдарды қолдануға үйрету.
Сөздік және грамматика. Зат есімдерге анықтама таңдай білуге және оны сәйкестендіре алуға, белгілері бойынша заттарды табуға үйрету.
Тілдің дыбыстық мәдениеті. Жаңылтпашты әртүрлі дауыспен (қатты, жай, сыбырлап) айтуға үйрету. Дыбысталуы ұқсас сөздерді таңдай алу дағдысын бекіту. Көрнекіліктер: түлкі бейнеленген сурет.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы:
Тәрбиеші жұмбақ жасырады:
«Сайқымазақ құлағы бар,
Барған жерде ұрлығы бар.
Бұл қандай аң. Ұғып ал» немесе
«Өзі бір қу жүрген жері айқай да шу – бұл не?». Берілген жауаптарды тыңдап, балаларға бірнеше түлкінің бейнесі салынған суреттерді көрсетіп, кез келгенін алуды және қандай түлкі бейнеленгенін айтуды (қызғылт, мамық құйрықты, әдемі, қу, т.б.) ұсынады.
Одан соң, педагог "Түлкі мен ешкі" ертегісін әңгімелей отырып, сұрақтар қояды: "Бұл ертегіде не туралы айтылған? Ол қалай басталады? Қалай аяқталады? Ертегіде түлкі қалай көрінді? Сендер оны неге қу деп ойлайсыңдар? Ал ешкі қалай бейнеленген? т.б."
Тәрбиеші тағы бір рет ертегіні әңгімелейді және балаларға қайталап айтуды ұсынады. Ертегінің мазмұнын толық айтуға, бейнелі сөйлеуге, диалогпен сөйлеуге (егер де ертегі рольді түрде берілетін болса) назар аударады.
Ертегі бірнеше рет әңгімеленген соң, тәрбиеші сұрақтар қояды:
"Ешкі қандай болды? Ол туралы қандай сөздермен айтуға болады? (сезбейтін, ақымақ, аңқау, ұқыпсыз, ақылсыз, т.б.).
Түлкі қандай болды? Ол туралы не айтуға болады? (әдемі, қу, ақылды, шапшаң, ширақ).
Құдық қандай болды? ( терең, суық, қараңғы, лай, лас, тар). Тағы не нәрсені суық дейміз? (қар, мұз, ауа, жел, қыс,) Суық, терең, мөлдір - бұл өзен бе әлде жылға ма? Көгілдір, шыны, сынғыш - бұл тәрелке ме әлде шыны аяқ па?"
Тәрбиеші грамматикалық жаттығуларды анық өткізеді. Бірақ сөздердің жалғауларын ерекше бөлмей, балалар зат есім мен сын есімді дұрыс қиыстыра алатындай болғаны дұрыс.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің соңында мектепке дейінгілер жаңылтпаш жаттайды. Және оны қатты, жай, сыбырлап айтады.
Балаларға жолды аяқтау ұсынылады: "Сен түлкі қайда болдың?" ("Көгал үстінде биледім"; "Бұта түбінде демалдым").
Достарыңызбен бөлісу: |