Анықтамалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу. Перспективтік жоспарды құрастыру



бет20/31
Дата25.05.2023
өлшемі160,51 Kb.
#97003
түріАнықтамалық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
Байланысты:
Жансая тужырымдама

12 үйымдастырылган оқу іс-әрекет


Тақырып «Менің Қазақстаным»
Мақсаты: суреттер бойынша сипаттау әңгімелерін құрастыруды үйрету; тақырып бойынша сөздік қорын байыту; жаңа ұғымдармен таныстыру; тілінде жай және күрделі сөйлемдерді қолдана алу біліктілігін дамыту.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: айналамен танысу сабағы. Наурыз туралы әңгіме.
Ұйымдастырылган оқу іс-әрекеттің барысы.
Тәрбиеші Казақстан туралы өлең оқиды:
Ен даласын егін жапқан,
Бар баласы бақыт тапқан.
Менің жерім, туған елім - Күн сәулелі Қазақстан.
Көкке тиген асқар тауы,
Жасыл киген бақша бауы.
Менің жерім, Туған елім-
Күн сәулелі Қазағстан.
-Бұл өлең не туралы? (Қазақстан туралы).
Тәрбиеші:
-Дұрыс, балалар. Біз Қазақстанда тұрамыз. Біздің отанымыз - Қазақстан.
-Отанды тағы басқаша қалай атауға болады? ( Туған жер, атамекен).
-Әр елдің өз рәміздері болады.
Дәптердегі жұмыс. (Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен туын қарастыру).
-Сендер нені көріп тұрсыңдар? (ту, елтаңба).
-Тудың көк түсі нені білдіреді?
-Ұшқыр түлпарлар нені білдіреді?
-Күн нені білдіреді?
-Қандай белгі үй, ошақ, бейбітшілікті бейнелейді? (шаңырақ).
-Бізде Қазақстанда әр ұлтгың өкілдері өмір сүреді. Мен сендерге сөзді жекеше түрде айтамын, ал сендер маған көпше түрінде айтасыңдар.
Казақ - казақтар, орыс - орыстар, неміс - немістер, украин - украиндар, өзбек - өзбектер, еврей - еврейлер.
-Біздің мемлекетте халық қалай тұрады? (тату, достықта)
-Достық сөзіне синонимдерді атаңдар. (ыңтымақтастық, бейбітшілік)
-Біздің елімізге келген мерекелерді халқымыз көңілді, достықта атап өтеді. Достарын қонаққа шақырады. Жақында қазақтың көктем мейрамы келеді.
-Бұл қандай мейрам? Ол қалай аталады? (Наурыз)
-Бұл өте көңілді мейрам. Айтындаршы, бұл мейрамға адамдар қалай дайындалады, кімді тосады, қандай тағам дайындайды?
Дәптердегі жұмыс.
-№2 суретке қарандар.
-Онда нені көріп тұрсыңдар?
-Бұл суреттерді қалай атауға болады?
-Жігіттер қалай көңіл көтеріп жатыр?
-Қыздар не істеп жатыр?
-Ақсақалдар мейрамды қалай қарсы алады?
-Мейрам аяқталғанда ауылда не болады?
«Ауылдағы Наурыз» суреті бойынша әңгіме құрастырындар. (3-4 бала)
Талқылау, әңгімені талдау.
Тәрбиеші ұл бала мен қыз баланың суретін тақтаға іледі.
-Бізге қонаққа Темір мен Әсел келді, олардың да мейрамға барғылары келеді, бірақ мерекелік киім таңдай алмай отыр,
Дәптердегі жұмыс.
-Суретке қарандар (тәрбиешіде "Машаны киіндір" ойынының түрі бойынша киімдер үлгісі бар).
-Нені көріп тұрсыңдар? (мерекелік киім). Осы киімнің нәрселерін, бөліктерін атандар.
-Біз қазір қонақтарды киіндіреміз де, қазақ киімінің аттарын білетіндеріңді тексереміз. Сендер күрделі сейлем құрастыруларың керек. Мысалы: Темір басына ... киді, ал Әсел ... киді.
Мақалдармен жұмыс.
-Әр халықгың өзінің көптеген мақалдары мен мәтелдері бар. Бірақ кейбір халықтың мақалдары басқа елдің мақалдарына ұқсас. Қазақтың мақалдарын тындап, оған сәйкес келетін орыс халық мақалдарын таңдаңдар және түсіндіріңдер.
Қазақ халың мақалдары Бейнетсіз зейнет жоқ. Еңбегіне қарай өнбегі. Не ексең, соны орасың. Нағыз батыр шайқаста сыналады.
Орыс халық мақалдары. Без муки и труда Достатка нет никогда. По труду и плоды.
Қорытынды




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет