Тақырып «Көлік» Мақсаты: Тәрбиеші ұсынған жоспар бойынша зерттеу жұмбақтарын құрастыруды үйретуді жалғастыру; тақырып бойынша белгі-сөздермн, іс-әрекет сөздермен балалардың тілін байыту; ал шылауын қолданып, салалас-құрмалас сөйлемдер құрастыруға үйрету; күрделі сөздердің құрылуымен таныстыру; жаңылтпаштар айтуда дауыс күшін реттей білуді дамыту.
Жабдықтар: көліктің әр түрлері бейнеленген суреттер; луноход, сүт тасушы машина, тікұшақ бейнеленген суреттер. Дидактикалық ойын "Кесілген суреттер
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс:көліктерді бақылау, бағдаршамға арнайы серуен, көлік туралы көркем әдебиет оқу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің барысы: Дидактикалық ойын "Қайсысы артық". Тәрбиеші сөз тізбегін атайды, ал балалар артығын тауып, неге олай ойлайтынын түсіндіреді.
-"Москвич", КАМаЗ, "Жигули", "Мерседес".
-Электропоезд, трамвай, самолет, поезд.
-Самосвал, эксковатор, бульдозер, комбайн, кеме.
-Біз сіздермен "Қайсысы - артық" ойынын ойнадық.. Біз не нәрселер туралы айттық ? (көлік туралы)
-Көлік адамға не үшін керек? (бір жерге бару үшін, жүк тасу үшін, т.с.с.).
-Біз көліктің әртүрлі қозғалатынын білеміз. Егер ауамен - бұл... (әуе) көлігі, оны атаңдар. Егер жермен - бұл ... (жерде жүретін) көліктер, оны атаңдар. Егер сумен - бұл ... (су) көлігі, оны атаңдар.
-Әрқайсыларыңның алдарыңда карточкалар жатыр. Оларды жақсылап қараңдар.
-Ал енді айтыңдар, сендер қандай көлікпен жүресіңдер, ал көршілерің ше? Мысалы,: "Мен велосипедпен жүремін, ал Дана қайықпен жүзеді".
Балалар көрші жұптарымен жұмыс істейді, барлығының жауаптары тыңдалады.
-Сендер көліктің көптеген түрлерін білесіңдер. Ал сендер білесіңдер ме, машиналарға ат қою үшін адамдар көп ойланды.
Күрделі сөздермен жұмыс - көлік аттары.
Тәрбиеші сүт таситын машина, тікұшақ, луноход суреттерін көрсетеді.
-Бірінші машина қалай аталады? (сүт таситын машина)
-Неге олай аталған деп ойлайсындар? (сүт тасиды)
Осылайша басқа суреттермен де жұмыс істейді.
Сергіту сәті: Біресе жоғары,
Біресе төменде.
Тәрбиеші; Доппен жол жағасында ойнауға бола ма? Неге?
"Суретті жина " ойыны, сипаттау - жұмбағын құрастыру.
Бүгін бізге екі конверт әкелді. Әрқайсысына: "Акылды машина" деп жазылған. Бірақ конверт ішінен мен тек қағаз қиындындыларын ғана таптым. Қане "Ақылды машина" жинауға көмектесейік, бірақ бізге ол туралы сипаттау- жұмбағын ойластыру қажет. Бұл зат адамға не үшін қажет екендігін, қалай жүретіндігін, жалпы сырт пішіні қандай екендігін (түсі, өлшемі, қандай бөліктерден тұрады) әңгімелеп беріңдер.
Балалар үш топқа бөлінеді де, конвертті таңдап алады, суретті жинайды, сипаттау-жұмбагын құрастырады (самолет, теплоход, жедел жәрдем). Жауаптарды балалардың өздері бағалайды.
-Машиналар немен жүреді? (жолмен).
-Жолды басқаша қалай атауға болады? (трасса, шоссе).
Жаңылтпашпен жұмыс. -Жаңылтпашты тыңдандар және оны алдымен жай, одан кейін қатты, сосын сыбырлап айтыңдар.
-Жолай жолға жолаушылап шықты.
(Серуенде кім көп жаңылтпаш білетіндігі туралы байқау ұйымдастыруға болады)
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің қорытындысы