«Шығармашылық қате» Мақсаты: Қиял-елесін, тіл дамыту
Ойын негізінде орфографиялық қатені табу жатыр.
Сөздің бір әрпін әдейілеп басқа әріппен ауыстырып сөздің мағынасын өзгертуге болады. Мысалы, жылқы деген сөзді "мылқы" деп өзгертсек, бұл енді қиял-ғажайып жануарға айналады. Мылқы - дауыс шықпайтын мылқау, бірақ қанаты бар жылқы. Қауын - "дауын" дауыл соққанда қаңбақ сияқты ұшып жүретін керемет тәтті қауын.
«Домино» Үстел үстінде суреті төмен қараған карточкалар жайылған. Онда әр түрлі ертегілерден сюжеттер немесе сюжетті суреттер бейнеленген. Бірінші бала карточканы ашып, ертегіні бастайды. Баланың ой-қиялы шегіне жеткенде, ол келесі баланың иығына қолын салады, сол бала ертегіні өз бетінше жалғастырады.
«Сұраншақ» Бұл ойын қызықты өту үшін, ертегіден сюжеті бейнеленген суретті ерекше ашу керек. Бұл үшін"Лимпопо", "Қай ертегіден екенін тап" ... ойындарын қолдануды ұсынамыз. Ертегі кейіпкерлерінде қандай да бір кемшілік болуы керек. Мысалы сіз "Шатырда тұратын Карлсон" ертегісінің суретін аштыңыз. Оңайлықпен жауап бере алмау үшін, күрделі сұрақтар қою керек:
Карлсон шатырда неге тұрады? Ол неге тек қана тәттіні жейді? Ол пропеллерді қайдан алды? Үлкен бола тұра ол неге кішкентайлар сияқты тентектік жасайды?
«Болады-болмайды» Балалардың қиялын, алғырлығы мен ойлау саналығын дамыту.
Балалар бір-біріне кезекпен жұмбақ айтады. Егер жауап беруші баланың жауабы дұрыс болса, келесі жұмбақты ол айтады. Ал егер дұрыс болмаса кезегін өткізеді. Жұмбақтардың шын және жалған нұсқалары кезектесіп отырады. Мысалы, "Қасқыр орманда кезіп жүр" - "Қасқыр ағаштың басында отыр"...
«Крокодил» Балалар екі топқа бөлінеді. Ақыл-ой жекпе-жек ойынын бірінші бастайтын топтың өкіліне қарама-қарсы топтың балалары кұлағына бір сөз сыбырлайды. Өз тобына қайтып келіп, пантомимоны (дене қимылы) ғана қолданып, хабарлаған сөзді түсіндіруге тырысады.
Оның дене қимылдары топ ойыншыларының алдында нақты бір баламалар тудырады, сондықтан олардың мәнін түсіну үшін, топ ойыншылары сұрақтар қояды. Сөзді тапқанға дейін ойын жалғаса береді.
Содан кейін бұл топ қарсы топтың өкіліне өз сөзін айтады және әрі қарай ойын жоғарыдағы сызбаға байланысты жалғасады.
Ескерту: ойын баланың ойлау қабілетін дамытады, көңіл-күйін көтереді. Бір-бірін сөзсіз түсінуге үйретеді, сахналық қабілеттерін дамытады.