2 ұйымдастырылған іс-әрекет Бағдарламалық мазмұны: Байланыстыра сөйлеу. Құрастыру туралы бұрынғы алынған білімдерін қолдана отырып, сурет бойынша сюжетті әңгіме құрау. (басы, негізгі бөлім, соңы); алдын-ала берілген бейнелеу бойынша, өзбетімен оқиғалар ойлап шығару.
Сөздік. Сөздік қорын байыту (тақырыптар "Мектеп" және "Күз"). Заттың немесе құбылыстың маңызды белгілерін салыстыруды, жалпылауды, бөліп алуды үйрету.
Грамматика. Берілген сөз бойынша түбірлес сөздерді таңдап алуды үйрету.
Тілдің дыбыстық мәдениеті. "С" және "ш" дыбыстарын айыра білуін жаттықтыру. Дауыс ырғағымен мәнерлеп сөйлеуді дамыту.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы: Тәрбиеші "Мектепке бара жатқанда" суретін көрсетіп, оны жақсылап қарауды ұсынады және сұрақтар қояды:
"Бұл суретті қалай атауға болады? Сендер неліктен балалар балабақшасына емес, мектепке бара жатыр деп ойлайсыңдар? (Олар мектеп формасын киген, қолдарында портфель ұстаған) Мектепке баратын балаларды бір сөзбен қалай атайды? (Оқушылар)
Оқушылардың портфелінде не бар? (Пенал, дәптерлер, оқулықтар) Бұл заттарды бір сөзбен қалай атауға болады? (Мектеп оқу құралдары)
Жылдың қай мезгілінде балалар оқуды бастайды?
Басқа жыл мезгілдерінен күздің айырмашылығы неде?
Тек қана күзде нелер болады? ( жапырақтар түседі, астық жинайды, құстар
жылы жаққа ұшып ктеді.) Күзде ауа-райы әртүрлі болады. Егер күн жарқырап, аспан ашық болса, онда күз туралы қандай сөздермен айтуға болады? (шуақты күз, алтын күз,) Егер де аспанды бұлт жапса, суық жел
соғып, жаңбыр жауып тұрса, онда күз туралы қандай сөздермен айтуға болады? (жауыншашынды күз, бұлыңғыр күз)"
Тәрбиеші "оқу, оқушы, оқытушы мұғалім" сөздерін балалар мұқият тыңдап, бұл сөздердің қандай ортақ бөлігі бар екенін айтуды ұсынады.
Келесі тапсырма - "Мектепке бара жатқанда" суреті бойынша әңгіме құрау.
"Алдымен мынаны айтыңдар, - деп түсіндіреді педагог, - бұл балалар мектепке келгенше не істеді, ал сосын суреттен не көргендеріңді әңгімелеңдер". (Бес жауаптан кем болмауы керек.)
Егер балалар суретте бейнеленгеннің алдындағы оқиғаларды ойлап табуға қиналатын болса, тәрбиеші әңгімені өзі бастайды, балалар жалғастырады: "Ашық, шуақты күздің бір күні балалар мектепке жиналды. Олар кештен бастап портфельдері мен оқулықтарын дайындады. Самат өте ерте тұрды, кешігіп қалуға қорықты. Оған досы Серік келіп, екеуі бірге мектепке кетті".
(Одан әрі балалар суретте бейнеленген оқиғаларды әңгімелейді.)
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің соңында "Мен мектепке барамын" сөйлемін әртүрлі, лепті (сендердің мектепке барғыларың келетінін бәрі түсінетіндей болсын) және сұраулы интонациямен, қайталап айтуын ұсынады.