Қалыпты тіл ұстарту үшін жағдайлар жасау Баланың тілін қалыпты ұстарту үшін қажетті жағдайларға оның мықты денсаулығы, орталық жүйке жүйесінің, есту мүшелерінің, сөздік-қозғау аппаратының қалыпты жұмысы және балалардың басқа да әрекетерінің алуан түрлілігі жатады. Сонымен қатар бала тілінің мазмұнын қамтамасыз ететін тікелей қабылдауының байлығын, педагогтардың жоғарғы кәсіби деңгейін жатқызуға болады. Бұл жағдайларды жасау үшін табандылық пен көп тер төгу керек; ол мектепке дейінгі мекеменің дәстүріне айналу үшін үнемі қолдау көріп отыруы қажет.
Әсіресе есту мүшелерін қорғауға көңіл бөлінуі керек. Сөйлеу мүшелерінің тазалығына, өкпе мен тыныс алу мүшелеріне қамқорлық та жатады, яғни балабақша мен үйде дұрыс ауа режимі сақталуы тиіс.Балалардың нәзік жоғарғы тыныс алу мүшелерін арнайы шынықтыру мен дер кезіндегі емдеу қажет етіледі. Балаларды стоматологтар, ларингологтар жүйелі түрде тексерістен өткізіп отыруы тиіс.
Гигиеналық жағдайлар жасаумен қатар педагогтар мен ата-аналар назарын балалардың сөйлеу органдарын қорғауға бағытталған мәдени дағдыларды қалыптастыруға аударылуы керек. Балаларды өз бетімен ауыз, мұрын қуысын күтуге үйрету қажет: тамақтан кейін ауыз шаю, тісті дұрыс тазалау, жеке таза орамалды пайдалана отырып дұрыс сіңбіру. Ата-аналар мен педагогтар құлақ пен мойынды жергілікті шынықтыру арқылы сөйлеу органдарына кері ықпалын тигізетін суық тию ауруларының алдын алуға қамқор болуы тиіс.
Сөйлеу балаға әр уақытта үлгі болатынын ересектер естен шығармауы тиіс. Балалармен қарым-қатынаста үнемі ақырын, тартымды, дұрыс сөз болу керек, жаман сөздер қолдануға болмайды, сыпайылық дауыс басым болған жөн. Осылардың барлығы байқалмай балаларға көшеді.
Сөйлеудің грамматикалық жағына арнайы көңіл бөлінуі керек. Ересектер тілі балалар үшін арнайы үлгі болуы тиіс.
Алға қойған мақсаттарға жету үшін және тіл дамыту бағдарламасын толық меңгеру үшін 6-7 жасар балаларға арналған тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің тақырыптық жоспарларының нұсқасы ұсынылады.