Анықтамалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу. Перспективтік жоспарды құрастыру



бет2/31
Дата25.05.2023
өлшемі160,51 Kb.
#97003
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Жансая тужырымдама

Міндеттер:


Тұжырымдама
Мектепке дейінгі ересек жасында бала ана тілінде жеткілікті түсінідіріп, сөйлей алады. Бұл балалардың жеткілікті тәжірибесімен (өткен уақыт мерзімімен салыстырғанда), интеллектуалдық қабілеттердің дамуы: әр алуан байланыстарды орната алуымен, жалпылап қорытынды жасай алуымен байланысты.
Адамдардың жаңа әлеміне, олардың қарым-қатынасының ерекшеліктеріне қызығушылық қарым-қатынастың жаңа басым түрін анықтайды. Бұл жастағы балаларға айналадағылардың сөйлеуіне және өзінің сөз саптауын бақылауға қатысты сыни, бағалаушылық қатынас тән.
Олар сөздерді өзгерте, жаңа сөздер ойлап таба белсенді тәжірибелер жасайды, сөйлеу іс әрекетіне шығармашылықпен кіріседі: жұмбақтар, ертегілер, әңгімелер ойлап табады.
Балада ерекше таным объектісі ретінде сөйлеуге қызығушылық пайда болады: оны сөздің дыбысталуы мен мағынасы, дыбыстық түрі, сөйлеудегі сөз тіркестері мен сөздердің қабысуы қызықтыра бастайды.
Мектепке дейінгі ересек жастағы баланың әңгімелесушінің назарын аударғысы келетіні мәнерлі, нық сөйлегісі келетіндігінен көрінеді. Бұл жаста бала тек дауыс ырғағын ғана емес, эпитет, салыстыру, метафора тәрізді мәнерлі сөйлеу әдістерін де меңгеруге қабілетті болады.
Мектепке дейінгі ересек жасқа жеткенде балалардың тілінің дамуында жеке ерекшеліктер байқала бастайды. Бірдей жастағы балалардың сөздік қоры, байланыстыру және грамматикалық сауаттылық жағынан, шығармашылық сөйлеу қабілеті жағынан айырмашылықтар айқын көрінеді.


Балалар тілінің даму жағдайын зерттеу
Мектеп алдында, тәрбиелеу мен оқытуға көшуіне байланысты, балалардың сөйлеу дайындығына баса назар аударылады. Ол үшін белгілі бір әдістемелік әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, балалардың тілінің дамуын жүйелі түрде зерттеп отыру керек.
Әдістемелік әдебиеттерде тәрбиешінің балалардың сөйлеуінің қандай жақтарын меңгермегенін, дыбыстарды айтуда қандай кемшіліктер жіберетінін, әр түрлі грамматикалық қателер барлығын анықтауына мүмкіндіктер беретін жекелеген әдіс-тәсілдер ғана беріледі.
Сауатты ана тілін меңгеруде балалардың жеке ерекшеліктерінің арасында айырмашылықтар өте зор.
Бірдей жастағы балалардың тілді меңгеру диапазоны өте кең екендігін бақылаулар көрсетті. Бұл балалардың тіл дамуының деңгейлерін анықтау критерийлерін тағайындауға көптеген қиындықтар келтіреді. Тағы бір қиындық, балалардың тілінің даму деңгейі оның әр түрлі бөлімдерінде - фонетика, лексика, грамматикалық құрылым, т.б., әр түрлі болады. Дегенмен, сөздік қоры бай балада сөйлеуді фонетикалық рәсімдеу жағынан елеулі кемшіліктер болуы мүмкін екендігін немесе оқиғаларды жүйелі, реттілігімен баяндаса да, грамматикалық құрылымында қателіктер жіберуі мүмкіндігін практика көрсетіп отыр.
Балабақшадағы тіл дамыту жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылып, жолға қойылуы тәрбиешінің топтағы барлық балалардың тілінің даму ерекшеліктерін білуімен тығыз байланысты. Бұл өз жұмысын дұрыс жоспарлауға, балалардың материалдарды меңгеруіне байланысты түзету жұмыстарын жүргізуіне жағдай жасайды. Балаларды таңдау арқылы зерттеу педагогқа балалардың материалдарды меңгеру дәрежесін бақылауға, жекелеген әдістемелік тәсілдердің, дидактикалық ойындардың, жаттығулардың тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.
Материалдардың меңгерілуін жүйелі түрде диагностикалау балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықты жүзеге асыруда маңызды
роль атқарады. Мектепке барғанда балалар шамамен бірдей тілінің даму деңгейіне ие болуы керек.
Жан жақты жекелей зерттеулер баланың тілінің даму деңгейін дәлірек анықтауға мүмкіндік береді, бірақ көп уақыт жұмсауды қажет етеді. Уақытты үнемдеу мақсатында таңдау арқылы зерттеумен қатар, сөйлеудің
әртүрлі тарауларын меңгеруін анықтауға мүмкіндік беретіндей біріктірілген тапсырмаларды қолдануға болады. Мысалы, баланың көркем әдебиетті білуін анықтау барысында, оған қандай да бір ертегіні әңгімелеу (немесе өлең оқу) тапсырылады, тексеруші бір мезгілде дыбыстырды айтуын, дауыс ырғағын, дауыс аппаратымен жұмыс істей білуін белгілеп отырады. Бала сурет бойынша әңгіме құрастыру барысында (байланыстыра сөйлеу дамуын айқындау) тәрбиеші қандай сөйлемдер қолданатындығына (сөйлеудің синтаксистік жағының қалыптасуын анықтау), қандай лексикалық құралдар пайдаланатындығына (сөздік қорын анықтау), қандай дыбыстарды таза айтып, қандайын айтуда қиналатындығына назар аударады.
Бір мезгілде топтың немесе топ бөлігінің жадығаттарды меңгеру деңгейін анықтау үшін кейбір әдістемелік тәсілдер мен тапсырмалар қолданылуы мүмкін, мысалы, жанрларды білу.
Балалардың тілінің даму деңгейін анықтау үшін оқу-тәрбие жұмыстарында және күнделікті өмірде жүргізілетін арнайы бақылаулардың маңызы зор. Педагог белгілі бір уақыт аралығында тек бақылау ғана жүргізбейді, бала тілінің кемшіліктері мен бағдарламалық материалдарды меңгеруіндегі алға басуларын, грамматикалық нысандарын меңгеруін де анықтап отырады.
Сөйлеуді зерттеу бақылау - тексеру сабақтарында да жүргізіледі, тәрбиеші баланың қандай тілдік материалдарды меңгергендігін анықтайтын тапсырмалар береді.
Бала тілінің дамуында елеулі ауытқулар болған жағдайларда ата-аналарымен әңгімелесулер жүргізіліп, оның мүмкін себептері анықталады, балаға көмектесу үшін кеңестер беріледі.
Балалардың сөйлеуін зерттеу мақсатында қолданылатын төмендегі материалдар балалардың сөздік қарым-қатынасының қалыптасыу деңгейін (қарым-қатынас мәдениеті) тағайындауға, сөйлеуді жүзеге асыру және оны қабылдау дағдыларын, лексикалық қорын, әңгімелей білуін анықтауға бағытталған әр түрлі тапсырмалардан тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет